Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығыТалқылау:
Амалдарды орындау ретін түсіндір.
Өрнектердегі амалдардың орындалу ретін өзгерткен кезде, нəтиже өзгере ме?
Жазу:
Құрамында барлық 4 арифметикалық амал бар, жақшалы жəне жақшасыз өрнектерді жазу.
Алдыңғы білімдер
Өрнек, қосу мен азайту, көбейту мен бөлу амалдары компоненттерінің атауы, амалдардың орындалу реті.
Жоспар
Жоспарланған уақыт (минут)
Жоспарланған іс-шаралар
Ресурстар
0-3
Қызығушылықты ояту.
Бүгін біз математикалық білімдерімізді толықтырамыз жəне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі əңгімемізді жалғастырамыз.
4-6
Өзектендіру.
Үлгі бойынша тексере отырып, карточкалармен жұмыс істеу.
Тапсырмалары бар карточкалар
36 : 4 + 32 : 8
27 + 21 : 7
8 · (65 - 56)
21 : 7 · 9
46 + 32 – 7 · 4
16 : 4 · 3
24 + 8 · 2
5 · (77 - 68)
7-11
Мақсат қою.
Сіздер қандай білімді жəне іскерлікті қолдандыңыздар?
Сіздер алдарыңызға қандай мақсат қоясыздар?(Өрнектердегі амалдарды орындау реті жөніндегі ережені қолдану іскерлігін тексеру.)
Оқулық, дəптер
12-29
Өзіндік жұмыс.
Оқулықтағы 1- тапсырма бойынша жұптық жұмыс жасауды ұсынады. Балалар математикалық ойынға қатысады – бір бала өрнекті оқиды (математикалық тұрғыда сөйлеу дұрыстығына, амалдар компоненттері атауларын пайдалануына назар аудару қажет), екіншісіжауабын атайды, сəйкес суретті табады жəне оның нені білдіретінін түсіндіреді.
2- тапсырманы орындаудың алдында мұғалім оның қандай ерекшелігі барлығын нақтылайды. (Санды жəне əріпті өрнектері бар.)
Шешуін дəптерге жазыңыздар.
Тексереміз. (Жауаптарды тақтаға жазу).
Тапсырманы орындау кезінде кім қателесті?
Қателік жіберудің себебі неде?
Оқулықтағы 4- тапсырма қайталауға арналған.
Сіздер нені қайталадыңыздар?
Сіздердің алдарыңызда қандай жұмыс түрі күтіп тұр? (Өзіндік жұмыс).
Қандай мақсатпен? (Қателіктер жіберетінімізді немесе жібермейтінімізді біздің өзіміздің қарап көруіміз үшін.)
Дəптердегі 4-тапсырмаөзіндік жұмыс үшін бағалау критерийі бойынша тексеруге беріледі.
Уақыт бітті. Өз жұмыстарыңызды үлгі бойынша тексеріңіздер.