Мейірбикелік көмекті жоспарлау


Мақсаты:Студенттерге тірек-қимыл аппаратының жарақаты кезіндегі реабилитацияны үйрету. Оқыту нәтижесі



бет11/28
Дата12.12.2021
өлшемі85,43 Kb.
#99704
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
Мейірб кезең-1
КАП-каз, КАП-каз, КАП-каз
Мақсаты:Студенттерге тірек-қимыл аппаратының жарақаты кезіндегі реабилитацияны үйрету.

Оқыту нәтижесі:

Тақырыпты оқыту нәтижесінде студент білуі керек:

1. Реабилитация негіздері.

2. Медициналық реабилитация кезендері – өмірдің сапалы категориясы.

3. Реабилитациялық көмектің денгейі.

4. Физикалық тәуелсіздіктің шектеу деңгейі.

5. Сүйек, бұлшықет, жүйке, жүрек- қантамыр жүйесінің анатомия – физиологиялық негіздері.

6. Жамбас, аяқ – қол сүйектерінің жаралары, тірек – қимыл аппаратының аурулары кезінде күім принциптері және қалпына келтіру.

7. Аяқ – қол ампутациясынан кейінгі пациент реабилитациясы.

ДДСҰ(ВОЗ)(1980)анықтамасы бойынша медициналық реабилитация ауру немесе функция трамвасы нәтижесіндегі зақымдануды толық жазу егер ол мүмкін болмаса науқастың физикалық, психикалық және қоғамдық потенциалын оптимальды реализациясы, неғұрлым адекватты қоғамға инеграциялауға бағытталған активті процесс (McLellan DL.., 1997 Wade D.Б 1992).

Реабилитацияның жүйесі екі кезеңге жүктеледі.

1. Аурудың дамуының ескертуін және белсенді еңбекке жарамдылығын сақтауын жүргізу, яғни профилактикалық.

2. Жеке және толық қоғамдық-еңбек өмірлеріне ертеде еңбекке жарамсыз адамдарды оңалтып оралдыру, яғни бұлқорытындылық.

Реабилитация процесі үш кезеңмен шектеледі:

1. оңалту терапиясы;

3. реадаптациясы;

3. реабилитациясы.

I-кезеңнің басты мақсаты - ауруды белсенді емделуіне физикалық және психологиялық дайындау.

II-кезеңі - ауруды сыртқы жағдайының ығғайларына үйрету.

III- кезеңі - тұрмыстық дамуы.

Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) қаңқадан және бұлшықеттерден тұрады. Қаңқаның атқаратын қызметтері: қан жасау, қорғаныш ету, тірек болу. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофизгармоны соматотропин ықпал етеді.

Адам қаңқасында пішіні мен мөлшері және құрылысы бойынша ерекшеленетін екі жүзден астам сүйектер болады. Олардың барлығы дәнекер, сүйек түптектерінен (ұлпаларынан) құралады. Сүйек түптегінің химиялық құрамы ағзалық (12% оссеин нәруызы) және минералды заттардан (Са, Мg, Р тұздары - 22%) тұрады. Ағзалық заттар (оссеин нәруызы) сүйекке - серпінділік, ал минералды заттар (тұздар) қаттылық береді. Сондай-ақ сүйектің құрамында майлар (15%) және су (50%) да болады.

Сүйектердің барлығы ұзындығы бойынша ұзын (қабырға, жамбас) және қысқа (омыртқалар, саусақ, башпайлар) болып бөлінеді. Құрылысы бойынша барлық сүйектер түтікті (ортан жілік, саусақ башпайлары) және жалпақ( қабырғалар, жауырын) болып келеді. Түтікті сүйектің сыртқы кұрылысы буын түзетін сүйектерде «дене» және «бас- кішкене бас» болып бөлінеді. Сүйек денесі сүйекқаппен қапталған, сүйекқаптың жасушалары есебінен сүйектің ішкі қабаты жуандап өседі. Сүйекқаптың астында тығыз, тұтас зат болады, қуыстың ішін сары сүйек кемігі - май тәрізді зат толтырады. Сүйектің кішкене басын тегіс гиалинді шеміршек қаптап, буындардағы үйкелісті және түтікті сүйектердің ұзынынан өсуін кемітеді. Сүйектің басында кеуекті зат болады. Түтікті сүйектер дегеніміз - бұл қол-аяқ (білек, шынтақ, көрі жілік немесе қар жілік, ортан жілік, асықты жілік сүйектері) және саусақ башпайлардың ұзын сүйектері. Қалған сүйектердің барлығы (немесе жарым-жартылай қуысты) сүйектер болып саналады. Олардың барлығының сыртын сүйекқап қаптап, соның есебінен барлық бағытта сүйек өседі. Сүйектің ішкі жағы сүйектің қызыл кемігі- ағзаға толы болады, қан жасушаларының барлығы сол ағзада түзіледі. Сүйектердің барлығы тек қана балаларда сүйектің қызыл кемігіне толы болады да, ересектерде сүйек тек қуыс болып келеді.

Қаңқа сүйектері бірімен-бірі үш амалмен: қимылсыз (бітісу, сүйек тігісі); жарым-жартылай қимылды немесе аз қимылды (сүйектердің аралығындағы шеміршекті қабатшалары) және жылжымалы буындар жолымен байланысады. Бассүйек (астыңғы жақсүйек буынынан басқа), жамбас және омыртқа бағанының сегізкөз- құйымшақ бөлімдерінің сүйектері жылжымай, қимылсыз байланысқан. Жартылай байланысқан сүйектерге омыртқалардың, қол ұшы және аяқ басы (білезік, алақан, табан қоспасы, аяқ басы), қабырғалар және төс сүйек (10 жұп) сүйектерінің өзара байланысы; жаңа туған (шақалақ) және нәрестенің (еңбек) милық бөлігінің сүйектері жатады. Еркін қозғалатын қол-аяқ сүйектері және олардың белдеулері (иық, шынтақ, көрі жілік-білезік, жамбас-ортан жілік, тізе, сирак-аяқ ұшы), омыртқа бағаны мен бассүйек және саусақ башпайларының сүйектері қозғалмалы сүйектер болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет