«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент


-модуль. Жабық және ашық экономикадағы макроэкономикалық тұрақсыздық



бет31/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020
1 лекция — студент ЭМР
2-модуль. Жабық және ашық экономикадағы макроэкономикалық тұрақсыздық

Тақырып 8. Ақша-несие саясатының мақсаттары мен құралдары.

1.Банк жүйесі: Ұлттық банк жəне коммерциялық банктер.

2. Ақша-несие саясатының негізгі мақсаттары мен құралдары.

3. Ақша-несие саясатының түрлері мен типтері.


Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-сатумен де айналысады.

Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады[2]. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижсінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.

Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабыддау және беру арқылы құрылады.

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несиелік реттеуді анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттык банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюта-ларына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Ақша-несие - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің кызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макро-экономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз ақша жиынтығы жатады.



Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;

2) экспанциялық ақша-несие саясаты.

Рекстрикциялық ақша-несие саясаты екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін артыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциялық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, ішкі нарықтық бағаны тұрақтандыру [3, 2-3б].

Ақша массасының шамадан тыс артуы отандық және импорттық тауарларға шығындардың артуына, яғни бағаның өсіміне әкеледі. Егер қысқа мерзім ішінде отандық тауар өндірісінің ұсынысына икемсыздікпен ерекшеленсе, онда экономикадағы өсімнің жоғарғы нәтижесінде, инфляциялық қысым туындайды. Отандық тауар өндірушілердің шектеулі ұсынысының нәтижесінде біршама ақша қаражаты импорттық тауарларға беріліп, төлем баласының жағдайы нашарлайды.

Экономиканы жүйелі түрде өзгерту шаралары бойынша бағдарла-маларды жүзеге асыратын елдер, сыртқы баланстың теңсіздігімен, төменгі экономикалық өсіммен және жоғарғы инфляциямен сипатталынады. Мұның барлығы ақша агрегатарының қолайсыз қозғалыстарының нәтижесі.

Ақша-несие саясатының мақсаты төлем балансы, инфляция және экономикалық өсімге байланысты үкіметтің мақсаттарына елдің ішкі өтімділігінің өсімі сәйкестендіру. Кең мағанада алатын болсақ, қаржы саясатының мәні қаржы ресурстарының жинақталынуы және қолданылыуы процестеріне ықпалын тигізетін, экономиканың ресурстарды тиімді пайдалану дәрежесін анықтау болып табылады[4].

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің көптеген жылдардағы тәжі-рибесі тиімді экономикалық өсім және тұрақты баға деңгейін, тұрғындардың жұмыс бастылығына ықпалын тигізетін, айналымдағы ақша қаражатының іскерлік белсенділігінің көлемі үшін қажетті, ақша ұсынысын қамтамсыз етуі қажет.



Айналыстағы ақшанын саны К. Маркстің ашқан ақша айналасын заңымен реттеледі. Айналысқа қажетті ақша саны - айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бір ақша бірліктерінің айналыс жылдамдығы арасындағы белгілі бір сәйкестіктің болуын талап етеді. Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебінің ғалымдары, келесідей тепе-тендікті белгіледі:

Р Ү= TV+ DV (1)

мұндағы: Р - бағаның жалпы деңгейі;

Ү - өндіріс көлемі;

Т - ақша белгілерінің саны;

D- депозиттер

V және VІ-ақшаның және депозиттің айналыс жылдамдығы.

1929 жылы ұлы депрессиядан кейін ақшаның сандық теориясы өзінің күшін жоғалта бастады, себебі кейнсиандық теория ақша массасын емес, нақты экономиканы басқаруға көп көніл бөлді.

Соңғы он жылдықта етек ала бастаған инфляциялық процестер ағылшын, американ экономистерінің (мысалы, Милтон Фридмән) монетаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырады, себебі казіргі кездегі монетаризм ақша массасы мен өндіріс көлемінің өзгерісі арасындағы байланысты анықтауға ұмтылуда. Монетаристер ақшаны реттеу және күтілген өзгерістерді анықтау үшін қажетті мерзімдер арасында пайда болуы мүмкін үзілістерді ескере отырып, ақша массасын бірқалыпты және ұдайы реттеудің өсу қарқынынын "алтын" ережесін ұсына бастады[5,23б].

