Химияның зерттелуі
Химияның қоғамдағы маңызы
Химиялық реакциялар
Химия ғылымының пайда болуы
24. «Жетістіктерін» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз
Пайдасын
Реакцияларын
Табысын
Элементтерін
Өнімін
Tалант дегеніміз не? Ол бір нәрсеге, мысалы, музыкаға, әдебиетке, сурет өнеріне деген зор қабілет. Талантты болу тек музыкант, ақын немесе суретшіге ғана тән емес. Кез келген мамандық иелерінің ішінде қабілеттері мен таланттылары кездеседі. Әрбір адамның өзіне тән қабілеттілігі болады. Ол еңбек пен әрекет үстінде ғана дамиды. Халықтың «талант дегеніміз еңбек» дейтіні сондықтан.
25. Берілген мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз
Талант
Халықтық қабілет
Өнер иесі болу
Мамандық
Еңбек
26. «Зор» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз.
Шағын
Ауқымды
Орташа
Үлкен
Кішкентай
27. Берілген мәтіннің мақсатын анықтаңыз
Талдау
Салыстыру
Пікір білдіру
Анықтама беру
Зерттеу
Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, «тыштырма» жасап алып, баланы бесікке бөлейді. Бесікке салған адамға «бесікке салар», яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады.
28. Берілген мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз
Бесік жыры
Кәделі сый
Қуанышты күн
Бесікке салу
Отпен аластау
29. «Бөлейді» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз
Жату
Қою
Ойнату
Тұрғызу
Салу
30. Берілген мәтіннің мақсатын анықтаңыз
Салыстыру
Ғылыми зерттеу
Талдау
Пікір білдіру
Түсіндіру
Оқу дайындығын анықтайтын тест
Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар
Аналитикалық ойлау
1. Yгедей Шыңғыс ханның […] ұлы еді.
A) екінші
B) бесінші
C) төртінші
D) бірінші
E) үшінші
2. Cөйлемді сәйкес сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған зат есімдермен толықтырыңыз
Қайын жұрты- […],
Өз жұрты- […] ,
Hағашы жұрты- […].
A) міншіл, күншіл, сыншыл
B) мінеп, күндеп, сынап
C) міншіл, күндес, сынау
D) міншілдік, күндеу, сынау
E) мін, күнде,сына
3. Cөйлемді мағынасына сай толықтырыңыз
Зерттеу барысында алынған нәтижелер аталған тайпаның (рудың) өткені мен басқа жұрттармен байланысына арқау болатындығы .......
A) таныс
B) мүмкін
C) сәйкес
D) ақиқат
E) танымал
Kелесі тапсырмалар төмендегі мәтін бойынша
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақтың байырғы ауызша әдеби тілінің жаңа кезеңі басталды. Бұл кезең ұлттық жазба әдеби тілдің негізін қалады. Қазақтың ұлттық жазба тілі Ыбырай мен Абайдың мол әдеби, педагогикалық, публицистикалық, текстологиялық шығармаларында қолданылды. Жаңа жазба әдеби тіл өзінің әлеуметтік қызметі, стильдерге тарамдалуы жағынан ауызша дамыған байырғы әдеби тілден де, кітаби тілден де өзгешеленіп тұрды. Байырғы ауызша әдеби тіл, негізінен, көркем әдебиетке, оның ішінде көбінесе поэзияға қызмет етіп келсе, жаңа жазба әдеби тіл әдебиеттің өзге салаларында: қоғамдық-публицистикалық, тіпті діни әдебиет үлгілеріне де қызмет етуге бағыт алды. Ауызша әдеби тілдің стильдік тармақтарға бөлінуі жазба тілге мүлде тең келмейді. Алғашқысы, негізінен, көркем поэзия мен шешендік сөздер стилінде ғана өмір сүріп келсе, ұлттық жазба тілдің көркем поэзиядан басқа көркем проза, публицистика, ресми іс қағаздары стильдеріндегі алғашқы үлгілері пайда болды. Жартылай ғылыми стильдің де нышаны байқалды. Қазақтың жазба әдебиетінің қалыптасып, даму барысында ұлттық поэзияның орны ерекше.
4. «Нышаны» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз
A) белгісі
B) бояуы
C) атауы
D) есімі
E) түсі
5. Берілген мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз
A) Жазба тілдің қалыптасу кезеңі
B) Ресми іс қағаздар стилі
C) Стиль, оның түрлері
D) Ауызша әдеби тілдің сипаты
E) Жартылай ғылыми стиль
6. Берілген мәтіннің мақсатын анықтаңыз
A) Стиль түрлеріне тоқталу
B) Жартылай ғылыми стильдің белгілерін айқындау
C) Ұлттық жазба әдеби тілдің қалыптасуын саралау
D) Ресми іс қағаздар стилінің нышанын айқындау
E) Ауызша әдеби тілдің сипатын анықтау
Kелесі тапсырмалар төмендегі мәтін бойынша
Қазіргі кезде жаратылыстанудағы ғылыми зерттеулер шеңбері айрықша кең. Жаратылыстану ғылымдар жүйесіне негізгі ғылымдар – физика, химия және биологиямен қатар көптеген басқа ғылымдар – география, геология, астрономия, тіпті, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар шекарасында тұрған ғылымдар да, мысалы, психология енеді. Психологтардың мақсаты адам мен жануарлардың мінез–құлықтарын зерттеу болып табылады.
7. Берілген мәтіннің мақсатын анықтаңыз
A) Жаратылыстану ғылымдар жүйесі
B) Адамның мінез-құлқын зерттеу
C) Жаратылыстанудың зерттелуіне сараптама жасау
D) Жаңа бағыттағы зерттеулерді таныту
E) Психологтардың міндетін көрсету
8. «Айрықша» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз
A) шамалы
B) айырма
C) ерекше
D) басқаша
E) қысқаша
9. Берілген мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз
A) Жаратылыстың пайда болуы
B) Гуманитарлық ғылымдар
C) Зерттеуші ғалымдар
D) Жаратылыстану ғылымдары
E) Ғылымның қалыптасу тарихы
Kолумбияда ерекше демалыстар бар. Соның бірі – жалқаулар күні. Ол күні колумбиялықтар көшеге өз дивандарын, кереуеттерін шығарады, сосын күні бойы сонда жатады. Бұл мерекенің мақсаты – уайым мен стресс, шаршау синдромымен күресу.
Италияның Иврей қаласының тұрғындары жыл сайын ақпанда тәуелсіздік үшін күрес өткізеді. Бұл күрес әлем халықтарына «апельсиндер соғысы» деген атаумен мәлім. Өйткені қатысушылар апельсин қолданады. Мерекеге қатысушылар ақ киім киеді.
10. «Мәлім» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз
A) түсінікті
B) хабарсыз
C) белгілі
D) ашық
E) белгісіз
11. Берілген мәтіннің мақсатын анықтаңыз
A) ақпарат беру
B) анықтама беру
C) пікір білдіру
D) дәлелдеу
E) талдау
12. Берілген мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз
A) Ерекше демалыстар
B) Мерекеге дайындалу
C) Әлемдік мереке
D) Мерекелер
E) Мерекеге арналған киім
Kелесі тапсырмалар төмендегі мәтін бойынша
Этимология – тіл білімінің жеке сөздер мен морфемаларының шығу тарихын зерттейтін саласы. Этимология, негізінен, екі салаға бөлінеді: ғылыми және халықтық этимология. Ғылыми этимология – сөз төркінін, морфемалар тарихын, дамуын дәл анықтап, ғылыми түрде түсіндіруді мақсат етсе, халықтық этимология деп кейбір адамдардың қайсыбір сөз мағынасын өзінше тұспалдап, өзінше топшылау жасап, түсініктеме беруін айтамыз. Қызықты этимология – сөз төркінін ашуда ғылыми этимологияға тереңдеп бара білмейтін, дәйектілігі белгілі бір деректермен шектелген, сөздердің сыртқы тұлғасы және бөлігі контекстегі мағынасымен қанағаттанатын, бірақ өзінің сиқырлы сырымен жұртшылықты қызықтырып, қалың бұқара арасына тез тарап кететін этимологиялар болып табылады.
13. Mәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз
A) Ғылыми этимология қалың бұқара арасында тез тарап кетеді
B) Жеке бөліктері контекстен ғана анықталатын ерекше тіл саласы
C) Бұл сөздер сиқырымен жұртшылықты қызықтырады
D) Этимология, оның салалары
E) Этимологияның салаларына фразеология, синтаксис жатады
14. «Тұспалдап» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз
A) Тұжырымдап
B) Жорамалдап
C) Суреттеп
D) Нақтылап
E) Мөлшерлеп
15. Mәтінде берілген ойды әрі қарай жалғастырыңыз
Этимология ғылымы тілдің тарихымен, сөз семантикасымен .......
A) тез тарап кетеді
B) өзінше тұспалдайды
C) бөлініп жатады
D) тығыз байланысты
E) байланысты бөлінеді
Достарыңызбен бөлісу: |