Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне



бет1/2
Дата15.06.2023
өлшемі23,18 Kb.
#178856
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
Кошетерова Срсп кта-203 Устеу


Үстеу
Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың, сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді.Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейдіҮстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгіжәне туынды үстеу жатады.
Негізгі үстеулер түбір мен қосымшаға бөлшектенбейді. Мысалы: ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.
Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы;
2) кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы
1. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:
-ша, -ше: құсша, ізінше, балаша, бүркітше, жаңаша, бұлбұлша, жекеше;
-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: осылай, жүрелей, жаздай, күндей, көктей, асықтай, жапырақтай, жұлдыздай, арыстандай, т. б.
-дайын, -дейін, -тайын, -тейінбұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын, асықтайын, бүйректейін, тотыдайын, сұңқардайын, жорғадайын, балықтайын, т. б.
-шама, -шалық: соншама-соншалық, мұншама-мұншалық, т.б.
-майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша,-пейінше: оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша, көмектеспейінше, жүгірмейінше, сөйлеспейінше, сыналмайынша, күреспейінше, т. б;
2. Кейбір үстеулер түбірге септік жалғауының сіңісіп, көнеленуінен жасалады:
Барыс септіктің көнеленуінен: бекерге (жүрме), ертеңге (дейін), зорға (жетті), босқа (отырма),текке (күлме), т. б.
Жатыс септіктің көнеленуінен: өткенде (айтқан), байқаусызда (жығылды), қапыда (қалды), т .б.
Шығыс септіктің көнеленуінен: төтесінен (айтты), шалқасынан (құлады), т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет