«мектеп жасына дейінгі балаларды элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» ПӘнінен дәрістер кешені дәріс №1 Тақырып: «мждб қарапайым математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі»


Дәріс №9 Тақырып: Балалардың зат түсінігі туралы ұғымын қалыптастыру



бет32/58
Дата27.04.2022
өлшемі149,51 Kb.
#141085
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58
Байланысты:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәнінен дәрістер

Дәріс №9
Тақырып: Балалардың зат түсінігі туралы ұғымын қалыптастыру.
Дәрістің мазмұны: Балалардың зат түсінігі туралы ұғымын қалыптастыру.
Дәрістің мақсаты: Балалардың зат түсінігі туралы ұғымын қалыптастыра білуді үйрету
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Балалардың зат түсінігі туралы ұғымын қалыптастыру.

Балаларға даралап білім беруді іске асыру және қабілеті төмен балаларға ғана емес, қабілетті балалардың да толыққанды дамуына жағдай жасау үшін бағдарламалық міндеттердің игерілу деңгейіне қарай дифференциалдау қажет. Мәселен, «Қайнар» бағдарламасында үш деңгей көрсетіледі.


Бірінші деңгей бұл балдырғандардың математикаға деген қабілеті мен қызығушылығының болу- болмауына қарамастан, кез келген жаста психикалық дамыған баланың меңгеруіне қиындық келтірмейтін техникалық дағдыларды қамтиды. Бұл деңгей – баланың мектепке оқуға дайындығы тұрғысынан келгенде, қанағаттанарлық деңгей деп есептеледі.
Екінші деңгей, бұл балаларды келесі оқу жылының өте қиын мәселелерімен таныстыруды көздейді. Оны гимназия, лицей, арнаулы мектептер үшін қабылдау емтиханы сұрақтарына пайдаланады. Бұл материалды меңгеруі баланың мектепке жоғарғы деңгейдегі дайындығын көрсетеді.
Үшінші деңгей, бұл материал балаларда қалыптасуға тиісті негізгі түсініктерді (мәселен, сан туралы) тереңдете таныстыру мақсатын көздейді. Бұл деңгей дағды туралы емес, тек түсініктер саласын сөз етеді.
Балалар бірінші деңгей тапсырмаларын ешбір қиналыссыз – ақ жас шамасына қарай өз уақытында меңгеретінін зерттеулер көрсетеді. Барлық минимум тапсырмаларды педагогтер да, балалар да қиналмай орындайды.
«Қайнар» бағдарламасы бойынша математиканы оқытатын топтарда оқу сапа едәуір жоғары болады. Дайындық тобының соңына қарай ондағы балалардың 70-80 % - і екінші деңгей тапсырмаларын қиналмай – ақ меңгереді.
Үшінші деңгей материалы балдырғандар арасында үлкен қызығушылық туғызады және көп түсінік береді, бірақ ол барлық баланы бірдей қамтымайды. Оның қабілетті балалар үшін берері мол: олардың ойлау, сұрақ қою, өз болжамын қалыптастыру, сөйлесу әрекеті белсенді бола түседі.


Әдебиеттер:
1.Тарунтаева Т.В. Развитие элементарных математических представлений у дошкольников. М., Просвещение, 1980ж.
2.Альткауыз, Дагмар, Дум, Эрна «Цвет, форма, количества». Москва, Просвещение, 1984ж.
3.Грин, Роберт, Лаксон, Вероника. Математика без перегрузов.- М. Педагогика, 1991
4.Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау бағдарламасы. Алматы, Шартарап, 2000ж.
5.Математика. Жикалкина Т.К. 1-2 классы. Дидактические материалы. М, 2000.
6.Малипа Сансызбайқызы, Ботагөз Рысбайқызы «Ойна да ойлан».- Алматы, Шартарап, 2000ж.
7.Балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектеп алды даярлау бағдарламасы. Астана-Алматы, 1992ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет