Дамыта оқыту принципі
Оқыту процесінде бала белгілі бір білімге ие болады. Алайда оқыту деген ересек адамның басынан білімді алып, баланың басына аудару салу емес. Кедергі сол,игеру процесінде баланың ақыл-ой дамуы тиіс, білімге қызығатын болуы тиіс, белгілі бір қарым-қатынас қалыптасуы тиіс.
Тәрбиелей оқыту тұтасынан баланың жеке басын дамыту жағына бағытталған.
Кішкене балаларды элементар математикалық білімдерге тәрбиелей оқыту принципі ең алдымен балаларды сандық,кеңістік және уақыт қатынастарын тануға әкеледі. Әлем балаға жаңа байланстар мен қарым-қатынастар тұрғысынан ашылады. Ал жаңа көрініс болса, тіпті жақсы таныс нәрселердің де , балалардың оларға жаңа қатынасын қалыптастырады,олардың танымдық қызығушылығына себеп болады, білуге құмартады.
Оқытатын сабақтарды жоспарлағанда,қандай болмасын программалық мәселені жүзеге асырғанда тәрбиеші сабақ жүйесін әбден ойланады, оқыту кезеңін белгілейді, балаларды қызықтыратындай материалды жинастырады,нұсқауды ( көрсетулерді балаларға қойылатын сұрақтарды) талдайды. Балалардың реакциясын және қалай басшылық жасайтынын алдын ала ойластырады,балаланың ойын жандандыру тәсілдеріне ,коллективтің қарым-қатынасына , өздігінен қалай жұмыс істейтіндігіне де ой жүгіртеді.
Тәрбиелей оқыту нәтижесінде балаланың ақыл-ойы мен сөзі ғана дамып қоймай,оның жеке басының даму бағыты да өрістейді (өзіне деген, жолдасқа деген,өз ісіне жәге тәрбиешіге деген және т.б. қарым-қатынасы) Оқыту салдарынан баланың танып білуге қызығушылығы мен оқытудың мақсаты мен мәселелеріне ,сондай-ақ балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіре отырып оқу материалын сұрыптау және оқыту методтарын іріктеу болмақ.
Мектеп жасына дейінгі балалардың алдына ең алдымен барлық формаларымен ,бояуымен қоса, көптеген байланыстармен қоса бүкіл әлемді жайып салу керек.
Баланың ақыл күшін бағалау критерийі дегшеніміз белгілі шамада балалардың қарым-қатынасы –алынып отырған матеиалға деген олардың ұнамды не ұнамсыз көзқарасата болуы. Әдетте балалар шамасы келетін қиындықты жеіп шығуды ұнатады,өздері тәрбиешінің жәрдемімен бас тартатын жағдай жиі ұшырасады. Сондықтан түсінікті болу деген жеңіл шығуды ұнатады,өздері тәрбиешінің жәрдеімен бас тартатын жағдай жиі ұшырасады.Сондықтан түсінікті болу деген жеңіл дегенді білдірмейді.Олай ғана жеңіл-желпі , үстірт оқу дегеннің теориялық және практикалық жолмен дәлелденіп отырғандай-ақ,пайдасынан зияны көбірек. Мысалы, ХІХ ғасырда өмір сүрген методистердің бірі В.Латышев балаларға математика ұнауы тиіс, ал «егер ол уысына түссе,оны ұнатуға болады» Қашан да еңбек оқушының шамасына лайық болуы тиіс.Алайда сөзсіз еңбектенуі,күш салуды талап ету керек.Өйтпегенде оқушы еңбектенуге үйренеді және оған қызықпайды» -деп жазған.
Әдетте тәрбиешінің басшылығымен, өздернің жұмылдырып,саналы түрде игере алатыны балаға түсінікті деп саналады. Ал баланың ақыл-ойы өсіп отырғандықтан,оның қиындығын да біртіндеп арттырып отыру керек.
Балаларға материалды әртүрлі методикалық әліспен жеткізу оны түсінікті етеді. Белгіліден- белгісізге қарай оқыту ережесі,сөзсіз,оны түсінікті етеді. Тәриеші жаңа тапсырма бере отырып, олардың не білетнін міндетті ескеруі керек,баланың тәжірибесін зерттеуі тиіс.Егер жаңа берілетін білім бұрынғының жүйесіне енетін болса,бар білімді болықтырып және қайыра құратын болса, оны тереңдете түсетін болса, оның нәтижесі арта түспек. Оқыту ісінде жеңілден күрделіге өту ережесі деген әрқашан да ерекше қиындық туғызбайтын және балаларға белгілі бір дәрежесде таныстан бастау керектігін білдіреді. Балалар аса қиналмай қабылдайтынды әрі ұнамды реакция туғызатынды қарапайым санап жүрміз.былайша айтқанда,балаға түсініктінің бәрі қарапайм саналады. Сондықтан тәрбиешінің міндеті сол, қиын біткеннің бәрін балаға түсінікті, жақын ету.Мысалы: үш жасар балалар көп және біреу айыра біледі, алайда олар джиынның жекелеген нәрселерден тұратынын және де әрбір жеке нәрсені очсы жиын құрамынан көре білудің маңыздылығын айқын түсіне білмейді. Жиындарды саны жағынан, олардың элементтерін бір-бірмен салғастыру жолымен салыстырып, үйренгенде, олар әрбір элементті қабылдай бастайды және олардың арасында өзара мір мәнді сәйкесті тағайындау ережесін біртіндеп игере бастайды,осының өзі санау операциясының негізі болп табылады.Балалардың оңайдан күрделіге қарайғы білім шеңбері осылайша біртіндеп кеңейе болады.
Балалардың кездестіріп отырған қиындықтарды жеңе білуі оларды танып білу әрекетінің ішкі стимулдарының даму негізі болып табылады.
Сондықтан Л.С. Выготский айтқандай,оқыту ісі оларды дамытып жетілдіретіндей болу үшін,олар иегеретін жаңа матералдың,тәрбиешнің басшылығымен жүзеге асатындай мүмкіндік перспективаларын бағдар тұту қажет,»баланың дамып жетілуінің ең жуық аралығын» бағдарға алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |