Мәлібеков А. К., Алтаева Г. А., Чернявская Н. П


«ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ



бет30/32
Дата28.12.2021
өлшемі34,91 Mb.
#128892
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
spravputkz
СОР Геометрия 7 каз, МАЗМҰНЫ
«ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ КІТАПХАНАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ (ғылыми кітапханасы)

« Дулати университеті» КЕ АҚ Ғылыми кітапханасы – Қазақстанның жоғары оқу орындары кітапханалары арасында жетекші орындағы, «Қазақстан кітапханалары ақпараттық консорциумы» қауымдастығына, «ҚР ЖОО кітапханаларының қауымдастығына» мүше және Жамбыл облысы жоғары оқу орындары мен колледж кітапханаларының үйлестіруші-әдістемелік орталығы болып табылады. Кітапхананың негізгі атқаратын қызметі оқу үрдісіне көмек болатын кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдаланушыларды толық ақпаратпен қамтамасыз ету.

Электрондық ресурстарды тиімді пайдаланудағы оқырмандардың қажеттіліктерін өтеу мақсатында университет кітапхананы букридерлермен қамтамасыз етті. Бұл электрондық құрылымы қарапайым және электрондық кітаптарды pdf форматындағы оқуға ыңғайлы және кітаптардың кез келген көлеміне оңтайлы құрал болып табылады. 4ГБ жады бар букридерлер компьютерлер секілді сәуле бөлмейді, баспа кітаптар сияқты оқылады және пайдаланушының көзіне күш түсірмейді. Құрылымның жады pdf пішіндегі бірнеше жүздеген кітапты оқи алады. Букридерде қосымша аудио және бейнелерді көру мүмкіндігі де жасалған.

  Ғылыми кітапхана пайдаланушыларына ақпараттық –библиографиялық ресурстарды және иемденген толық мәтінді деректер қорын ұсынуда білікті көмек көрсете білетін халықаралық ақпараттық ресурстарға қолжетімді орталық болып табылады.

Ғ ылыми кітапханада Thomson Reuters «Web of Knowledge» (http://wokinfo.com), Springerlink (http://link.springer.com), SciVerse ScienceDirect компании Elsevier (http://www.elsevier.com), «ПОЛПРЕД» (http://polpred.com) секілді халықаралық ресурстарға еркін қол жеткізуге болады. Бұл қызметті университеттің компьютерлік кластарда және оқу залдарында (католог залында) пайдалана аласыздар.

У ниверситет оқытушылары мен қызметкерлеріне электрондық нысанда жүйелі түрде жаңа түсімдер, жаңа келісім –шарттар, алыс ақпарат көздеріне қол жеткізу жолдары туралы хабарлама жасалып отырады. Сонымен бірге тоқсан сайын «Жаңа түскен кітаптардың» ақпараттық бюллетені құрастырылып, кітапхана сайтына мәліметтер міндетті түрде беріліп отырады. Ғылыми кітапхананың виртуалдық өкілеттілігі мына мекен -жайда: http://lib.tarsu.kz.



Кітапханада Интернет қызметінің пайдаланылуы ақпарат амасуда үлкен үлесін қосып отыр. Кітапхана оқырмандарымен бірге интернет пайдаланушылары университет сайтындағы (http://tarsu.kz.) сілтеме арқылы кітапхананың ақпараттық әлеуеті туралы мәлімет алуға болатын (http://lib.tarsu.kz.) сайтына кіре алады. Биылғы жылы сайттың басты бетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, пайдалануға тартымды және ыңғайлы етіп жаңартылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет