«мектеп жасына дейінгі балаларды элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» ПӘнінен дәрістер кешені дәріс №1 Тақырып: «мждб қарапайым математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі»


Ортаңғы топта балалардың реттік сан туралы түсінігін қалыптастыру



бет25/58
Дата27.04.2022
өлшемі149,51 Kb.
#141085
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58
Байланысты:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәнінен дәрістер

Ортаңғы топта балалардың реттік сан туралы түсінігін қалыптастыру

Ортаңғы топтарында реттік санымен санауды игереді, сонымен қатар заттардың рет бойынша орналасуында қандайда - бір заттың басқа заттардан орнын анықтай алады. Бұл үшін «неше?», «нешінші?», «ретте нешінші? сұрақтарын айыра алуға үйрену керек.
Балалардың реттік санды түсінуі үшін заттар міндетті түрде реттілікпен орналасуы керек. Бұл әртүрлі көлемдегі матрешкалар , кубиктер, пластилин, ертегілерге иллюстрациялық материалдар «Үш аю», «Шалқан», және т.б. болуы мүмкін. Бұл кезде объектінің реттілік номерін анықтау мотивацияланған. Реттілік (бірінші, екінші) қосымша белгісі бойынша көрсетіледі: мөлшер, түс және т.б. Сондықтан бастапқыда балаларды реттік санауға үйрету үшін реттілігі көрсетілген, сапасы көрсетілген көрнекілік материалдармен жүргізген абзал. Балаларды оқыту үшін қандай да бір ситуация құрылады: матрешкалар қыдыруға шықты, балалар орманға кетті және т.с.с. Реттік номер мен сапалық белгісі(атауы, ұзындығы, көлемі) анықталады: «Бірінші қыз қызыл көйлекте, ол ең ұзын, екінші қыз – жасыл көйлекте ол қысқарақ» және т.с.с.
Санау әрекет дағдысын қалыптастыру үшін, сан жайындағы түсінігін жалпылама жаттығулар бойынша үйретеді дыбыстар, қозғалыстар, заттарды сипап-сезу арқылы анықтайды. Алдымен балалар ойыншықтардың көмегімен орындалатын дыбыстарды, қозғалыстарды санауға үйренеді. (Нешерет бақа бақылдады, нешерет қоян секірді?) Кейін балалар дыбыстарды, қозғалыстарды өздігінен санап, дыбыстап айтады, сосын ішінен сыбдырмен айтуды үйренеді.
Қозғалыстармен дыбыстар ритмиялық, қызықты, әртүрлі болуы керек: барабанмен соғу, бубен, есікпен дүрсіл, бір сөзді бірнешерет айту, бастың үстінен шапалақтау, секіру, допты лақтыру және т.б. Егер дауыс балалардың көзінен таса жерде болғаны тіпті жақсы: есіктің артында және т.б. Көзді жұмып дауыстап санауға болады, бұл кезде баланың есту анализаторлары жақсы дамиды.
Балаларды дыбыспен қозғалысты үйлестіруге болады, бұндай жаттығулар дыбыс пен затты қозғалтуды сәйкестендіруге үйретеді әр дыбысқа бір затты алып, қанша дыбыс есті сен сонша затты өз алдыңа қой)
Сипап сезу арқылы заттарды санау – қызықты және дамытушы жаттығу болып табылады. Алдымен ол ойын ретінде көрінеді: «сиқырлы мөшектен» бірдей мөлшердегі бірнеше кішкентай заттарды алып шық, кубиктер, матрешкалар. Келесіде балалар жазықтықта қозғалмай тұрған заттарды санайды (сызықпен орналасқан: тіреуіштегі саңырауқұлақтар, картонға тігілген түймелер, және т.б.) Алдын ала қаралған көрнекілік материал салфеткамен жабылады немесе қайта саналады. Санаудың ережесі: оң қолымен солдан оңға затты қою кезінде санын айтып қою, ал сол қолмен карточканы ұстау. Қорытынды сан санап болғаннан кейін айтылады.
Ортаңғы топта сипап сезу арқылы санау қиынға соғады ал кейінірек жасықтықта бекітілмеген ұсақ заттарды санау қиын өйткені, олсолдан оңға жылжумен үйлестіріліп жүреді.Сан заттарды қозғалтқаннан кейін барып қана айтылады. Қодың қозғалысы емес заттар саналады.


Әдебиеттер:
1.Тарунтаева Т.В. Развитие элементарных математических представлений у дошкольников. М., Просвещение, 1980ж.
2.Альткауыз, Дагмар, Дум, Эрна «Цвет, форма, количества». Москва, Просвещение, 1984ж.
3.Грин, Роберт, Лаксон, Вероника. Математика без перегрузов.- М. Педагогика, 1991
4.Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау бағдарламасы. Алматы, Шартарап, 2000ж.
5.Математика. Жикалкина Т.К. 1-2 классы. Дидактические материалы. М, 2000.
6.Малипа Сансызбайқызы, Ботагөз Рысбайқызы «Ойна да ойлан».- Алматы, Шартарап, 2000ж.
7.Балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектеп алды даярлау бағдарламасы. Астана-Алматы, 1992ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет