1.МӘДЕНИ-ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕРДЕ "МӘДЕНИЕТ" ҰҒЫМЫНЫҢ ТҮСІНІГІНІҢ МӘНІ.
Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Қазақ тілінде бұл термин арабтың «маданият» қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты, «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық.
Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағына берген. Цицерон еңбектерінде б.з.д. 45 ж. Бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие болды.
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
Мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармышылығының жиынтығы;