МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет41/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   105
ОСМАН ИБН АФФАН عثمان ابن عفان - хижіреттің 47 жыл бұрын Таифте дүниеге келді. Пайғамбарымыздан(с.а.у.) алты жас кіші. Халықты жәннатпен сүйіншілеген үшінші халифа.
Осман (Р.А.) әдептілік пен ар-ұяттың жарқын үлгісі. Оның табиғаты өте жұмсақ , көркем мінезді және турашылдықпен біртұтас болып кеткен-ді. Ол 34 жасында мұсылман болды. Ислам келмес бұрын Әбу Ләхабтың ұлы Ұтба Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қызы Руқияға үйленген еді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жаңа бір дінді уағыздағанын естігеннен кейін Ұтба Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Сенің қызыңды да, уағыздаған дініңді де қаламаймын!» - деп хазіреті Руқиямен ажырасып кетті. Осман (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.а.с.) Руқияны өзіне некелесіп қосуын өтініп, оған үйленді.
Мүшріктердің көрсеткен қорлықтарынан құтылмақ үшін Лұт пайғамбардан кейін Эфиопияға жанұясымен көшкен жалғыз Осман (р.а.) еді. Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісімен барлық соғыс алаңдарында бірге жүрген, арқа сүйер жан жолдастарынаң бірі осы Осман (р.а.). Бірақ жұбайы Руқияның науқастанғанына байланысты Бәдір соғысына қатыса алмай қалады. Науқасынан айыға алмай қалған жұбайы қайтыс болады. Соғыстан жеңіспен оралған мұсылмандар Осман (р.а.) қайғысын жеңіспен жеңілдетеді. Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.) екінші қызы Үммүгүлсүмді Османмен некелестіреді. Осыдан кейін Османға (р.а.) «зун-нурайн» яғни қос нұрдың иесі деген есім берілді.
Ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеев адамдардың сұлтаны болған Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың өірі жайлы деректерде достары әрі ізінен ерген сахабалары жайлы да мәліметтер берген. Мысалы, Осман ибн Аффан жайлы «Ғұсман» есімімен былайша жырлаған еді:
Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман, Ғалы да бар,
Жастары бар ішінде, кәрі де бар.
Отыз үш мың сахаба үлкен-кіші,
Садуақас, мажен, Мәлік, Жүсіп – бәрі де бар.
Қасына көп жамиғат ермек болды,
Хақ расул, - бәрі бірге жүрмек болды.
Пайғамбар Хақ Расулы бабасына
Ер Ғұсман қонағасы бермек болды.
Ақынның Осман сахаба туралы басқа да діни лирикалық жырларында көптеген мәліметтер айтылған.
Әдеб.: Әділбаев А. Саңлақ Сахабалар – Алматы, 2004. – Б. 70. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 60.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет