Оқу дайындығын анықтайтын тест
Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар
Аналитикалық ойлау
16. Mәтіндегі бос орынды толтырыңыз.
Aю – жыртқыш аң. Ол […] орманда тіршілік етеді
Қысқы
Жақын
Шалғай
Ну
Алыс
17. Сөйлемдегі бос орынды толықтырыңыз
Mен тауық сорпасын жақсы көремін, өйткені […..] қорытылады.
Асықпай
Ақырын
Жеңіл
Ұзақ
Ауыр
18. Cөйлемді мағынасына сай толықтырыңыз
Біртектес сапалық ……..білдіретін қарама-қарсы мәні жағынан өзара тепе-тең, тілде үнемі бір-біріне қарама-қарсы мағынада қолданылып қалыптасқан сөздер антонимдер деп аталады
Зерттеуді
Пікірді
Ұғымды
Байланысты
Ойды
Kелесі тапсырмалар төмендегі мәтін бойынша
Қазіргі кезде полимерлер өндіру қарқынды дамуда. Мәшине жасау, радио және электротехника, құрылыс, сонымен катар кеме, авто, ұшақ, ракета жасау өндірісін, жеңіл өнеркәсіпті, тұрмысты полимерсіз көзге елестету мүмкін емес. Полимер бұйымдарының бұрын байқалмаған қасиеттері анықталып, өндіріске енгізілуде. Сондықтан полимер бұйымдары адамзат игілігіне айналып, техникалық өнердің, ғылымның жаңа қырынан дамуына өзіндік үлесін қосуда. Қазіргі кезде адамзат ғарыштық биіктер мен өте терең бұрғылау ұңғымаларын бағындыра отырып, күрделі электронды есептегіш мәшинелердің микроскопиялық тетіктерінен бастап, үлкен каналдар мен су қоймаларының гидрооқшаулағыштарын жасауға дейінгі барлық жағдайда полимер бұйымдарымен жұмыс істейді.
19. «Бұрын» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз
Әрең
Жаңа
Ертеректе
Қазір
Бүгін
20. Берілген мәтіннің мақсатын анықтаңыз
Полимер бұйымдарының қасиетін саралау
Полимердің көп түрлілігін көрсету
Жеңіл өнеркәсіптің ерекшелігін сипаттау
Полимерді пайдалану жолдарын таныту
Достарыңызбен бөлісу: |