Мазм ұ н ы Кіріспе


Жаңа материалды қабылдауларын тексеруге арналған жаттығулар



бет33/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
мустапаева

Жаңа материалды қабылдауларын тексеруге арналған жаттығулар Мұғалім «Болжау», «Түсіндіру», «Айтып беру», «Бағалау» деген төрт терезеден (шаршы) тұратын кесте құрады. Жаңа материалды түсіндіріп болған соң ол оқушылардан берілген шаршылардың бірін таңдауларын ұсынады. Бұл арада мұғалім әрбір оқушыға бұл әдіс арқылы өтілген тақырып бойынша өздеріне өздері тапсырма алып, орындайтындығын түсіндіріп өтуі қажет. Сонан соң олардың шаршыларды таңдауларына қарай мұғалім сұрақтар қояды.
Мысалы: Егер оқушы «Айтып беру» деген шаршыны таңдаса, мұғалім оған «Жаңа материалдағы негізгі идеяларды атап шық» деген тапсырма береді.
Ішкі және сыртқы шеңбер Оқушылар ішкі және сыртқы екі шеңбер құрады. Балалар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, өтілген тақырып бойынша бір-бірлеріне сұрақтар қояды. Сыртқы шеңберде тұрған оқушылар ауысып өздеріне жаңа жұптар құрады. Сөйтіп сұрақтар қою істері әрі қарай жалғаса береді.


Бір сөйлемде барлығын айтып беру
Оқушылардан оқытылған тақырып бойынша «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беретін бір-ақ сөйлем құруларын ұсынады.


Жазбаша түсініктеме (жазбаша кері байланыс)
Бағалаудың міндетті бір элементі – кері байланысты ұсыну. Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру кезінде мұғалім бағалау өлшемдеріне қарай өз түсініктемелерін жасайды және жеткен нәтижелерінің деңгейін бақылайды. Түсініктемелері анық және түсіндіре білуі керек. Жазба жұмыстарын тексере отырып, дұрыс жерлерін бір түспен, ал әрі қарай жетілдіру керек жерлерді екінші бір түспен белгілеп қоюға болады. Жазба жұмыстарға түсініктеме бергенде еске салу, ой айту немесе мысалдар көрсетуге болады.


Сөздік бағалау (ауызша кері байланыс)
Бағалау түрінің ең көп тараған түрі:
Мұғалім оқушыны жаттығуларды жақсы орындағаны үшін мақтады, осылайша ауызша кері байланыс орнатты. Осыған орай оқушылар берілген материалды немесе мағлұматты сәтті ұққандары жайлы түсінуіне болады. Мұғалім оқушыға жаттығуды орындағандағы қателерін көрсетеді. Ол оның жұмысына ешқандай белгі қоймайды, бірақ оны бағалайды. Нәтижесінде оқушылар жетістікке жетулері үшін одан әрі биік нәтижелерге жетуі керек деп ұйғарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет