39 Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы
Азаматтық қоғам түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған.
Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғам – бұл олардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы институттары мен қатынастарының жиынтығы.
Азаматтық қоғамның белгілері:
- адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі;
- өзін-өзі басқару;
- оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;
- еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;
- жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;
- өмір сүру координация қағидатына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);
- экономиканың көпжақтылығы;
- биліктің заңды және демократиялық сипаты;
- құқықтық мемлекет;
- адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |