Іс-әрекет алгоритмі:
Регидратациялық терапия бұрышын медицина қызметкерлеріне балаға қарауға, консультация жүргізуге ыңғайлы жерде орналасуын қадағалаңыз
Геридратациялық терапия бұрышының жақсы желдетілуін, дәретхана мен қолжуғыштан алыс орналаспауын қадағалаңыз
Регидратациялық терапия бұрышына қажет:
Балаға арналған төсек
Регидратациялық тұзды сұйықтықтарды дайындауға н\е қолданылатын материалдарды қоюға арналған үстел
Арқалығы бар үстел (анасына арналған)
Медициналық таразы орналастырылған тумбочка
Кішірек үстел н\е тумбочка – анасы регидратациялық тұзды ерітінді мен жазба жазуға арналған қағаз бен қаламды қоюға арналған
Шкаф (тұзды регидратациялық ерітінділер, 1 л банкалар, мөлшерлі стақандар, кесе, қасық және т.б. сақтайтын)
Қолжуғыш ж\е қол жууға арналған сұйық сабын
КБУ
Анасына санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу:
А) Ақпараттық плакаттар іліп қойыңыз:
Сусыздануды емду және алдын алу жөніндегі
Регидратациялық тұзды ұнтақ, таза су қолдану ж\е төспен емізу жөнінде
Төспен емізудің артықшылықтары жөнінде
Екпелер жөнінде
Қандай жағдайда медициналық мекемеге көмек сұрап келу керектігі жөніндегі ақпараттар жазылуы тиіс
Б) Ананың жаднамасы / Памятка матери анасына тікелей консультация жүргізіңіз
4.23. Стандарт «Жаңа туған сәбилерге және емшек жасындағы балаларға тазалау клизмасын жасау»
Мақсаты: тоқ ішекті тазалау
Көрсеткіштері: қатпалар, интоксикация, дәрілік клизма және газ шығаратын түтік қояр алдында, операция, эндоскопиялық тексерулер жүргізер алдында (ректоскопия, колонофиброскопия), асқорыту, бүйрек ж\е зәр шығару жүйесінің рентгенографиясы алдында
Достарыңызбен бөлісу: |