70-жылдардың басында көптеген елдерде жарияланған инфляцияға қарсы күрес қажеттілігі монетаризмнің жаңа ағынына әкелді және бұл өте қатаң ақша саясатының негізіне енді. Ол шынымен бірқатар елдерде инфляцияны тоқтатуға әсерін тигізді, бірақ бұл процесс жұмыссыздықтың қарқынды өсуімен қатар жургізілді.

Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуі айналысқа қажетті ақшаның жалпы көлемін қысқартады. Бұл, қарыз міндеттемелерінің көп бөлігі карыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу арқылы жабу жолымен түсіндіріледі. Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша санына кері әсер етеді. Неғұрлым тауарлардың көп бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналыс үшін ақшаның аз саны қажет етіледі. Оған қоса, мынаны ұмытпаған жөн: айналыстан алынған ақшаның белгілі бір саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы тұрақты ақша резервін қалыптастырады. Осының нәтижесінде, айналыстағы ақша санын анықтайтын заң келесі түрдегі формуламен беріледі:

Ас = Т б…с. – Н т. б. с. + Тс - Отмс + АР ( 2)

А

мұндағы: Ас - төлем құралы және айналыс құралы ретінде



қажетті ақша саны;

Тбс- тауар бағасынын сомасы;

Нт.б.с - несиеге сатылған тауар бағасынын сомасы;

Тс- қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төлем сомасы;

Отмс-өзара есептескен талаптар мен міндеттемелер сомасы;

АР- ақша резервтері;

А - ақшаның төлем және айналыс күралдары ретіндегі айналымның орташа саны.



Теңдікте көрсетілгендей экономикадағы ақша массасынын айналуы мүмкін себептердің бірі ретіндегі тауарлар бағаларының едәуір аз төленбеген төлемі болып табылады. Бұл жағдайда Тс шамасы кері таңбаға ие. Алайда, бұны Қазақстанда және басқа да елдерде, өнеркәсіптер арасында орын алған төлемсіздік мәселесін ақша массасын көбейту арқылы шешуге болады деуге болмайды. Мұның себептері көп: әлсіз төлем тәртібі, төлемсіздік тізбесінде потенциалды банкроттардың болуы, банкроттықтың тиімді тәжірибесінің болмауы, жекешелендіру процесінің аяқталмауы, төлем кұралдарының әлсіз дамуы және т.б. Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажетті ақша санын дәл анық-тауға мүмкіндік бермейді, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму факторларының жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анықтайды[5,23б].

Орталық банк экономикалық айналымға онын қажеттіліктеріне сәйкес, несиелеу жолдары бойынша қажетті несие ақшаларының массасын беретін, өзінің эмиссиялық және несиенің қызметін атқарады. Ақша екі түрлі формада болады: қолма-қол (монеталар және банкноталар) және банктік айналымның ақшалары, яғни банктік шоттардағы қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгілері. Ақшаның бұл екі формасы бір-бірімен тығыз байланысты. Банктік айналымның ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкін. Бұл мынадай жағдайларда болады, егер банктік шоттағы ақшалай каражатгардың иесі банк клиенті бұл қаражаттарды шоттан қолма-қол ақша формасында алатын болса. Керісінше, банкке салынған әрбір ақша сомасы клиенттің шотына жазылған болса, онда ол банктік айналымның ақшасына айналады және қолма-қолсыз ақшаны білдіреді. Ақша айналысының екі облысының бірлігі, яғни ақшаның қолма-қолсыз формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керісініше болуы ақша массасының өзіне қандай компоненттерді қамтитынын анықтауды талап етеді.

Теориямен қатар бұл мәселенін тәжірибелік те маңызы бар. Оны дұрыс шешу ақша айналысынын екі облысы үшін қажетті ақша массасын реттеудің белгілі бір әдістерін анықтайды [5,23б].

Ақша массасының кұрамы сол елдің несие-ақша жүйесімен анықталады. М1 ақша агрегатына қатысты бірегей көзқарас бар, оған айналыстағы нақты ақшалар мен мерзімсіз депозиттерді жатқызады. Кейбір елдер бұған барлық ағымдағы салымдарды, мысалға, Ұлыбритания - тек олар бойынша пайызбен есептелемейтін депозиттерді ғана жаткызады. АҚШ-та, сондай-ақ, М1-ге банктік емес мекемелермен шығарылған аккредитивті, Жапонияда - 7 күн бұрын алдын ала хабарлауға жататын депозиттерді жатқызады.

