Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Токсикология (балалар, ересектер)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет37/50
Дата05.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#130804
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
Байланысты:
±9@K››0 › AK H0

46. «Токсикология (балалар, ересектер)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
149. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, интернатура.
150. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Педиария», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде - 864 сағат/16 апта; ересектер токсикологиясы бойынша қайта даярлау циклі – 432 сағат/8 апта балалар бейіні бойынша; балалар токсикологиясы бойынша қайта даярлау циклі – 432 сағат/8 апта ересектер бейіні бойынша;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
151. «Токсикология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Токсикологиядағы инновациялық технологиялар»
«Токсикологияның, оның ішінде балалар жасындағы токсикологияның өзекті мәселелері»;
«Токсикологиядағы эфферентті терапия»;
«Токсикологиядағы дәлелді медицина мәселелері»;
«Токсикологиядағы реанимация және қарқынды терапия, оның ішінде балалар жасындағы»;
«Токсикологиядағы жедел шұғыл көмек, оның ішінде балалар жасындағы»;
«Токсикологиядағы клиникалық фармакология»;
«Токсикологиядағы зерттеудің зертханалық әдістерін түсіндіру»;
«Токсикологиядағы диагностикалаудың аспаптық және зертханалық әдістері».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет