«мектеп жасына дейінгі балаларды элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» ПӘнінен дәрістер кешені дәріс №1 Тақырып: «мждб қарапайым математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі»


Дәріс №6 Тақырып: Есептеу және есеп туралы ұғымын қалыптастыру әдістемесі



бет26/58
Дата27.04.2022
өлшемі149,51 Kb.
#141085
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58
Байланысты:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәнінен дәрістер

Дәріс №6
Тақырып: Есептеу және есеп туралы ұғымын қалыптастыру әдістемесі
Дәрістің мазмұны: Мектеп жасына дейінгі балаларға есептеу және есеп туралы ұғым қалыптастыруды үйрету әдістемесі
Дәрістің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға есептеу және есеп туралы ұғым қалыптастыруды үйрету
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Есептеу және есеп туралы ұғымын қалыптастыру әдістемесі

Балабақшадағы басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой – өрісін, іс – қимылын жан – жақты дамыту. Математиканы оқытуда есептердің алатын орны ерекше. Оны оқытудың негізгі мақсаты – математикалық есептердің белгілі бір жүйесін шешу. Әдістемесін балаларға игерту. Сондықтан есепті шешу – оқытудың мақсаты ғана емес, сондай – ақ құралы да. Оның қатарына пәнді оқытуда қарастырылатын әр алуан жаттығулар, мысалдар, логикалық тапсырмалар, яғни кез келген математикалық мазмұнды тапсырманы жатқызуға болады. Есепті шешу кезінде оның шартына немесе салдарына математикалық жалпы қағидаларды қолданудың реті анықталады.


Мектеп жасына дейінгі балаларға есептеу және есеп туралы ұғымды оқытуда ойындар, көрнекіліктердің алатын орны ерекше. Топтарда есептеу бүтін затты тең бөліктерге бөлуге, сандарды жеке – жеке топтауға үйретуге балалардың ой – өрісін дамытуда алатын орны ерекше. Бүтін затты тең бөліктерге бөлуде балаларға тапсырмалар немесе ойындар, жұмбақтар, сұрақ – жауаптар арқылы жүргізуге болады. Мысалы: Асанда 6 алма бар еді, ол Үсенге қолындағы алмасының екеуін берді. Сонда Асанда қанша алма қалды. (4)...Стол үстінде 9 карандаш жатыр. Оны үш балаға теңдей бөлу керек. Сонда қаншадан тиеді. (3) деген сұрақтар қоюға болады. Жанып тұрған 4 майшамның екеуі сөніп қалды. Сонда неше майшам қалды? (2)... Қолымда 5 алма, табақта 2 алма, қосқанда барлығы қанша алма? (7) Осындай жұмбақтар жасыруға болады. Мектеп жасына дейінгі балаларға есептеу және есеп туралы ұғымды оқытуда есеп құрастыру және оны шыгару сабағында балаларға суретті пайдаланып шығаруға болады.


Әдебиеттер:
1.Тарунтаева Т.В. Развитие элементарных математических представлений у дошкольников. М., Просвещение, 1980ж.
2.Альткауыз, Дагмар, Дум, Эрна «Цвет, форма, количества». Москва, Просвещение, 1984ж.
3.Грин, Роберт, Лаксон, Вероника. Математика без перегрузов.- М. Педагогика, 1991
4.Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау бағдарламасы. Алматы, Шартарап, 2000ж.
5.Математика. Жикалкина Т.К. 1-2 классы. Дидактические материалы. М, 2000.
6.Малипа Сансызбайқызы, Ботагөз Рысбайқызы «Ойна да ойлан».- Алматы, Шартарап, 2000ж.
7.Балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектеп алды даярлау бағдарламасы. Астана-Алматы, 1992ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет