Орындаған: Дәулетқазы Ақторғын Ғылыми жетекшісі: Шарипбаева Асем С.Исаевтың грамматика мәселелеріне жазған еңбектері - «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты»;
- «Грамматикалық талдаудың тәсілдері»;
- «Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар»;
- «Қазақ тілінде сөз тіркестерінің дамуы мен лексикалану процесі».
Грамматикалық категория жай ғана грамматикалық мағына мен форманың бірлігі, жиынтығы ғана емес, сонымен бірге өзара шарттас, мәндес, бірақ іштей қарама-қайшылықтағы мағыналар мен формалардың жиынтығы екенін зерттеген.
Грамматикадағы етістік түбірі мен бұйрық райдың сәйкестігі, атау септік проблемасы, есімше, көсемше, қимыл есімдерінің сыр-сипатын ашып берді
Грамматикалық мағына, нольдік тұлға, көне тілдік тұлғалар, морфемалардың тарихи ерекшеліктері, сөзжасам тәсілдері, т.б. грамматиканың күрделі мәселелері жөнінде ғылыми терең талдаулар жасаған.
Профессор С.М.Исаев өз зерттеулерінде қосымшалардың семантикалық сипаты Ғалым қосымшалардың басты қасиетін, лексика-грамматикалық (семантикалық) сипаты – жаңа мағына, жаңа сөз тудыра ала ма, тудыра алмай ма деген критерийге негіздей отырып, сөзжасам қосымшасы мен форма тудыратын жұрнақтардың айырмашылығын көрсеткен.
Қосымшалардың мағыналық түрлері
Бір мағыналы және көп мағыналы қосымшалар
Синоним, антоним қосымшалар
Омоним қосымшалар
Функциялық қосымшалар
- Ең бірінші сөйлемнің баяндауышын анықтау;
- Баяндауыш арқылы сөйлем ішінен бастауышты табу;
- Баяндауышқа қатысты басқа мүшелерді табу, мысалы, толықтауыш, пысықтауыш;
- Баяндауышқа бағына байланысып тұрған сөздерді грамматикалық байланыстың ізімен сұрақ қою арқылы анықтау;
- Бастауышқа қатысты мүшелерді табу;
- Сұрақ сөйлемдегі сөздердің грамматикалық байланысының ізімен анықтап алған белгілі мүшеден белгісіз мүшеге сұрақ қою арқылы анықталады.
Грамматикалық мағыналар - Ғалым грамматикалық ұғымдар мəселесін өз алдына дербес зерттеу нысанына ала отырып, соның ішінде грамматикалық мағынаның төмендегідей үш түрін бөліп көрсетеді:
- жалпы грамматикалық мағына;
2) категориялық грамматикалық мағына; 3) қатыстық (синтаксистік) грамматикалық мағына. Грамматикалық мағыналардың жіктелуін ғалым Н.Оралбай зерттеулерімен салыстырғанда сөйлем ішінде келетін грамматикалық мағынаның басқа сөздермен байланысқа түсуінде ерекшеленеді. Пайдаланылған әдебиеттер: Пайдаланылған әдебиеттер: 1. С.Исаев «Қазақ тілі» – Алматы, 2007. –208 бет 2. Сыздықова Г. О. «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» – Алматы, 2012. – 160 бет - 3. С. Исаев «Қазақ тіл білімінің мәселелері» – Алматы, 2014. – 640 бет
Достарыңызбен бөлісу: |