«мектеп жасына дейінгі балаларды элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» ПӘнінен дәрістер кешені дәріс №1 Тақырып: «мждб қарапайым математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі»


Ортаңғы тобында фигураның көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру



бет30/58
Дата27.04.2022
өлшемі149,51 Kb.
#141085
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58
Байланысты:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәнінен дәрістер

Ортаңғы тобында фигураның көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру
Бес жасқа келген балаларда бәрінен бұрын дөңгелек пен шаршыны ажырату және дұрыс атау білігін бекіту, содан кейін үшбұрыш. Бұл мақсатпен ойын жаттығулар өткізіледі, онда балалар фигураларды түсі мен көлеміне қарай топтастырады. Көлемі мен түсі өзгереді, ал пішінінің белгілері өзгеріссіз қалады. Бұл фигуралар туралы қорытындылау білігін қалыптастыруға көмектеседі. Балалардағы геометриялық фигуралардың әр түрлі көлемде болатынын анықтау, оларға белгілі геометриялық фигураларды көрсету( кестеде, фланеграфта немесе жинақ кенеп). Олардың әрқайсысынан балалар үлкен және кіші ұқсас фигураларды таңдайды. Фигуралардың көлемін салыстыру арқылы (визуалды немесе бірінің үстіне бірін қою), балалар фигураларды пішіні бойынша бірдей, ал көлемі бойынша әртүрлі екенін анықтайды. Келесі жаттығулада балалар үш фигурадан әр түрлі көлем бойынша өсу және кему ретімен жинақтайды.
Жеке конверттарда жатқан фигураларды балаларға қарауға ұсыну, не үшін қажет, бірдей пішіндегі және кімде қанша екенін атып беруді ұсыну.
Келесі жаттығуларда балалар әртүрлі фигураларды алады. Олар фигуралардың жиынын сараптап, кімде қанша және қандай фигуралар екенін анықтау. Сонымен бірге балаларды мақсатты түрде жаттықтыру, фигуралардың санын салыстыру;
«Сенде қандай фигуралар көп, ал қандай аз? Үшбұрыштар мен төртбұрыштар тең бе?» және т.б. Геометриялық фигуралардың жеке конверттарда жүйеленгеніне қарай олардың сандарының арасында теңдік пен теңсіздігі бекітіледі. Балалар бұл жаттығуды орындау барысында фигуралар санын салыстыруда, олардың арасындағы өзара мағыналас сәйкестілік орнатылады. Онымен бірге амалдар әр түрлі болуы мүмкін: фигуралар әрқайсысы бірінің астына бірі қатар бойынша әр қатарда орналасады немесе жұптастырылады немесе бірінің үстіне бірін қояды. Осылай екі топтағы фигуралардың элементтерінің арасында қатынас орнатылады және осының негізінде оның теңсіздігі мен теңдігі анықталады.
Балаларды жаңа геометриялық фигуралармен таныс фигураларды салыстыру арқылы таныстырады:үшбұрыш пен төртбұрыш, шеңбер мен дөңгелек, кейін текшемен, шаршымен текше, сосын шармен, үшбұрышпен және шеңбермен цилиндрді, кейін шар мен текше. Фигураларды қарау және салыстыру белгілі кезекте жүргізіледі:
а) фигураларды бірінің үстіне бірін және бірінің астына бірін қою; бұл амал фигуралардың ерекшеліктерін анық қабылдауға мүмкіндік береді, ұқсастығы мен айырмашылығы, олардың элементтерін анықтау.
б) фигураларды сипап сезу арқылы зерттеуді ұйымдастыру және фигураның кейбір элементтері мен белгілерін бөліп көрсету; фигураларды зерттеу нәтижесі тәрбиешінің балалар зейінін өз сөзімен бағыттауына айтарлықтай тәуелді, ол неге қарау керек, нені білу керектігін бағыттауда ма (сызықтар бағыты олардың байланысуы, бөлек бөліктердің үйлесімділігі, бұрыштардың болуы, түсі, бір пішіндегі фигураның көлемі және т.б.); балалар бір немесе басқа фигуралардың сипаттамасын сөзбен беріп үйрену керек;
в) фигуралармен әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру(дөңгелету, қою, әртүрлі жағдайда қою) үлгілермен жұмыс, орнықты немесе орнықсыздығын анықтау, өзіндік сипаты. Мысалы, балалар шар мен цилиндрді әр түрлі жағдайда қойып, цилиндрдің тұратынын, жататынын, дөңгелейтінін біледі. Ал шар тек қана айналады. Осылайша геометриялық денелер мен фигуралардың құрылымдық сипатын аңғарады.
г) фигуралар қатарын көлемінің өсіп, азаюы бойынша жаттығуларды ұйымдастыру. («Пішініне қарай жікте», «Түсі бойынша жікте», «Беті бойынша жікте» және т.б.).
д) балалардағы фигураларды ажырату және атау білігін бекіту үшін ойын жаттығулар мен дидактикалық ойындар ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет