Диплом жұмысы «5B020500-Филология: қазақ тілі»



бет1/2
Дата01.06.2022
өлшемі44,97 Kb.
#145667
түріДиплом
  1   2
Байланысты:
Мадина диплом
БАЛЖАН ЖОСПАР — копия, Путь абая 3-конвертирован

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ибраева М.Т.

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТЫ


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

«5B020500-Филология: қазақ тілі» мамандығы


Алматы, 2022


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

«Қорғауға жіберілді»__________


Қазақ тіл білімі кафедрасының
меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор ___________ Салқынбай А.Б.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТЫ»


«5B020500-Филология: қазақ тілі» мамандығы

Орындаған 4-курс студенті_________________________ Ибраева М.Т.


Ғылыми жетекші


ф.ғ.д., доцент ____________________________________ Жұбай О.С.

Норма бақылаушы


Оқытушы ____________________________________
Алматы, 2022
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТЫ

КІРІСПЕ


1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

2 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФУНКЦИОНАЛДЫ ҚОСЫМШАЛАР МӘСЕЛЕСІ


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ



Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда қазақ тіл білімі жаңа ғылыми парадигмаларды игеріп, антропоөзектік, функционалдық зерттеулер жүргізуде зор нәтижелерге жетіп отыр. Грамматикадағы функционалды бағыт жалпы тіл білімінің даму деңгейіне сәйкес өз дәрежесінде зерттеліп келеді. Дәстүрлі тіл білімін жаңа ғылыми әдістемелермен байытып, тілдік бірліктердің қолданыстағы мағыналық мүмкіндіктерін зерттеуге септігін тигізуде. Әсіресе қазақ тіл білімінде функционалды грамматика мәселелері орыс ғалымы А.В.Бондарконың бағыты бойынша жан-жақты қарастырылды. Оннан аса функционалды-семантикалық категориялар сипаттамалы, салыстырмалы, салғастырмалы аспектілерден зерттелді. Нәтижесінде тілдік бірліктерді жүйелеп қарарастыруды мақсат ететін құрылымдық грамматикадағы формадан мағынаға қарайғы зерттеулер керісінше мағынаға басымдық беретін мағынадан формаға қарайғы зерттеулермен ұштасты. Сөйтіп, тілдік бірліктердің бұрынғы тіл жүйесінде ашылмай жатқан нәзік тұстары айқындала түсті. Алайда функционалды бағыт қазақ тіл білімінде жүйелі түрде соңғы кездері зерттеліп жатқанмен, оның бастау көздері қазақ тіл білімінің дамуымен бірге бітеқайнасып келеді деуге толық негіз бар. Бұл заңды да. Өйткені адамзат дүниені тануда алдымен заттар мен құбылыстар туралы ұғым пайда болады. Содан кейін барып олар тілде қолданыс тауып, құрылымданады, жүйеге түседі. Сондықтан функционалды қосымшалардың тілдік табиғатын анықтау үшін жалпы түркологиядағы қосымшалардың терминдік аталымы мен жіктелу үлгілерін саралап алу қажет деп санаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет