Материалдары


мен есімдігін қолданудағы кейбір ерекшеліктер тҿмендегідей.  Қатар, іргелес айтылған сҿйлемдер қҧрамында  мен



Pdf көрінісі
бет207/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

мен
есімдігін қолданудағы кейбір ерекшеліктер тҿмендегідей. 
Қатар, іргелес айтылған сҿйлемдер қҧрамында 
мен
есімдігінің қайталануы екі тҥрлі мҽнерде ҧғынылуы 
мҥмкін. Біріншіден, автор қайталау арқылы сол сҿзге логикалық екпін береді. 
Мысалы: Мен сендерді басқадан бұрын көрем, 
 
 
Мен қолымды сендерге бұрын берем. 
 
 
Сендермен тек алысар жау табылса, 
 
 
Мен бəріңнен қолында бұрын өлем. [6.36] 
 
Екіншіден, сҿйлеушінің, ҿзі жайында ҽдеттен тыс сыпайылық сақтамауын байқататын тҽсіл есебінде де 
қолданылады. 
Б.Майлиннің «Бір адам» əңгімесінде мынадай жолдар бар: 
- Мен – мырза. Менде мал көп... Әкем шал, өледі. Малдың бəрі менікі... 
- Сен мырзасың... Какой черт сен мырза... Вот, мен мырза болсам... Солай ма, Иван? ... Мен мырза болсам, 
бүкіл қарашұнақты бір уысқа сыйдырар едім... Солай ма, Иван? ... Мен Ивандікіне қонаққа барар едім... Иван! 
Мен қонаққа барсам, сен қалаш бересің? ... Мен саған
арақ берем...[5.24]. 
Егер автор ҽр сҿйлем сайын 
мен
есімдігін қайталап қолданбаса, мҧндай экспрессия тумас еді.
 
Ҽдетте сҿйлем мҽні мҧндай экспрессивті ҿң алмас ҥшін, монологтарда мен есімдігі ҥсті-ҥстіне қайталана 
бермейді. Кейде бҥкіл абзац, бҥкіл текс бойында, ҽңгіме бірінші жақ атына баяндалса да, мен айтылмай қалып 
отырады. Қазақ тілінің қҧрылысы есімдіктерден болған логикалық бастауыштар айтылмай-ақ сҿздің қай 
жақтың атынан айтылып отырғанын тҥсінуге мҥмкіндік береді. Мына бір ҥзіндіге кҿңіл аударайық: 
...Бұл ойым 
өрлей-өрлей барып, қиын бір қамалға барып тіреледі: бір күні Ақбота сөйтіп жиырмадағы қыз болып тұра 
қалса, қайтем? Онда аузымның аппақ болғаны емес пе?... қайдағы жаман ой қайдан келіп қалып еді деп күні 
бойы қынжылам. Ақботаның ойына түсе көрме деп тілеймін [2.6]. 
Бҧл ҥзіндідегі сҿйлемдерге 
мен
 
есімдігін 
қосып айту авторға қиянат жасау болар еді.
Алайда 
мен
есімдігінің тҥсірілмей немесе тҥсіріліп айтылуы барлық уақытта осындай экспрессиялық 
мҽнмен ҧштасып келе бермейді. Кеңсе қағаздарында уақиға бірінші жақтың атынан баяндалса, сол бірінші 
жақтың, атап айтқанда, кім екендігін қалайда жазу қажет болады. Қолхаттарда, хаттамаларда, сенім қағаздарда 
т.б. «Мен, Дҥйсенбаев Сейсенбай, осы сенім қағазды Сабалақов Жартыбайға...» деп, 
мен
есімдігін ҽдейі 
тҥсірмей жазып отырады. Мҧның ҿзі – іс қағаздарының стандарттылығынан, қалыптасқан жазу стилінен туатын 
заңдылық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет