Механикалық қозғалыс дегеніміз – уақыт өте келе кеңістіктегі дененің басқа денелерге қатысты орнының өзгеруі.
Кинематика дегеніміз – денелердің қозғалысын оның себептерін ескермей қарастыратын механиканың бір бөлімі.
Вектордың проекциясы – вектор басының проекция нүктесін вектор ұшының проекция нүктесіне қосатын кесінді
Үдеу – дененің қозғалыс жылдамдығының өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық шама. Ол жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс орындалатын уақыт аралығына қатынасы мен анықталады
Еркін түсу – денелердің ауасыз кеңістіктегі ауырлық күшінің әсерінен болатын қозғалысы.
Жиілік – дененің бірлік уақыт ішінде жасайтын айналым санын анықтайтын физикалық шама.
Бұрыштық орын ауыстыру-қозғалыстағы денені шеңбердің центрімен байланыстыратын радиустың бұрылу бұрышы
Бұрыштық жылдамдық – бұрыштық орын ауыстырудың осы орын ауыстыруға кеткен уақытқа қатынасына тең физикалық шама.
Инерттілік – дененің оған әсер етуші сыртқы күштер болмаған немесе олардың әсері теңгерілетін жағдай да бір қалыпты және түзу сызықты қозғалысын немесе тыныштық күйін сақтап қалу қасиеті