Методические рекомендации по формированию казахстанского патриотизма обучающихся организации образования через программу «ТУҒан жер»



Pdf көрінісі
бет9/115
Дата24.01.2022
өлшемі2,77 Mb.
#129733
түріМетодические рекомендации
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   115
Байланысты:
СРСП 1 оз, СРСП 1 оз
Мектептен тыс қызмет арқылы тәрбие беру. 
Білім  алушыларға  республикалық  деңгейде  түрлі  шараларға  қатысу 
арқылы  патриоттық тәрбие бере аламыз.  
Туған  жерге  патриоттық  сезімін  көрсететін    мұндай  байқауларға  мектеп 
оқушыларының белсене  қатысуы  маңызды.  Мұндай  жұмыстарда  туған  жердің 
экологиясына  назар  аудару,  флора  мен  фаунасын  сақтау  мен  қорғауға 
басымдық беріледі.  
Бүгінде  білім  алушыларға  экологиялық  тәрбие  беру  мақсатында  білім 
беру  ұйымдары  аудан,  қала  территориясындағы  жасыл  алаңдарды 
көгалдандыру және абаттандыру бойынша түрлі шаралар, науқандар жүргізіліп 
келеді.  Мектеп  оқушылары  «Жасыл  ел»  қозғалысы  аясында  жас  көшеттер 
отырғызу;  табиғат  аясын  қоқыстан  тазарту  сияқты  волонтерлік  қозғалысқа, 
акцияларға қатысуда.  
-  Отандық  білім  саласы  туған  жеріңе,  қоршаған  ортаңа,  өз  тарихына 
құрметпен  қарауға  тәрбиелеп,  ұлттық  құндылықтарды  дәріптеуі  тиіс.  Кең 
ауқымда  өтіп  жатқан  «Бірге  таза  Қазақстан»  экологиялық  акциясының  дәл 
осындай  бағыттары  өте  қажетті  дұрыс  бастама  деп  санаймын.  Мұндай 
шараларға әрқашан қолдау көрсете береміз»,- деді мемлекет басшысы Қ.Тоқаев.  
Жалпы білім беру  ұйымдарында  экологиялық  шаралар  сипатын өзгертіп 
қызықты  өтіп  тұрады.  Мұндай  шаралар  мектеп  қабырғасынан  тыс  жарыс, 
саяхат  түрінде  өтеді.  Оған  экочелендж,  экоқалқан,  экодесант,  экоакции, 
экоселфи, эко жүгіру, эко жарыс, эко сенбілік, эко сағат, эко көрме, экосаяхат, 


22 
 
плоггинг т.б. жатады. 
Мұндай  шаралар  зияткерлік,  экологиялық,  спорттық,  туристік-
өлкетанулық  бағыттарда  болады.  Оқушылар  өлкесін  тазалап,  қоқысын 
сұрыптаумен  қатар  абаттандыруға  атсалысады.  Экологияны  жақсартуға  және 
елді  мекендерді    абаттандыруға  баса  мән  беретін  шаралар  патриоттық  сезімін 
қалыптастырады.  
Мемлекет  басшысы  Қасым-Жомарт  Тоқаев  педагог  қызметкерлерінің 
дәстүрлі тамыз конференциясында - Жинаған жер емес, қоқыс тастамайтын жер 
таза».  Біздің  баламызға  экологиялық  сана  қалыптастыру,  тұрмыстық  тазалық 
пен  гигиена  мәдениетін  әрдайым  дамыту  және  табиғатты  қорғаудың 
маңыздылығын түсінуге үйрету керек- деп экологиялық тәрбие  екенін айтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет