Мазм ұ н ы Кіріспе


Қосымша Терминдер және анықтамалар



бет38/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
мустапаева

Қосымша


Терминдер және анықтамалар

Осы құжатта келесі терминдер қолданылады:


Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген және оқушылар, ата-аналар мен педагогтар үшін түсінікті, білім мазмұнына және мақсатына сәйкес процесс.
Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама).
Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі (КБКМ)бағалау моделі, ол үш түрлі: қалыптастырушы бағалау, ішкі жиынтық бағалау, сыртқы жиынтық бағалау.
Оқу мақсаты – оқыту курсы барысында пәндердің оқу бағдарламасына сәйкес білімнен, дағдыдан, түсінуден және бейімділіктен күтілетін нәтижелерді тұжырымдайтын пайымдау.
Оқудың міндеті - сыртқы жиынтық бағалаудың тестік спецификациясында берілген бағалау саласы.
Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) - оқу бағдарламасына сәйкес сабақ беру және оқыту бөлігі ретіндегі мұғалімдердің жүргізетін ағымдағы бағалауы. Ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ) – тоқсан аяғында оқу блогын оқып бітіруде оқу дағдыларын және білімнің қалыптасқанын анықтайтын, мектептердің өзі дайындап және өткізетін бағалауы.
Сыртқы жиынтық бағалау (СЖБ) бастауыш, негізгі және жоғарғы мектептерді бітіргенде куррикулум және бағалау моделіне сәйкес оқу дағдыларын және білімнің қалыптасқанын анықтайтын, мектептен тыс сыртқы ұйымдар дайындап және өткізетін бағалау.
Тоқсандық баға – белгілі пайыздық қатынастағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау нәтижелерінен тұратын, ата-анаға берілетін және әр оқушыға жылына төрт рет қойылатын (әр тоқсан соңында) баға. Оқушыларды аралық аттестаттау – оқушылардың белгілі бір оқу дисциплинасының мазмұны бойынша барлық көлемде немесе бөлігін меңгергеннен кейінгі өткізілетін жұмыс түрі.
Қорытынды аттестаттау - әр сыныпта әр пәндер бойынша бағалаудың барлық нәтижелері түрі негізінде құрастырылған әр оқушыға жылдық (сыртқы бағалауынсыз) немесе қорытынды (сыртқы бағалау есебімен) ата - аналарға берілетін және есеп беру үшін қойылатын баға.
Мұғалімдердің кәсіби қауымдастығы (МКҚ) – сабақ беруді және оқытуды зерттеу негізінде және инновацияның іс жүзінде тиімді дамуы үшін тәжірибе алмасуда бастамашы болатын мұғалімдер тобы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет