Түйін. Ыңыршақ ер деп көбіне өгізге артқан жүкті көтеретін ерді айтуы да мүмкін. Ал, -шақ//-шек кішірейткіш жұрнақ және икемделген құралдың атауын жасаушы жұрнақ деп екіге бөліп қарастыруының да өз мәні бар. Бәйге атын жал-құйрығын сүзіп, кежімдеген соң жабудың орнықты тұруы үшін ығыршықты атқа салып, белінен тартып қояды. Ыңыршақ, ашамай сияқты, оның үстіне мінуге болмайды. Арғымаққа салған ығыршық арқасына бекімейді (Абыл ақын, (193), Б. Қыдырбекұлы. 1993: 99); Ыңыршақ > ер < ершік.
Ершік. Қазақ тілінде ершік, ұршық сөздері де бар. Ершік – ер-тұрман әбзелі (С.Е. Малов). Ершік – жегу әбзелдерінің – бірі. Ол арба, шанаға жегілетін көліктің арқасына салынатын ер тәрізді болады, қамыт көліктің (аттың) омырауын қағып, иығын баспау үшін керек. Оның қос қапталының астына киіз жапсырылады да, сосын үстіндегі тесігінен өткізілген қайыс айылмен қос дәрте тиісті дәрежеде көтерілініп байланады. Кейде ершіктің орнына ер мен ашамай да қолданылады (Шаңырақ, 1990: 33); С.Е. Малов: ершік-`вещи, скарб`: `плата, выкуп за невесту`; `заключить условие о плате за невесту`; ерчік тіс-`определить плату за невесту`; `заключить условие о плате за невесту`; см. ұрчік, ұрчұк» – деп түсінік береді [11, б.27]. Ершік//ұршық жасалу жолы бір. Л. З. Будагов: гірухэ – нитки, клубкомъ намотанныя на веретено для пряжи (Том II. 125). Ұршық бөлімін – қараңыз. Қ. Жұбанов ер (ез) болған р, з сияқты айтылған, ер-ді ыңыршақ деп атағандай дейді. Ығыршық – ершік, ыңыршақ. АМАШ соқа, мойынтұрық, егіншінің құрал-саймандары (М. Қашқари. Түрік сөздігі. 1997: 136, 137, 138).
Достарыңызбен бөлісу: |