«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент



бет58/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020
1 лекция — студент ЭМР
Y = C + I + G + Xn

Ашық экономиканы кіші (шағын) және үлкен (ірі) деп бөледі.



Кіші (шағын) ашық экономика – кішігірім елдің экономикасы, оның әлемдік нарығындағы үлесі аз ғана, ол әлемдік пайыз мөлшерлемесіне айтарлықтай әсер ете алмайды. Сондықтан пайыз мөлшерлемесі сырттан берілген, экзогендік түрде қабылданады.

Үлкен (ірі) ашық экономика – оның ауқымына байланысты пайыз мөлшерлемесі елдің ішіндегі экономикалық процестер әсерінен қалыптасады. Ірі елдің экономикасы (АҚШ, Жапония, Қытай, Германия). Бұл елдер әлемдік қор жинағы мен инвестицияның едәуір бөлігіне ие болғандықтан әлемдік пайыз мөлшерлемесіне айтарлықтай әсер ете алады.

Ашық экономиканың негізгі белгілері:

- ЖҰӨ-дегі сыртқы сальдо квотасы;

- өндіріс көлеміндегі экспорт үлесі;

- тұтынудағы импорт үлесі;

- ішкі инвестицияға қатысты шетелдік инвестицияның үлесі.

Ашықтық деңгейі сыртқы сауда көлемі мен үкіметтің саяси бағытына байланысты. Мысалы: Ұлыбритания салыстырмалы ашық экономика болып табылады, өйткені ол сыртқы саудаға тәуелді. АҚШ экономикасы жабық экономикаға жақын, өйткені оның дамуына сыртқы сауда көп әсер етпейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет