Ересектер тобында фигураның көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру
5-6 жастағы балаларды оқытудың негізгі мақсаты геометриялық фигуралар туралы білімдер жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл жүйенің алғашқы дәнегі геометриялық фигуралардың кейбір белгілері туралы ұғым оларды ортақ белгілеріне қарай жинақтау білігі болып табылады.
Балаларға өздеріне белгілі фигуралар беріп, шеңбер мен шаршының, үшбұрыш пен сопақша жақтарын қолмен зерттеу, олардың бір бірінен айырмашылығын және ұқсастығын ойлану ұсынылады. Ол шаршы мен үшбұрышта «бұрыштары» бар екенін, ал шеңбер мен сопақшада жоқ екеннін аңғарады. Тәрбиеші фигураны саусақпен жүргізіп, квадрат пен үшбұрыштың бұрыштары , төбесі, қырлары барын түсіндіріп көрсетеді. Төбесі – бұл фигураның қырларын қосатын нүктесі. Қырлары мен төбесі фигураның сызықтарын құрайды, ал сызықтары оның ішкі жағымен бірге фигураның өзін құрайды.
Балалар әртүрлі фигуралардан оның ішкі ауданын және шекарасын- қырларын, төбесін, бұрыштарын фигураның ішкі ауданының бөлігі ретінде көрсетеді.
Балаларға фигураның ішкі жағын қызыл қарындашпен, ал шекарасын, қырларын көк қарындашпен сызып шығуды ұсынады. Балалар фигураның тек жеке элементтерін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен бірге әртүрлі фигуралардың төбесін, қырларын, бұрышын санайды. Шаршы мен дөңгелекті салыстыру кезінде дөңгелекте төбе мен бұрыш жоғын, тек дөңгелек шекарасы шеңбер ғана барын біледі.
Кейін балалар кез келген фигураның ішкі ауданын және шекараларын ажыратуды, бұрыштары, төбесі, қырларының санын санауды үйреніп алады. Үшбұрышты зерттеп олар оның үш төбесі, үш бұрышы, үш қыры бар деген қорытындыға келеді. Көбінесе балалар неге бұл фигура төртбұрыш және шаршыдан қарағанда үшбұрыш деп аталатынын біледі.
Балаларды олар анықтаған белгілер қорытындысын фигураның құрылымдық сипаты болып табылатынын жеткізу үшін тәрбиеші дәл сол фигураларды, бірақ үлкен көлемдегісін ұсынады. Оларды зерттеп балалар шаршы, төртбұрыш, трапеция, ромбтардың қырларын, бұрыштарын, төбесін санап, олардың көмегіне қарамастан, 4 төбесі, 4 бұрышы, 4 қыры бар, ал барлық үшбұрыштарда 3 төбесі, 3 бұрышы, 3 қыры бар деген қорытындыға келеді.
Мұндай сабақтарда балаларға дайын білімді айтып қана қоймай, оларды ізденіске түсіру керек. Балаларды жауаптарды өздері анықтап, қорытындылап, жинақтауға үйрету қажет.
Балаларға дайын тапсырмаларды беруге асқпау керек: бірінші оларға деген қызығушылықты оятып, іс-әрекет жасауды қамту қажет. Тәрбиеші міндеті – жауапты табу амалдарын және жолдарын педагогикалық дұрыс көрсету қажет.
Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы ересек м.ж.д. Балаларды төртбұрыштармен таныстыруды қарастырады. Бұл үшін балаларға төрт бұрышы бар фигуралар жиынын көрсету, оларға өздері атау ойлап табу ұсынылады. Балалардың «төртбұрыш», «төртқырлылар» деген жауаптарын қабылдап, анықтап, олардың төртбұрыштылар деп аталатынын айту.
Таныстырудың бұл жолы балаларда жинақтау қабілетінің қалыптасуына көмектеседі.
Әдебиеттер:
1.Тарунтаева Т.В. Развитие элементарных математических представлений у дошкольников. М., Просвещение, 1980ж.
2.Альткауыз, Дагмар, Дум, Эрна «Цвет, форма, количества». Москва, Просвещение, 1984ж.
3.Грин, Роберт, Лаксон, Вероника. Математика без перегрузов.- М. Педагогика, 1991
4.Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау бағдарламасы. Алматы, Шартарап, 2000ж.
5.Математика. Жикалкина Т.К. 1-2 классы. Дидактические материалы. М, 2000.
6.Малипа Сансызбайқызы, Ботагөз Рысбайқызы «Ойна да ойлан».- Алматы, Шартарап, 2000ж.
7.Балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектеп алды даярлау бағдарламасы. Астана-Алматы, 1992ж.
Достарыңызбен бөлісу: |