М2 және М3 агрегаттарды анықтау барысында елдер арасында мәнді айырмашылықтар бар. Францияда М2-ге М1 мен қоса, 4 жылға дейінге мерзімсіз депозиттерді; АҚШ-та жинақ шоттарындағы қалдықтарды, ақша нарығы қорларының акцияларын, АҚШ-ғы банктерде және шетелдегі банктердегі АҚШ резидентгерінін еуродолларларын; Ұлыбританияда; чек шығаруға болатын депозиттерді, бір ай бұрын хабарлайтын депозиттерді жатқызады.

Мз агрегаты және М2-ден басқа Францияда резидент еместердің ақшалай активтерін: мерзімді депозиттерді, кассалық бондар және қаржы мекемелерінің депозиттік сертификаттарын; Германияда - жинақ депозиттерін; Ұлыбританияда - мерзімді депозиттік сертификаттарды, валютадағы депозиттер мен сертификаттарды жатқызады.

Сонымен әрбір келесі агрегат өзінен кейінгі әлементті қосып отырады. Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымына мән беретін болсақ, онда ол төмендегідей: Мо - айналыстағы қолма-қол ақшалар;

М1 өзіне - М0-ді қосады, сонымен қатар шаруашылықтардың есеп айырысу немесе басқа депозиттік шоттарындағы қаражаттардың қалдықтары, капитал салымдарын қаржыландыру бойынша заңды тұлғалардың шоттарындағы, ұзақ мерзімді қаржыландыру мен несиелеу қорларының шоттарындағы, чектік және аккредитивтік шоттардағы қаражат қалдықтары, халықтың және заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары және т.б. жатады; М2 - өзіне М1 ді қосады, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын қамтиды;

М1 – М2-ге мемлекеттік займ облигацияларын қосу. Ақша агрегаттарының күрылымы ақша нарығы құралдарынын дамуымен өзгереді. Ақша массасының көбеюі бірнеше каналдар бойынша жүреді:

  • Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебінен;

  • Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуы жолымен;

  • Орталық банктің ел үкіметіне мемлекеттік бюджет тапшылығын
    жабу үшін несие беруі арқылы;

  • Орталық банктің бағалы металдарды, шетел валюталарын және мемлекеттік бағалы кағаздарды сатып алу жолымен;

  • коммерциялық банктердің салымдары жұмылдыру негізіңде чектер эмиссиясын шығару немесе займдар беру жолымен (депозиттер негізінде несиелік ақшаларды шығару);

Коммерциялық банктердің несиелік ақшаларды шығару интенсивтілігі депозиттерді міндетті түрде резервтер көмегімен реттеп отырады. Қаншалықты резервтеу нормасы жоғары болса, соғүрлым банктер несиелеу үшін аз қаражатты пайдаланады. Осыған сәйкес депозиттер негізінде несиелік ақшаларды жасау нтенсивтігі артады және ол ақшаны мультипликациялау коэффициентімен анықталады [6,20б].

.

Осыдан, ақша массасының көлемі Орталық банк жүргізетін ақша-несие саясатымен тығыз байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасының өсуін сақтау екенін көреміз. Мақсатты белгілеуде Орталық банк келесі көрсеткіштерді ескереді:



  • нақты бейнелеудегі ЖҮӨ-нің болжанатын өсімі;

  • жоспарлы кезеңдегі ақша айналысының есептелетін (жылдық ЖҰӨ
    номиналдык шамасының орташа жылдық ақша массасына қатынасы, біздің
    жағдайымызда Д2-ге) жылдамдығы;

  • жоспарланған кезеңдегі инфляция-ның максималды рұқсат етілген деңгейі.

Ақша массасы өсуінің бақылау көрсеткіштері елдің экономикалық потенциалының болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесін ескере отырып есептеледі. Бұл көрсеткіштің тәжірибе үшін де маңызы зор. Егер ақша массасы ақырын айналса, бұл ұлттық өнімді орналастыру коэффициентінің өте төмендігін білдіреді, ал ақша айналысының жедел қозғалысы қаражаттарды салыстырмалы түрде жылдам жұмсауды және жоғары конъюнктураны білдіреді. Ақша айналысының жылдамдығы ақша санына кері пропорционал, яғни мұндай айналыстын жоғары жылдамдығы қосымша эмиссияға қажеттілікті қысқартуы тиіс. Керісінше, ақша айналысының ақырын қозғалысы шаруашылық субъектілердін жинақтауға ұмтылысын, ақша массасы құрамында ұзақ мерзімді салымдардың өсуін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет