Байланысты: Мектеп жасына жетпеген балалармен сурет
Балауыз бор, май шам және акварельмен сурет салу халық шеберлерінің пайдалануымен ертеден келе жатқан әдіс. Балаларға жаңа талпыныс әкелетіні, олардың қызығушылықтарынан белгілі.
Жаңа техника граттаждыпайдаланып балалар «Қысқы орман», «Түнгі ертегілер», «Саябаққа серуен» тақырыптарына суреттер салды.
Майлау арқылы бояу балаларға өте ұнайды. Балалардың жағу әдісін игеруі әртүрлі болғандықтан бұл әдіс те бос уақытта көп жаттығуды, әр баламен жеке жұмыс жүргізуді қажет етеді. Себебі балаға жағу мен нұқуды айыра білудің өзі күрделі.
Қазіргі таңда сәнге айналған монотипия және диотипия (баспа техникасы) әдістері де өте қызықты. Бұл әдіс қиялды, елестетуді, түс пен пішінді сезінуді жетілдіруге көмектеседі. «Су жағасындағы талдарды» салуда жарты суреттен тұтас суреттің жасалуы балаларға өте ұнады. Сол сияқты балаларға дәстүрден тыс әдістің бірі шашыраты арқылы сурет салу да үйретілді. Бұл күрделі техника, бірақ нәтижесінде еңбектің ақталғанын көрудің өзі бала үшін бір ғанибет.