Курстық жұмыс Әдіскер:Копешова.А.Д Дайындаған:Маратбек Д
Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі
Зерттеу көкейкестілігі:
Бүгінде егемен ел, тәуелсіз мемлекет болдық. Әлемдік заңдылық нормасы тұрғысынан келгенде кемел мемлекет қажетті барлық құқық өз қолымызға тиді. Елтаңбамыз, Әнұранымыз, Туымыз, Ата заңымыз – барлығы да біздің басқа мемлекеттермен терезесі тең ел екенімізді айқындап тұр.
В.А.Сухомлинский «Біз тәрбиешілер табиғатты ең нәзік, ең жіңішке, ең сергек нәрсемен — бала миымен істес боламыз. Егер баланы табиғаттан бөліп тастаса, оқытудың алғашқы күнінен бастап, тек сөз арқылы білім берсек, ми клеткалары тез шаршайды. Ми дамуы нығаюы, күшеюі үшін баланы табиғат әлеміне ендіру қажет»-дейді. Мектепке дейінгі балалардың бақшадағы еңбегін ұйымдастыру мәселесі бала - бақшадағы мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілерінің негізгі міндеттерінің бірі.
Зерттеудің мақсаты:Балалардың бақшадағы еңбегі мен бақылауы кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдер жүйесін, еңбек пен бақылаудың нәтижесін анықтау, тиімділігін зерттеу және оны эксперименттік тексеруден өткізу.
Зерттеудің міндеттері:
1. жалпы дидактикалық принциптерді көрсету.
2.БМектепке дейінгі балалардың гүлзардағы еңбегін ұйымдастыруда балалардың бақшадағы еңбегі мен бақылауын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерінің мүмкіндіктерін анықтау.
3.Бақшадағы еңбек пен бақылауды ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін тәжірибе тұрғысынан өңдеу, дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, балалардың бақшадағы еңбегі мен бақылауын ұйымдастыруда белгіленген әдіс-тәсілдермен зерттеу жұмыстарын жүргізсек, онда олардың табиғат тану тұрғысынан жақсы нәтижеге жетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |