Алдар көсе: Балалар, сендер бізге осындай тамаша бұйым жасаушылардың шеберлігі мен еңбегі туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
Балалар: Ою ойғанның ойы ұшқыр.
Шебердің саусағы алдын.
Ақынның сөзі алтын, шебердің қолы алтын
Талаппен бастап, талғаммен аяқта.
Шебердің қолы ортақ
Еңбек өздырады, жалқаулық аздырады.
Алдар көсе: Жарайсыңдар, балалар! Қалай ойлайсыңдар, шамалы демалатын уақыт жеткен жоқ па?
Тәрбиеші: Алдар көсеге біздің қаламыз ұнады деп ойлаймын. Қазір біздің даламыз да гүл-гүл жайнайды. Қазақ шеберлері табиғат көркін өз еңбектеріне сүйсіне пайдаланады.
Сергіту сәті.
Балалар музыка әуенімен тәрбиешінің айтқанын орындайды:
Қыздар далаға шығып жайнаған күн мен әдемі гүлдерді тамашалады. Ал далада әдемі қызғалдақтардан ғажайып кілем төселгендей екен.
Жігіттер қыздарды атпен серуендеуге шақырды. Олар туған далада желмен жарысып ат құлағында ойнады.
Тәрбиеші: Қымбатты, Алдар көсе, біздің балалар тамаша демалумен бірге ерінбей еңбек ете де біледі. Олар болашақ халық шеберлері. Қазіргі кезде тек үйреніп қана жүрсе де, олардың да қолынан өнер келеді.
Алдар көсе: Міне тамаша! Мен де олардың өнерлерін көрейін, қажет кезінде өз ақылымды айтайын. Балалар ұжымдық жұмысты топтарға бөлініп орындайды.