«мектеп жасына дейінгі балаларды элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» ПӘнінен дәрістер кешені дәріс №1 Тақырып: «мждб қарапайым математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі»



бет18/58
Дата27.04.2022
өлшемі149,51 Kb.
#141085
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Байланысты:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәнінен дәрістер

Көрнекі дидактикалық материал әдетте көрсетуге арналған және үлестіріліп берілетін болып бөлінеді.
Көрсетуге арналған материал тәрбиешінің үстел жанына шыққан баланың жұмыстарын көрсету үшін де пайдаланылады.Сондықтан оның өлшемдері ірі келеді. Үлестірілетін материал ұсақ келеді, балалар үстел өлшемдері басында отырып-ақ тәрбиешінің барлығына айтқан тапсырмасын жаппайорындағанда пайдаланылады.Материалдың қай қайсысыда көркем безендірілген болуы тиіс: олардың тартымды болуының оқыту ісінде маңызы үлкен- бояуы әдемі құралдарға балалар көп қызығады. Ал баланың эмоциясы неғұрлым айқында терең болса, олардың сезімдік және логикалықойлауының өзара әрекеті соғұрлым толық келеді, сабақта соғұрлым қызықты өтеді де ,балаларда айтылғандарды жемісті игеретін болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану және күрделендіру жолы мынадай: нақтылы, сюжетті нәрселерден-сюжетсізге қарай; көрнекіліктің материал түрінен материалданғанға қарай: шартты таблицаларға, модельдерге, схемаларға т.б. қарай.
Көрнекілік сипаты жасының өсуіне байланысты ғана емес, балалардың программалық материалды игерудің әр түрлі кезеңдерінде нақтылық пен абстракт қатынасына байланысты да өзгеріп отырады, мысалы, белгілі бір кезеңде нақтылы жиындарды сан таблицалармен не цифрлармен т.б алмастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет