Мектепке дейінгі балаларда геометриялық білімді дамытудың деңгейлері Геометриялық фигуралар жайындағы мәліметті балалар алғаш рет ойынан алады. Балалармен ойнай бастаған педагог геометриялық фигуралардың дұрыс атын атайды.Бұл уақытта баланың қабылдауын дамыта түсу керек, әр түрлі формалар туралы түсінік жинақтау керек. Алғашқы жастағы топта баланың шар және төртбұрышты ажырата білуді үйретеді. Мектеп жасына дейінгі балада геометриялық білімді дамытудың А.М Пышкало мен А.А. Столяр үш деігейін көрсеткен болатын.
Бірінші деңгейі балада геометриялық фигура тұтас қабылданады. Олар бастапқыда фигуралардың жеке бөліктерін ажырата алмайды. Заттың формасына геометриялық фигуралармен сөздік анықтама берілуімен сипатталады.
Екінші деңгейде мектеп жасына дейінгі бала геометриялық фигуралардың элементтерін ажырата білуді және жекелей фигуралардың арасындағы байланысты үйренуімен сипатталады.
Үшінші деңгейде бала фигуралардың элементтерін ажыратып жекелей фигуралардың арасындағы байланысты үйренумен қатар қарапайым геометриялық блімдіқалыртастырумен сипатталады.