МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку


Құранның аты және басқадай есiмдерi



бет59/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   105
Құранның аты және басқадай есiмдерi:
Кiтабымыз Құранның бiрнеше есiмдерi болса да ең көп қолданылған аты Құран. Құран сөзiнiң түбiрi жайында әр түрлi пiкiрлердiң iшiнен ең таңдаулысы «оқу» және «жинау» мағынасындағы сөздер. Араб тiлi грамматикасы бойынша осы «оқу» және «жинау» мағынасындағы сөздiң арабшасы قَراَ (Қараә) етiстiгi. Етiстiктi орындаған сөз түбiрi мағынасында болған قُران (Құран) түрiнде атау есiмдiгi болған.
Құран есiмiн қойған Алла жәллә жәләлүһү: “Күдiксiз бұл Құран (адамдарды) ең тура жолға салады.”, (Исра сүресi, 9-аят). “Шын мәнiнде бұл Кiтап, (лаухы Махфузда) сақтаулы. Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды. (Дәретсiз кiсi ұстамайды). Ол ардақты Құран әлемнiң Раббынан түсiрiлген.” (Уақиға сүресi, 77-80-аят).
Құранның осы есiмi хазiрет Пайғамбарға түскен аяттармен сүрелердiң барлығын қамтитын беттер жинағына қойылған ең даңқты есiм. Бұл сияқты Құранда жазылған басқадай бiрнеше есiмдерi бар. Құранның тоқсан немес елу бес аты, сипаты кiтабымызда болғаны белгiлi. Бұл есiм немесе сипаттарының ең мәшһүрлерi мынадай:
Китаб, Фурқан, Тәнзил, Зикр, Мәуғиза, Хақ, Мәсани, Қасас, Бурхан, Нур, Рух, Уруәтүл-Уүсқа, Ахсанүл-Хадис, Кәламуллаһ, Уахи, Фасл, Хүда, Рахмет, Шифа, Хикмет, Халиуллаһ, Баян, Қаййум, Тәзкир, Адл, Сидқ, Бәлағ, Бушра, Мәжид, Азиз, Бәшир…


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет