Мазмұны IV «Балалар ауруы» пәні бойынша кәсіби стандарттар


«Балалар ауруы» пәні бойынша кәсіби стандарттар



бет2/29
Дата14.12.2022
өлшемі77,01 Kb.
#162763
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
стандарты пед ЛД каз
Философия рефарат, Философия рефарат4, анализ 0 срезов, ВСРЗ 8 сынып алгебра каз, КТЖ 2023-2024ж.ж.5-11сынып Математика
«Балалар ауруы» пәні бойынша кәсіби стандарттар
4.1. Стандарт«Ерте жастагы балалардың дене салмағын анықтау»
Мақсаты:баланың физикалық дамуын бағалау
Дайындаңыз:медициналық табақша таразы немесе медициналық электронды таразы, таза жаялық (жаңа туылғандарға – стерильді), резеңкелі қолғап, дезерітіндісі бар сыйымдылық, өңдеу үшін ветошь, КБУ, баланың даму тарихы, қалам.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
Медициналық табақша таразыда дене салмағын өлшеу:
1.Анасына шараның мақсатын және ретін түсіндіріп, келісімін алу.
2. Таразыны ешқандай зат тимейтіндей, тегіс әрі қатты жерге орналастырыңыз.
3.Килограммдық және граммдық гірлерді «0»-ге келтіріңіз.
4.Қолды гигиеналық деңгейде жуып, резеңкелі қолғапты киіңіз.
5.Таразының табақшасын дезерітіндіге малынған ветошьпен өңдеңіз.
6.Құлыпты ашып, қарама-қарсы салмақпен тұтқаларды бір деңгейге келтіріп, құлыпты жабыңыз.
7.Бүктеулі жаялықты табақшаның үстіне қойып, тұтқалар бір деңгейге келетіндей граммдық гірді қозғалта отырып, оның салмағын анықтау.
8.Құлыпты жауып, жаялықты төсеңіз.
9.Баланы таразы табақшасына жалпақ жағына басымен жатқызып немесе отырғызып орналастырыңыз.
10.Құлыпты ашып, граммдық және килограммдық гірлермен жұмыс істей отырып, тұтқаларды теңдестіріңіз.
11.Құлыпты жауып, баланы таразыдан алып, анасына беріңіз.
12. Гірдің сол жағынан баланың дене салмағының көрсеткіштерін анықтаңыз (жаялықтың салмағын алып тастау)
13.Баланың дене салмағының көрсеткішін баланың даму тарихына енгізіп, анасына хабарлаңыз.
14.Жаялықты алыңыз.
15.Таразы табақшаларын дезерітіндіге малынған ветошьпен өңдеңіз.
16. Резеңкелі қолғапты шешіп,КБУ-ға тастаңыз.
17.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Медициналық электронды таразыда дене салмағын өлшеу:
1.Анасына шараның мақсатын және ретін түсіндіріп, келісімін алу.
2. Таразыны ешқандай зат тимейтіндей, тегіс әрі қатты жерге орналастырыңыз.
3.Қолды гигиеналық деңгейде жуып, резеңкелі қолғапты киіңіз.
4.Таразының тұғырнамасын дезерітіндіге малынған ветошьпен өңдеңіз.
5.Арнайы батырманы баса отырып, таразыны іске қосыңыз. Қосқан уақытта таразы бетінде «888888» цифрларынан «000000» цифрларына ауысатын ауыспалы тіркес пайда болады.
6.Тұғырнама үстіне жаялықты жайып, оның салмағын анықтау – таразы бетінде жаялықтың массасы және kq көрсеткіші пайда болады.
7. Баланың салмағын өлшеу барысында жаялықтың массасы есептелмес үшін «Т » батырмасын басыңыз – таразы бетінде нөлдер және NET көрсеткіші пайда болады.
8.Баланы тұғырнамаға жатқызыңыз – баланың дене салмағының көрсеткіштері пайда болады.
9.Баланы таразыдан алып, анасына беріңіз.
10.Баланың дене салмағының көрсеткіштерін баланың даму тарихына тіркеңіз және анасына хабарлаңыз(көрсеткіш 35-40 сек аралығында жанып тұрады).
11. Жаялықтың массасын алып тастау үшін, «Т» батырмасын басыңыз.
12.Арнайы батырманы баса отырып, таразыны сөндіріңіз.
13.Резеңкелі қолғапты шешіп, КБУ –ға салыңыз.
14. Қолдарыңызды жуып, кептіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет