Байланысты: Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық даму
Өзіндік сана-сезім. Өзіндік сана-сезім мектепке дейінгі жастың соңына қарай қалыптасады. Өзіндік сана-сезімнің дамуы өзіндік бағалаумен тығыз байланысты.
Өзіндік сана-сезім дамуының тағы бір бағыты- өзінің күйзелістерін ұғыну. Осы кезеңге жыныстық теңдестірілу тән: бала өзінің ұл немес қыз екенін түсінеді. Олар өздеріне қатысты мінез-құлық стилін меңгереді. Ұлдардың көбісі күшті, батыл, болуға ұмтылады, көптеген қыздар – ұқыпты, икемді болып келеді. Мектепке дейінгі жастың соңында қыздар мен ұлдар барлық ойында бірге ойнамайды, оларда ерекше ойындар пайда болады- тек ұлдар үшін, тек қыздар үшін.
Өзін уақыт бойынша түсіну басталады. 6-7 жастағы балада өзінің өткен шағы есінде болады, осы шақты және болашақты түсіне бастайды.