Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет12/65
Дата11.01.2022
өлшемі187,43 Kb.
#110777
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65
Байланысты:
ТУПрограмма каз
балаға отпуск өтініш !!!, балаға отпуск өтініш !!!, ТУПрограмма каз, ТУПрограмма каз, Microsoft Word Document (5)
5-параграф. І жартыжылдық

      54. Сөйлеуді дамыту.

      Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

      Келесі біліктерді:

      1) айналасындағы адамдардың сөзін есту және тыңдау, түрлі дыбыстарды саралау, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажырата білуді;

      2) дауысты және дауыссыз дыбыстарды (ызың және үндіден басқа) еліктеу сөздерін қолдана отырып дұрыс айтуды;

      3) дыбыстарды, сөздерді және сөз тіркестерін дауыстың қарқынын, екпінін, күшін есепке алып, дыбыстарды дәл айтуды қалыптастыру.

      Сөздік қор.

      Балаларды заттардың қасиеттері мен олармен әрекеттердің атауын айтуға, тілдік қарым-қатынасқа, ауызша сөйлеуге, зат есімдерді, сын есімдерді қолданып, заттарды (киімдер, ыдыстар) сипаттауға үйрету.

      Тілдің грамматикалық құрылымы.

      Балаларды педагогтің сөзін түсінуге, сөйлегенде заттарды сипаттау үшін зат есімдерді етістіктермен, сын есімдермен бірге қолдануға, зат есімнің көпше түрін пайдалануға, сөздерді дұрыс айтуды ескере отырып, сөз тіркестерін (сын есім + зат есім, зат есім + етістік) құрауға үйрету.

      Байланыстырып сөйлеу.

      Балаларды ересектердің сөзін тыңдай білуге; ересектермен және құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту; қарапайым (Кім? Не? Не істейді? және тағы басқа) және бірте-бірте күрделі (Нені ұстады? Нені әкеледі?) сұрақтарға жауап беруге, көркем сөзді эмоциалы қабылдауды, балалар әдебиеті шығармаларының бейнесін және мазмұнын түсінуге, қысқа тақпақтар мен санамақтарды жатқа айта білуге үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      – тілдегі дыбыстар мен сөздерді айта алады, дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады;

      – адамның дене мүшелерін (қол, аяқ, бас), тұрмыстық және ойын әрекетін (қыдыру, тамақтану), әртүрлі өлшемді (үлкен, кіші) білдіретін сөздерді түсінеді; зат есімдерді, есімдіктерді етістікпен байланыстыра алады;

      – берілген сұрақтарды түсінеді және тыңдайды, оларға жауап береді;

      – жақсы таныс ертегілердің үзінділерін есте сақтайды.

      55. Көркем әдебиет.

      Балаларды:

      1) ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын түсінуге және олардағы әрекеттердің дамуын қадағалауға;

      2) тақпақтардың интонациясын қабылдауды;

      3) кейіпкерлердің пайда болуын, олардың өзара әрекеттерін қадағалауға;

      4) ертегілердегі, әңгімелердегі, өлеңдердегі қарама-қарсы бейнелерді түсінуді;

      5) таныс тақпақтарды қайталауды;

      6) ойыншықтарды қолданып, мазмұны күрделі емес ойындарға қатысуды үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      тыңдалым және айтылым дағдыларын игерген;

      қысқа тақпақтарды, өлеңдерді жатқа біледі;

      шығармалардың мазмұнына эмоционалды көңіл-күй таныта біледі;

      жақсы таныс шығармаларды көрнекі құралдарсыз тыңдайды;

      кейіпкерлердің бейнелерін ойындарда қарапайым түрде бейнелей алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет