Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет36/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Мемлекеттік басқару қағидаттарының негізгі рөлін былай түсіндіруге болады:

1) қағидаттар басқару тәжірибесінде ресми бағдар қызметін атқарады, себебі олар заңнама актілерінде бекітіліп, мемлекеттік құрылымды басқару идеясына, мемлекеттік аппаратты реформалауға және мемлекеттік қызметті ұйымдастыруға сай басқару қарым-қатынасының мүшелері іс-әрекеттеріне бағдар береді;

2) қағидаттар мемлекеттік қарым-қатынасты құқықтық негізде реттейтін негізгі мақсат болып саналады;

3) қағидаттар мемлекеттік үдерістерді басқару саласындағы заңнамада реттеуші идеяларды бекітіп, мемлекеттік басқарудың құқықтық негізіне тұрақтылық береді;

4) басқару қағидаттары мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік аппараттың өзге тұлғаларына, азаматтарға, өнеркәсіп, мекеме және ұйым ұжымына тәрбиелік ықпал жасайды.

Барлық қоғам үшін маңызды мағына беретін қағидаттар Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітіліп, жалпы мемлекеттік басқарудың саяси-әлеуметтік негізін анықтайды. Сонымен қатар, құзыреттілігі шектеулі қағидаттар де бар. Олар мемлекет пен қоғамның өзге салалары мен өмірін басқару үшін маңызды.



Осыған орай, мемлекеттік басқару қағидатының түрлері (40-сурет):

- конституциялық (негізгі);

- салалық.

40-сурет. Мемлекеттік басқару қағидатының түрлері



Мемлекеттік басқарудың қағидатының конституциялық (негізгі) түрлері мыналар:

- мемлекеттік билік пен басқару бірлігі;

- заңдылық;

- құқық, еркіндік басымдығы және мемлекет мүддесі алдындағы азамат мүдделерінің заңдылығы;

- мемлекеттік басқаруда азаматтардың қатысуы құқықтарының теңдігі;

- қоғамдық ойды есепке алу және мемлекеттік басқарудағы жариялылық;

- аумақтық-салалық;

- мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандыру үйлесімдігі;

- халықаралық қарым-қатынас.

Салалық қағидаттар мемлекеттік басқарудың экономика, әлеуметтік сала және саяси-әкімшіліктік құрылымдарының жеке ерекшеліктерін көрсетеді.

Экономика саласында салалық қағидаттардың құрылуы заңдылық және республикада нарықтық қарым-қатынастың дамуы ықпалы негізінде қалыптасады. «Қазақстан 2050» Стратегиясы» мынадай маңызды мағынаға ие негізгі қағидаттардан тұрады (41-сурет):

1) экономикалық және басқару шешімдерін түгелдей экономикалық мақсаттылық және ұзақ мерзімді мүдделер тұрғысында қабылдау;

2) Қазақстан толыққанды кәсіпкерлік серіктестік ретінде қатыса алатын жаңа нарықтық тауашаларды айқындау. Экономикалық дамудың жаңа тіректерін құру;

3) экономикалық әлеуетті арттыру мақсатында қолайлы инвестициялық ахуал жасау. Инвестициядан алынатын кірістілік пен қайтарым;

4) экономиканың тиімді жеке саласын құру және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту. Экспортты мемлекеттік ынталандыру.

Мемлекеттік басқару қағидаты әлеуметтік салада осы саланың ерекшелігіне, оның рухани (материалды емес) сипатына, мазмұнына, түрлі бағдардың идеологиялық іскерлігіне және ұйым мен мекеменің жеке меншік нысанына негізделеді.



41-сурет. «Қазақстан 2050» стратегиясының негізгі қағидаттары

Мемлекеттің салалық басқару қағидаттары саяси-әкімшілік құрылымында қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ішкі саясат, әділет, прокуратура және сыртқы істер мекемелерінің ерекшеліктерін көрсетеді.

Мемлекеттік органдар құрылымын қалыптастыру қағидаты мынадай түрлерге бөлінеді:

- желілік;

- функционалдық;

- желілік-функционалдық.



Желілік құрылым бойынша еңбекті басқару «басқару-бағыну» нысаны бойынша жүзеге асады. Мұнда тікелей желілік байланыс және төмен тұрған органдардың бағынуы немесе жоғары тұрған буынға ішкі буынның бағынуы.

Функционалдық түр мемлекеттік органның арнайы құрылымын құру үшін басқарудың ерекше қызметіне сүйенеді. Желілік түрге қарағанда (ішкі байланыс органдары бір уақытта барлық қызметті қамтиды) атқарымды түр жеке қызметті (қызмет сатысын) жүзеге асыруға негізделген құрылымдық бөлімшелерді қамтиды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі функционалдық орган болып саналады. Мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік саясатты жасайды және жүзеге асырады. Агенттік өзіне жүктелген міндеттер мен жүзеге асыру барысында заңнамалық негізде мемлекеттік органдардан өз құзыреттілігіне қатысты материалға сұраныс жасай алады.

Желілік-функционалдық түр желілік және атқарымды қағидаттары бар мемлекеттік органдарға қатысты негізделеді. Осы құрылым түрінде түрлі бөліктерінің бір орган ішінде араласуын қарастырады және алдыңғы екі ұйымдастырушылық түрлерінің тиімді жақтарын ескереді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ішкі құрылым бойынша қарым-қатынас басшы мен атқарушы органдар арасындағы желілікке негізделген, ал министрліктен шығатын ақпарат (кеңес, нұсқау түрінде және т.б.) желілік бөлім басқармасына барып, ал олар оны нақты атқару деңгейіне жолдайды.

Мемлекеттік басқару өз мақсатына жету кезінде, әсіресе, экономика саласында, индикативті жоспарлау қағидатына сүйенген тәжірибе жоғары деңгейдегі тиімділікті көрсетті.



Демократизм қағидаты мемлекеттік басқарудың бұқаралық қағидатымен сипатталады. Ол азаматтардың өз еркімен және жанама түрде мемлекеттік басқаруға кеңінен қатысуын көздейді.

Мемлекеттік басқару жүйесі қызметінің тиімді жұмыс жасауы объективті заңдылықтарды ескеру және қойылған мақсаттарға жету мүмкіндігіне сай объективтілік қағидатты сақтау кезінде жүзеге асады.

Жүйені басқару өзін-өзі реттеу қағидаты негізінде жүреді. Өзін-өзі реттеу қағидаты Қазақстан Республикасы үшін, яғни оның экономикасының дәстүрлі түрде орталықтандырылған деңгейімен сипатталады және басқару қызметі үшін ерекше мағына береді.

Себептілік (каузальды, лат. causalis – себептік, causa – себеп) қағидат, яғни мемлекеттік басқару теориясының себептілігі – қабылданған шешім нәтижесінде әлеуметтік оқиғада бір-біріне ықпал ету деңгейін белгілейтін жалпы қағидаттардың ішіндегі ең ықтималы.

Мемлекет пен азаматтық қоғам қарым-қатынасында толықтыру қағидаты жұмыс жасайды. Оның негізінде осы екі бастаулардың тепе-теңдігін сақтау үшін нормативтік реттеу үдерісін ішкі себептермен пайда болған өзін-өзі реттеу үдерісі толықтырады.

Қоғам қаншалықты ашық болса, оның ішіндегі демократиялық бастама соншалықты күштірек және басқару кезіндегі субъект пен объект арасындағы кері байланыс маңыздылыққа ие болады. Кері байланыс қағидатын ұйымдастыру-технологиялық қағидаттар қатарына жатқызуға болады, бірақ оны мемлекеттік басқару қағидатына қатысты қарастырғанда негізгі сипатта қараған жөн, себебі ол саяси жүйенің қызметінде маңызды рөлге ие.

Кері байланыс қағидатымен ақпараттық жеткіліктілік қағидаты тығыз байланысты. Қоғамда коммуникациялық үдерістердің интенсивтігі мен ақпараттық ағынның көлемі өсіп жатыр және солардың арқасында жүйе элементтерінің байланысы күшейеді. Аталған қағидатты дұрыс пайдалану ақпаратты алушы деңгейінің көтерілуіне байланысты ақпарат жүйеленеді.

Қойылған мақсатқа жету – басқару субъектісінің оңтайлы қағидатты ұстануына байланысты болып келеді. Оңтайлылық – ең аз шығын жұмсап ең жоғары нәтижеге жету деген ой білдіреді. Бірақ, шығын жеткілікті көлемде болып, қажетті деңгейден аспауы керек. Әйтпесе, нәтижеге жету еңбек шартының нашарлауы, заңнаманы бұзу, қосымша жазбалар және т.б. негізінде жүзеге асуы мүмкін.

Мемлекеттік басқарудың маңызды қағидаты болып, әсіресе, жаңа және қазіргі заман тарихында өзінің басымдығын дәлелдеген эволюциялық қағидат болып саналады. Ол басқарудың баяу, жүйелі түрде, жоспарлы, құрушылық сипатын береді.

Мемлекеттік басқарудағы теория мен тәжірибеде ықтималдылық қағидатының орны зор. Тарихи үдерістің бірнеше нұсқа бойынша дамуы оның өз табиғатында алдын ала жоспарланбаған және қатаң түрде анықталмаған. Кез-келген басқару шешімдерін қабылдау кезінде алдын ала жоспарланбаған салдарға әкелуі мүмкін.

Бірақ, мемлекеттік даму үдерісін басқару жақсы жасалып, оның қағидаттарын тиімді пайдаланса, мемлекет азаматтарының саяси шағармашылық үдерісіне араласу мүмкіндігі, жоғары деңгейде, қажет емес кездейсоқтықтың теріс салдары деңгейін төмендетеді. Осы жерден әлеуметтік болжау (алдын алу) қағидаты шығады. Сонымен қатар, ол қате шешім қабылдау тәуекелін азайтады.

Басқарудың ұйымдастыру-технологиялық қағидатының негізінде мемлекеттік билік органдарының ұйымдастыру-басқарушылық және әкімшіліктік-атқару қызметтері жүзеге асады. Осы қағидаттар тобының ішінде еңбекті бөлу қағидаты, сатылық, орталықтандыру және орталықсыздандырудың оңтайлы үйлесімдігі, бірігіп бастаушылық, орталық басқарудың үйлесімдігі, жергілікті басқару, нақтылық, басқарудың бірлігі, бір басшының, өкілеттігін жіберу, басқару ауқымы және т.б. маңызды орынға ие.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік басқару қағидаттарының негізгі рөлі

2. Мемлекеттік органдар құрылымын қалыптастыру қағидаты

3.Мемлекеттік басқарудың қағидатының конституциялық (негізгі) түрлері қандай?

4. Ұйымдастыру-технологиялық қағидаттарының түрлері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет