Методические рекомендации по формированию казахстанского патриотизма обучающихся организации образования через программу «ТУҒан жер»


«Туған  жер»  бағдарламасының  екінші  бағытын  «Отаным  –  тағдырым»



Pdf көрінісі
бет10/115
Дата24.01.2022
өлшемі2,77 Mb.
#129733
түріМетодические рекомендации
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   115
Байланысты:
СРСП 1 оз, СРСП 1 оз
«Туған  жер»  бағдарламасының  екінші  бағытын  «Отаным  –  тағдырым» 
базалық жобасы жүзеге асырады.
 
«Отаным  –  тағдырым»  базалық  жобасы  жастардың  азаматтық 
белсенділігін  арттыру,  адами-рухани,  әлеуметтік  құндылықтарды  өрістету, 
кәсіби  маңызды  сапасын  арттыру,  оларды  қоғам  дамуының  әр  саласында 
қолдана білуге үйретуге бағытталған.  
Базалық жобаның негізгі міндеттері: 
1)
 
білім  берудің  барлық  деңгейінде  оқыту,  тәрбиенің  рөлін  күшейту, 
тәрбие сабақтастығын үзбеу;  
2)
 
жастар  арасында  заманауи  батырлардың  жағымды  бет-бейнесін, 
болмысын қалыптастыру; 
3)
 
мемлекеттік  қызмет,  мемлекеттік  мереке,  мемлекеттік  рәміздерді 
кеңінен насихаттау. 
Нәтижелер көрсеткіштері: 
1)
 
патриоттық бағыттағы іс-шаралар саны; 
2)
 
патриоттық  бағыттағы  іс-шарараларға  қамтылған  жастар  мен 
балалар саны; 
3)
 
патриоттық бағытта дайындалған бейнероликтер саны; 
4)
 
білім  алушылар  қатарынан  жастар  және  балалар  оркетрлері, 
ансамбльдері Шерулеріне қатысушылар саны. 
Базалық  жобаны  жүзеге  асыруға  арналған  төмендегі  түйінді  оқиғалар 
тізімі анықталған:  
1)
 
Білім алушыны тәрбиелеудің бағалау жүйесі әдіснамасын жасақтау, 
олармен социологиялық сауалнама жүргізу; 
2)
 
«Алау». Патриоттық бағытта іс-шаралар өткізу; 
3)
 
«Ұлы  дала  тұлғалары».  Білім  алушылардың  өлкенің  табысты 
тұлғаларымен кездесулері; 
4)
 
«Қамқоршы». Демеушілік қозғалыс; 
5)
 
«Жас ұлан». Жастар және балалар қозғалыстары; 
6)
 
«Мақтанышым 
– 
Астанам». 
Олимпиада, 
байқау, 
жарыс 
жеңімпаздарының Астанаға сапарын ұйымдастыру; 
7)
 
«Туған  жер.  Туған  ел.  Туған  глобал».  Аймақтық,  республикалық 
ғылыми-тәжірибелік конференциялар, симпозиумдар. 


23 
 
Жалпы білім беру циклы сабақтары арқылы;  
Сабақ  процесінде  патриоттық  тәрбие  берудің  бір  үлгісі  ғылым,  бизнес, 
мәдениет,  медицина  және  спорт  саласында  керемет  жетістіктерге  жеткен 
«Қазақстанның  100  жаңа  есімі»  жобасының  жеңімпаздарының  өнегелі  өмірін 
үлгі  ету.  Сабақ  мақсатына  жеңімпаздар  өмірі  мен  жетістігін  жайлы 
материалдарды  қолдану  арқылы  жетуге  болады.    Олардың  Тәуелсіздік 
жылдарында ерен еңбегі білім алушылардың ар-намыс, қадір-қасиет, өзгелердің 
мүддесі үшін жанқиярлық туралы ойлауға, патриоттық сезімін қалыптастыруға 
ықпал етеді.  
Кейде  ауа  райының  қолайсыздығына,  басқа  да  жағдайларға  байланысты 
ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың көмегімен сыныпта виртуалды 
саяхат  сабақ  түрінде  өткізуге  болады.  Өлкетану  бойынша  виртуалды  сабақтар 
көмегімен  оқушылар  еліміздің  алыс  аймақтарында  орналасқан  қасиетті 
орындар мен табиғи ескерткіштерге саяхат жасай алады. Бұл үшін өлкетанулық 
материалдар  бірнеше  тілде  дайындалып  ДВД  немесе  СД  дискілеріне    3Д,  4Д, 
5Д,  7Д  форматында  жазылады.  Бұл  форматтар  білім  алушыларға  өлкетану 
материалын  неғұрлым  әсерлі  етіп  жеткізуге  мүмкіндік  береді.  Осылайша, 
мұғалімнің  таңдауымен  өлкетану  сабақтарын  сыныпта  және  сыныптан  тыс 
нысандарда ұйымдастырылады.  
Өлкетану  сабақтарын  ақпараттық-коммуникативтік  технологиялардың 
көмегімен жүргізу. 
Мәдени  мекеменің  қашықтығы,  ауа-райының  қолайсыздығы  тағы  басқа 
кедергілерден  өлкетану  сабақтары  өз  деңгейінде  өткізілмей  қалады. 
Шалғайдағы  елді  мекендерде  мәдени  мекемелердің  жоқтығы  да  осыған  себеп 
болады. Мұндайда, ақпараттық компьютерлік технология көмекке келеді. АКТ 
көмегімен мектеп қабырғасында мәдени мекемелерге виртуальды саяхат өткізе 
аламыз.  
Мектептегі  виртуалды  саяхат  сабақ.
 
Тілі  шықпаған  баланың  өзі  ұялы 
телефонға жармасып, сондағы түрлі- түсті бейнені тамашалай отырып, оны тез 
меңгеріп  алатындығын  жиі  байқаймыз.Бұл  балалардың  жаңа  технологияға 
әуестігін  көрсетеді.  Кинотеатрлардағы  3D,  7D,  5D  форматымен  көрсетілетін 
мультфильмдер,  кинолардан  жаңа  технологиялардың  мүмкіндігімен  бұрыннан 
таныс. 
Бұл технологиялар оқушыларға шынайы сезім сыйлайды 
[8].
  
Виртуалды  сабақта  (virtual  learning  environment,  қысқаша  VLE)  – 
оқушылар өлкетану  сабағында интернет  желісін немесе  электронды оқулықты 
қолданып  тарихи-мәдени  нысандар  мен  табиғат  аясына  виртуалды  саяхат 
жасайды. Сабақ жаңа технологиялардың көмегімен  сыныпта немесе мектептің 
виртуалды  музейінде  өткізіледі.  Виртуалды  музейде  экспозиция  мен 
экспонаттарды 3D, 5D, 7D форматтағы киноқондырғылар арқылы көрсетеміз.  
Сонымен  қатар,  оқушылар
 
заманауи  технологиялар 
көмегімен 
электронды нұсқада дайындалған бейнебаяндарды, тарихи, танымдық, көркем, 
анимациялық және деректі фильмдерді тамашалай алады 
[9].
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет