Мектеп жасына жетпеген балалармен сурет салудың дәстүрден тыс әдісін дамыту



бет20/43
Дата07.02.2022
өлшемі66,74 Kb.
#94497
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
Байланысты:
Мектеп жасына жетпеген балалармен сурет

Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Жер-Ана жылдың қай мезгілінде де өзінше көрікті болса, жыл мезгілдерінің де өзіне сай әдемілігі бар. Соның бірі табиғаттың қысқы ұйқыдан оянып, жылылық пен ерекше күн нұрына бөленетін шағы. Ол қай мезгіл екен? (Ол көктем келген кез).
-Әрине көктем! Көктем деген сөздің өзі жылылыққа толы. Осы сөздің өзінен қуаныш пен қуат лебі еседі. Көктем барлық жан-жануар, жер бетіндегі тіршілік атаулыға шаттық ала келеді. Мен сендерге өлең оқып берейін. Сендер көздеріңді жұмып, өлеңдегі жыл мезгілінде болып жатқан оқиғаны көз алдарыңа елестетіңдер. (Тәрбиеші өлең оқиды).
-Көктемді көрдіндер ме? Ақын қандай көңіл-күйді суреттепті.
-Қуанышты, көңілді шақты суреттепті.
-Біз сендермен көктем туралы бірнеше өлең оқыдық. Олардың бәрі неге көңілге қуаныш сыйлайды. Сендер қалай ойлайсыңдар?
-Қыс бітті. Аяз бен боран кетті. Көктем келді. Күн Жерді шаттана қыздырады. Алғашқы бәйшешектер қар астынан бой көрсете бастады. Құстар оралып, ұя салуға кірісті.

-Ақындар көктемді неге теңейді?


-Гүлге, сұлуға, шуаққа, жарыққа.
-Иә, көктемнің өзіне тән бояулары бар. Ол қандай бояулар екен? Балалар көктем бейнеленген картиналарға таянып, оны тамашалауға мүмкіндік алады.
-Ерте көктемде аспан тап-таза, әр жерден қарайып жер көрінеді, жасыл шөп байқалады; ери бастаған қар, көк бұлақтар; аппақ қайыңдардың көлеңкесі жарқыраған күннің әсерінен қар үстіне көгілдірленіп түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет