Дәріс №10
Тақырып: Балаларға кеңістік ұғымын қалыптастыру әдістемесі
Дәрістің мазмұны: Балаларға кеңістік ұғымын қалыптастыру әдістемесі
Дәрістің мақсаты: Балаларға кеңістік ұғымын қалыптастыру әдістемесін үйрету.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
Балалардың зат түсінігі туралы ұғымын қалыптастыру.
Кеңістікті бағдарлану үшін қандай болмасын санақ системасымен пайдала білу қажет.Алғашқы кезеңде бала кеңістікте түйсіктік санақ системасы дегеннің негізінде, яғни өз денесінің жан-жағына қарай бағдарлайды.
Мектеп жасына дейінгі бала негізігі кеңістік бағдары бойынша сөзбен айтылатын системаны игереді: ілгері-кейін,жоғары-төмен, оңға-солға .Мектепте оқып жүргенде балалар жаңа санақ системасын игереді,ол-горизонт жақтарына қарап: солтүстік,оңтүстік, батыс, шығыс.
Әрбір санақ системасын игеру алдында алған білімге негізделетіні тағайындалған.Мысалы, зерттеулерде ІІІ-ІV сынып оқушыларының горизонт жақтарын игеруі олардың негізгі кеңістік бағыттарды географиялық картадан қаншалықты дифференциялай білетіндігіне байланысты екндігін айқын көрсетілген.
Санақ системасы өзге санақ системасы-сөзбен айту қосылады.Бұл баланың бағыттарды түйсіктік айыруға қатысты атаулар:жоғары –төмен,ілгері, кейін,оңға,солға-бекіту нәтижесінде пайда болады.
Сонымен мектепке дейінгі жас- негізгі кеңістік бағыттар бойынша сөздік санақ системасын игеру кезеңі.
Зерттеулердің көрсетуіне қарағанда,айырылатын абғыттарды, бала ең алдымен өз ойындағы белгілі бір мүшемен байланыстырады. Мына сияқты байланыстарды осылайша реттейді: жоғары-басы жағында, ал- төмен аяғы жағында,ілгері -беті жағында, ал -кейін-арқасы жағында, оңға- оң қол жағында, солға –сол қол жағында.ө денесіне қарай бағдарлану баланың кеңістік бағыттарын игеру негізі болмақ.
Адам денесінің әр түрлі осьтеріне сәйкес келетін бағыттардың (фронталь, вертикаль және сагитталь) үш пар тобының ішінен ең алдымен жоғары бағыт белгілі болады, мұның себебі, сірә да, бала денесінің вертикаль қалыпта болуымен байланысты болар. Ал төменгі бағыттың, вертикаль осьтің қарама-қарсы жағы ретінде, бағыттардың пар топтарының дифференциациясы ретінде бұның өзі горизонталь жазықтыққа ғана тән (ілгері – кейін және оңға-солға) дараланып қалыптасып кейінірек өтеді. Горизонталь жазықтыққа оған және бағыттар тобына сәйкес түрде бағдарлану дәлдігі мектеп жасына дейінгі балалар үшін, әрине, үш өлшемді кеңістіктің әр түрлі жазықтықтарын (вертикаль және горизонталь) дифференциялаудан анағұрлым күрделі мәселе екендігі айқын.
Кішкене бала парлас қарама-қарсы бағыттар тобын негізінен игергеннен кейін де әр топтың өз ішінде дәл айыруда қателесе береді. Бұған мына фактілер айғақ: балалар оң жақты сол жақпен, жоғарыны төменгімен, кеңістік ілгері бағытын онымен қарама-қарсы кейінмен шатастырады. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін, әсіресе оңға-солға бағыттарын айыру қиын тиеді, бұның негізі өз денесінің оны мен солын дифференциялау процесі болмақ.
Олай болса, бала кеңістік бағыттарын парлауды, олардың адекваттық белгілеулерін және де іс жүзінде айыра білуді, біртіндеп қана игереді екен.
Кеңістік белгілеулерінің әрбір парында алдымен біреуі айырып көрсетіледі, мысалы, астында, оң жақта, жоғарғы жақта, кейін, ал осылармен салыстыру негізінде қарама-қарсыларын түсіне аламыз: үстінде, сол жақта, төменгі жақта, ілгері. Сонымен өзара байланысқан қарама-қарсы кеңістік қатынастарының бірінің дифференциациясы екіншісін білуге келіп тіреледі, ал мұның өзі оқыту методикасында өзара-кері кеңістік түсініктерді бір мезгілде қалыптастыру қажет дегенді білдіреді. Осының барлығы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі кеңістік бағыттары бойынша сөздік санақ системасын игеру процесі әрі ұзақ, әрі ерекше екендігін көрсетіп отыр.
Объектімен тікелей жақын болу үшін өзі оған жылжып келіп жүрсе, кейініріек бүкіл тұлғасын бұратын болады, ал одан кейін сұқ қолымен бағытты нұсқап көрсететін болады. Бұдан әрі нұсқау қимылының орнына қолымен білінер-білінбес қимыл жасайды. Нұсқау қимылынң орнына, енді басын сәл ғана қимылдатып, ақырында анықталатын нәрсе жаққа қарай тек аөз қиығын ғана тастайтын болады. Сонымен кеңістік бағдарлаудың әрекеттік тәсілінен бала енді басқа тәсілге көшеді, мұның негізіне алынатын нәрселердің бір-біріне және оларды анықтаушы субъектіге қарағандағы кеңістік орналасуына көріп жасалатын баға. Кеңістікті бұлайша қабылдау негізіне, И. П. Павлов жазғандай, сол кеңістікте тікелей қозғалу тәжірибесіалынып отыр. Тек қозғалыс тітіркеністері арқылы және де олармен байланыса отырып, көру сезімдері өзінің өмірлік немесе сигналдық мәнісіне ие болады. Сөйтіп кеңістік бағдарлау тәжірибесін игергеннен кейін балаларда сырттай байқалатын қозғалыс реакциялардың интеллектенуі пайда болады. Оларды бара-бара тұжырып тастап, оймен іс-әрекет жасау жағында көшу процесі материалданған, практикалық іс-әрекеттен ақыл-ой іс-әрекетіне өтуді дамытудың жалпы тенденциясының көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |