Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет11/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   130
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы
 
 


20 
 
1.2. 
Шетелдік 
мектептерде 
кәсіпкерлік 
негіздеріне 
оқытудың 
ерекшеліктері 
 
Қазіргі  уақытта  жастардың  іскерлік  белсенділігін  қалыптастыру 
мәселесіне  шет  елдерде  де  айтарлықтай  көңіл  бөлінуде.  Көбінесе  дамыған 
елдерде, атап айтқанда АҚШ, Англия және Франция елдерінде мұғалімдер мен 
кәсіпкерлер мектеп тәрбиесінің потенциал мүмкіндіктері, оны шешу мәселелері 
әлі де қолданылмай келеді деген пікірде. [6] 
Қазіргі  заманғы  жағдайда  көптеген  кәсіпкерлер  қызметкерлерден 
аналитакалық  және  жүйелі  ойлау,  бастамашылдық  және  коммуникативтілік, 
жауапкершілік  пен  шешім  қабылдай  алу  дағдыларының  болуын  талап  етеді. 
Мұндай  қасиеттерді  мектеп  деңгейінен  бастап  қалыптастыру  керек.  Алайда 
мектепте  кадрларды  даярлау  мәселесіне  талап  етілмей,  тек  оқу  жетістіктеріне 
назар аударуға басымдық танытылады.  
Бүгінгі  таңда  мектеп  алдында  тұрған  міндеттерге  тек  оқыту  ғана  емес, 
сонымен  бірге  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  мамандыққа  бағдарлау,  жылдам 
өзгеретін қазіргі қоғамда жұмыс істей алатын, қоғамдық өмірге дайындық енуі 
керек.  Мектептің  оқу  жоспарлары  және  оларды  жүзеге  асыру  формалары  тым 
академиялық  болмауы  да  мүмкін  және  ол  нақты  өмірмен  байланысты  болуы 
керек.  Әрине,  шетел  мектептерінде  дамыған  оқытудың  жеке  бағыттары  мен 
кәсіпкерлікке  деген  көзқарастар  отандық  жалпы  білім  беретін  мектептер  үшін 
де қызығушылық тудырады. 
АҚШ-тағы  білім  беру
  үшін  «Мансапқа  бағытталған  білім  беру»  (Carer 
Education)  тұжырымдамасы  жетекші  болып  табылады.  Бұл  тұжырымдама 
жалпы  білім  беретін  мектептегі  барлық  оқу  курстарының  мазмұнын  кешендік 
принципіне  сәйкес  ұйымдастыруды  қарастырады  және  оқушыларды  ауқымды, 
жалпы еңбекке және политехникалық дайындығына көшуді бейнелейді.  
«Мансапқа  бағытталған  білім  беру»  бағдарламасының  негізінде 
кәсіпорындар  мен  мекемелердің  заманауи  қызметкерлеріне  қажетті  кәсіби 
білім,  іскерлік,  дағдылар  мен  жеке  қасиеттерді  бірізділікпен  қалыптастыру 
жатыр.  Жаңа  жұмыс  жағдайларында  өз  бетінше  білім  алу  және  бейімделу 
дағдыларын  қалыптастыратын  педагогикалық  технологияларға  басты  рөл 
беріледі. 
Өткен  ғасырдың  90-жылдарында  АҚШ-та  мектеп  пен  өндіріс  арасында 
байланыс  орнату  туралы  мәселе  көтерілді.  Мектеп  шынайы  өмірде  жергілікті 
қауымдастықпен  байланысқа  түсе  отырып,  оқушыларға  мамандық  таңдаумен 
байланысты дайындықты жүзеге асыруға мақсатты түрде көбірек назар аудара 
бастады.  «Junior  Achievement»  коммерциялық  емес  корпорациясы  АҚШ 
оқушыларын кәсіпкерлікке даярлау бағдарламасын (Business Education) әзірледі 
және  оны  жүзеге  асырудың  мақсаты  жастарды  еркін  бизнеске  үйрету  болып 
табылды. Ұлттық өңірлік орталықтар жүйесі арқылы АҚШ-та жалпы білім беру 
мекемелерінің 4 млн-нан астам оқушысы «Junior Achievement» бағдарламасына 
қатысады. Басқа әлемнің 112 елдерінде бұл бағдарламаға қатысушылар саны 2 


21 
 
млн адамнан асады. Ал, Ресей оқушылары бұл бағдарламаға 1991 жылдан бері 
қатысып келеді. 
«Junior  Achievement»  бағдарламасы  әрбір  оқушының  еркін  кәсіпкерлік 
жүйесін,  сондай-ақ  кәсіпкерлік  қызметтің  практикалық  дағдыларын  түбегейлі 
түсінуіне  жағдай  жасайды.  Бағдарлама  мазмұнын  кәсіпкерлікті  мектеп 
қабырғасынан бастап, оқушылардың бойына сіңіре отырып, мектеп бітіргеннен 
кейін  де  оларды  кәсіпорын  қызметкері  бола  алуға,  еңбек  нарығындағы 
бәсекелестікке төтеп бере алуға және кәсіпкер бола алуға мүмкіндік береді.  
АҚШ-та  «Junior  Achievement»  бағдарламасын  жүзеге  асыру  мақсатында 
оқу  сыныптарына  баратын  және  оқу  материалын  бизнес  жүргізуді  өз  өмірінің 
мысалдарымен  байланыстыратын  76  мыңнан  астам  еріктілер  көмектесетінін 
атап өтуге болады. Еріктілер құрамына кәсіпорын мамандары, кәсіпкерлер, ата-
аналар, жоғары сынып оқушылары, университет студенттері мен зейнеткерлер 
енеді. Бұл ретте олардың жұмыс істеу уақыты айына 10 сағаттан аспайды. Бұл 
«Junior Achievement» білім беру жүйесінің маңызды ресурстарының бірі болып 
табылады.  Бұл  бағдарламаның  маңыздылығын  қоғам  бағалады,  оны  ұлттық 
«Junior  Achievement  Incorporated»  штаб-пәтердің  көптеген  демеушілері 
растайды  (200-ден  астам  АҚШ  корпорациялары,  соның  ішінде  түрлі 
қайырымдылық, 
инвестициялық 
қорлар 
және 
азаматтардың 
жеке 
қайырмалдықтары). [7] 
Американдық «Formative Evaluation» қауымдастығы жүргізген білім беру 
саласындағы  зерттеулер  «Junior  Achievement»  бағдарламасының  түлектері 
кәсіпкерлікті ұйымдастыру принциптерін әлдеқайда көп түсінетіндігін және өз 
құрдастарына  қарағанда  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыруға  айтарлықтай 
дайын екендігін көрсетеді. 
АҚШ-тың  жоғары  сынып  оқушылары  үшін  «Junior  Achievement»  
бағдарламасы  ең  бірінші  және  негізгі  (Student  Company)  мектеп  компаниясы 
болып  табылады.  Мектеп  компаниясының  арқасында  жыл  сайын  миллионнан 
астам  оқушы  бизнес  жүргізу  және  жеке  қаржылық  есепті  жүзеге  асыру 
ережелерін  зерделейді.  Оқушылар  несие  картасын  пайдалануды  үйренеді, 
жарнама және коммерциялық қызмет дағдыларын игереді, шағын кәсіпорынды 
басқаруды  меңгереді.  Мектеп  компаниясы  оқушыларға  кәсіпкердің  жеке 
қасиеттерін,  оның  ішінде  кәсіпкерлік,  қарым-қатынас,  тәуелсіздік  пен 
жауапкершілікті  қалыптастыруға  ықпал  етеді.  «Менің  бизнесімді  бастау  үшін 
не  қажет?»,  «Мен  қор  биржасына  қаражатты  қалай  сәтті  инвестициялай 
аламын?», «Бүгінгі кәсіпкерлердің жеке тұлғалық қандай қасиеттерін басты деп 
санайды?»  т.б  осындай  сұрақтарға  жас  табысты  инвесторлар  мен  кәсіпкерлер 
жауап іздейді. 
«Young  Money  Magazine»  жастар  журналының  басылымы  АҚШ-тағы 
мектеп 
компанияларының 
дамуына 
және 
жастардың 
кәсіпкерлік 
көзқарастарының  қалыптасуына  ықпал  етеді.  Журнал  редакторы  T.  Ромердің 
пікірінше, «Біз, білім беру қызметі нарығында бүгінгі жастар үшін аса маңызды 
материалдарды  жеткізу  үшін  жағдай  жасаймыз.  Кәсіпкерлік  білімге  деген 
қызығушылық  деңгейінің  жоғары  өсуіне  байланысты  бүгінде  жастардың 


22 
 
көпшілігі  ақшаны  басқару  саласында  әлдеқайда  білімді.  Жасөспірімдер  ақша 
табу, инвестициялау және ақша жұмсау тұрғысынан не істеу керектігін білгісі 
келеді.  Мектеп  компанияларының  негізгі  мақсаттарының  бірі  –  жастардың 
экономикалық өмірге деген қабілеттерін қалыптастыру».  «Junior Achievement» 
компаниясының  жетекші  американдық  фирмалармен  ынтымақтастығы 
маңызды болып табылады. 
«Ackerley 
Group» 
корпорациясының 
«Junior 
Achievement» 
қаржыландырудағы  серіктестігі  жастардың  бизнес-білім  беру  ұлттық  идеясы 
мен  корпорацияның  өзінің  жарнамалық  науқанын  үйлестірудің  үлгісі  болып 
табылады.  Жарнамалық  науқан  жастардың  көп  бөлігі  мектеп  компаниясына 
қатыса  алатындай,  бизнес  әлемінен  қосымша  еріктілерді  жалдау  үшін 
жасалады.  «Junior  Achievement»  бағдарламалары  үшін  еріктілерді  іріктеу 
бойынша  жарнама  телевизиялық  арналар  арқылы  және  «Аckerley  Group» 
радиостанцияларының  көмегімен  жүргізіледі,  сондай-ақ  бүкіл  ел  бойынша  10 
млн.  адамнан  асатын  аудиторияға  жететін  жарнамалық  тақтада  жарияланады. 
«Аckerley» 
корпорациясының 
қызметкерлері 
бағдарламаға 
мектеп 
компанияларының  бизнес-консультанттары  ретінде  қатысады.  Мұндай  рөл 
оларға  маркетинг,  жарнама,  өндіріс  саласындағы  кәсіби  білімдерін  таратуға, 
сондай-ақ қоғамның әрбір азаматының ел экономикасындағы рөлін нақтылауға 
мүмкіндік  береді.  Компания  өз  мамандарының  оқушылармен  жұмыс  істеген 
уақытын  төлейді  (аптасына  бір  сағат).  «Аckerley  Group»  төрт  ірі  астаналық 
нарықтарда және Америка Құрама Штаттарының 70-тен астам әуежайларында 
сыртқы  жарнаманы  жүзеге  асыратын  18  тәуелсіз  компанияны  қамтиды. 
Корпорацияның жарнамасын тоғыз теледидар станциясы таратуды жүргізеді. 
«Junior Achievement» бағдарламаларын ілгерілету және мектеп компанияларын 
дамыту  баскетбол  бойынша  жарыстарда  да  жүзеге  асырылады.  1997  жылдан 
бастап  Ұлттық  баскетбол  қауымдастығының  (ҰБҚ)  мүшесі  бола  отырып, 
«Аckerley  Group»  «Junior  Achievement  Inc.»  демеушілік  түсімдерді  (орта 
есеппен оның жылдық жалпы түсімдерінің 6% - ға дейін) қамтамасыз етеді. 
1999 жылдан бастап «Hewlett-Packard» корпорациясы «Junior Achievement 
International» 
компаниясымен 
бірлесіп 
мектеп 
компанияларының 
қатысушылары  үшін  әлемнің  80-нен  астам  елінен  1  мыңнан  астам  мектеп 
оқушыларының  командалары  арасында  кәсіпкерлік  қызмет  бойынша 
компьютерлік  модельдеудің  халықаралық  турнирін  ұйымдастырады.  Гарвард 
университетінің  ғалымдары  жасаған  бағдарламалық  жасақтаманы,  интернетті 
және электрондық поштаны қолдана отырып, оқушылар қай команда ең тиімді 
бизнес ұсынатындығы бойынша жарысады. 
«Microsoft» корпорациясы және оның іскерлік серіктестері 5 мыңға жуық 
оқушының тәлімгерлері болып табылады. Корпорацияның жұмыс орындарына 
баратын  мектеп  оқушылары  «Бизнестің  шынайы  әлемін»  білуге  мүмкіндік 
алады. Олар желілік менеджердің, цифрлық ақпарат тасымалдаушымен диалог 
бойынша маманның, бағдарламалық жасақтама жасаушының, ақпараттық жүйе 
әкімшілігінің, 
техникалық 
редактордың, 
бухгалтердің, 
сату 
бөлімі 
менеджерінің  және  жарнама  қызметі  қызметкерінің  жұмыс  орындарымен 


23 
 
танысады.  «Microsoft»  компаниясының  «Мансап  күні»  бағдарламасына 
қатысуы 
электрондық 
өнеркәсіптегі 
және 
телекоммуникациялық 
компаниялардағы  жұмыс  күшінің  жетіспеушілігін  жоюға  бағытталған 
«Қабілет»корпорациясы  бағдарламасының  бір  бөлігі  болып  табылады. 
«Қабілет»  бағдарламасы  білім  алуға  және  жасөспірімдердің,  әртүрлі  білім 
деңгейлері  мен  қабілеттері  бар  адамдардың  болашақ  мансап  мүмкіндіктерін 
кеңейту мақсатына бағытталған. 
Бұл  бастамаға  «Microsoft»  корпорациясының  қатысуы  жастардың 
кәсіпкерлікке  шынайы  дайындығын  қалыптастыруды  қамтамасыз  ететін 
компанияның  қоғамдық  міндеттемесін  айқындайды.  Осындай  қызметпен 
компания  өзінің  «Жоғары  технологиялық  өнеркәсіпке  білікті  қызметкерлер 
қажет» ұранын жүзеге асырады. 
Корпорация  бүгінде  346  мың  қызметкерді  біріктіретін,  АҚШ 
коммуникациялық технологиялар ақпараттық қауымдастығының мүшесі болып 
табылады.  АҚШ  сауда  департаментінің  бағалауы  бойынша,  2010  жылға  қарай 
елдің компьютерлік және телекоммуникациялық компанияларына жаңа жұмыс 
орындары үшін 1,3 млн жұмысшы қажет болды. Өсіп келе жатқан бұл өндіріс 
Microsoft  немесе  оның  серіктес  компанияларында  оқушылардың  болашақ 
мансабы үшін мүмкіндіктері зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет