Мәдениеттану


МИФ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕЖЕЛГІ АДАМДАР ӨМІРІНДЕГІ РӨЛІ



бет12/12
Дата07.02.2022
өлшемі29,66 Kb.
#93242
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Мәдениеттану

9. МИФ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕЖЕЛГІ АДАМДАР ӨМІРІНДЕГІ РӨЛІ
Ежелгі дәуір мәдениетінің дүниетанымы – миф. Ежелгі миф – аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың сиволдық (рәміздік) мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны және уақытты әрі игеріп, әрі түсінді. «Миф алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен ғылымның, дін мен моральдың, рационалды әсердің элементтері бар» (А.Қасымжанов).
Мифологиялық дүниетанымның кіндігі – кеңістік пен уақытты адаммен жақындастыру талпынысы, бағдары. Мифологиялық уақытта адам мен табиғаттың арасында алшақтық жоқ. Миф алғашқы адамдардың тіршілігінің ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Мифологиялық уақыттағы сакральды (қасиетті) мағынасы бір мотив – адамның биологиялық өмірі, оның тууы мен өлімі. Қауымдағы ең бірінші бөлініс – жыныстық бөлініс. Оның негізінде мифологиялық сана уақыттан тыс тұратын алғашқы абсолютті бейнелердің бірі – Алғашқы Ата – ана туралы түсінікті қалыптастырады. Егер діни түсініктегі Адам ата мен Хауа ананы құдай жаратса, мифологиялық Арғы Тек – табиғат туындысы, тотем (киелі жануар). Мифологиялық уақыт бүкіл табиғатқа адамдық белгілерді танып, оны адамдандырады. Мифологиялық кеңістік - уақыт континиумда адам мен әлемнің арасында ешқандай алынбайтын кедергі жоқ.
Мифологиялық уақыттың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ. Оның мифологиялық уақыттың реальды уақытпен жақындығы. Алғашқы білім жеткіліксіздігінен реалды дүниені қиял, ойдан құрастырылған жасанды аналогиялық бейнелер арқылы түсіндіргенімен, ол ақылы шарықтаған Жаңа Заман адамынан табиғатқа жақын тұр. Мифологиялық тұлға реалды уақытты өзінің виртуалды ішкі, тылсмдық уақытымен қабылдайды және ол адамдық дүниемен бірге өтеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет