Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет13/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   130
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы
Франциядағы кәсіпкерлік білім. 
Барлық дамыған елдердегідей, Францияда 
да  мектепке ұлттың  болашағы, ұлттық экономиканың кадрлары  қалыптасатын 
әлеуметтік  институт  ретінде  көзқарас  кең  таралған.  Франция  мектептеріндегі 
білім  беруді  модернизациялау  жолдарын  анықтау,  әлемдік  нарықтағы 
бәсекелестіктің  күшеюі  жағдайында  ғылыми-техникалық  революция  мен 
жаһанданудың әсері орын алады. 
Білім  беру  сапасын,  оның  ішінде  мектеп  оқушыларын  кәсіпкерлік 
даярлауды  елеулі  түрде  арттыру  қажеттілігі  мемлекеттік  органдардың 
шешімдерінде,  ғалымдардың  еңбектерінен,  Француз  жұртшылығының 
пікірлерінен  байқалады.  Бұл  ретте  бүгінгі  білім  беру  экономиканың, 
техниканың,  қоғамдық  қатынастардың  қазіргі  заманғы  даму  кезеңін  көрсетіп 
қана  қоймай,  сондай-ақ  XXI  ғасырдағы  елдің  ғылыми-техникалық  дамуының 
перспективалық деңгейіне сәйкес келуі тиіс екендігін де көрсетеді. 
Барлық  оқушыларға  сапалы  экономикалық  білім  беру  қажеттілігі  1985 
жылы  Францияда  қабылданған  «Болашақ  білім»  үкіметтік  бағдарламасында 
атап өтілген. Францияда бастауыш мектеп жасынан бастап балаларды мақсатты 
түрде  қазіргі  өндіріс  пен  негізгі  мамандықтар  туралы  жалпы  түсінік  беріліп, 
экономикалық білімнің негіздерімен таныстыра бастайды. 
Еңбек тағылымдамасы процесінде бағдарлама мен оны өткізу орнын ата-
аналармен  келісе  отырып,  француз  оқушылары  ақшалай  сыйақы  алады, 
осылайша  отбасына  табыс  әкеледі.  Мамандарды  сапалы  дайындауда  орта 
мектеп  оқушыларын  кәсіпкерлікке  баулу  процесінде  тікелей  мүдделі 
компаниялар  мен  кәсіпорындар  белсенді  қатысады.  Лицейдің  екінші 
сыныбынан  бастап  (орта  мектепте  оқудың  оныншы  жылы)  оқушылар 
әлеуметтік-экономикалық сипаты айқын топта оқуды таңдай алады. 
Францияда  айқын  белгіленген  педагогикалық  мәнге  ие  болған 
кооперативті  қозғалыс  үлкен  қызығушылық  тудырды.  Ауылшаруашылық, 
табиғатты  қорғау  немесе  басқа  бағыттағы  кооперативтер  балаларды 
қызығушылықтары бойынша біріктіріледі. 


27 
 
Франциядағы  қазіргі  кооперативтік  қозғалыс  ХХ  ғасырдың  20-
жылдарында  «Жаңа  тәрбиемен»  айналысқан  С.  Френэнің  идеяларының 
жалғасы  болып  табылады.  С.  Френэнің  пікірінше,  оқушыларды  жемісті 
тәрбиелеу  оқытудың  жаңа  материалдық  құралдарын  кеңінен  қолдану  арқылы 
ғана  мүмкін.  Ол  өз  мектебінде  осы  жаңа  құралдардың  ішінде  бірінші  орынға 
баспахананы  қойды.  Осы  уақытқа  дейін  Френэ  әдісімен  жұмыс  істейтін  баспа 
машинасы Франция мектептерінің ажырамас бөлігі болып табылады. 
С.  Френэ  дәстүрлі  мектепте  практикалық  кәсіпкерлік  дайындыққа 
қаншалықты  аз  көңіл  бөлетініне  таң  қалып,  сынға  алады.  Френэнің  пікірінше, 
математиканы оқытуда теорияны азайтып, есептеудің практикалық дағдыларын 
дамыту  уақытын  көбейту  керек  дейді,  яғни  балаға  өмірде  тікелей  пайдалы 
болатын  нәрсе,  мысалы,  бюджетті  құру,  сатушымен  немесе  сатып  алушымен 
есептеу және т.б.  
С.Френэ  әдісі  бойынша  жұмыс  істейтін  мектепте  «Мектеп  кооперативі» 
құрылып,  оның  мүшелері  барлық  оқушылар  болып  саналады.  Кооперативте 
бірнеше оқушы мен мұғалім құрамынан тұратын Кеңес құрылған. 
Кооперативтің  бақылауында  мектептің  барлық  шаруашылық  қызметі, 
оқушылардың  өзіне-өзі  қызмет  көрсету  жұмысы  енеді.  Сонымен  қатар 
кооператив  тәртіптік  ұйым  болып  та  табылады:  ол  мектептегі  әртүрлі  тәртіп 
бұзушылықтардың  жағдайларын  қарастырады,  оқушылар  арасындағы 
қақтығыстарды  талдайды,  кооператив  мүшелерін  көтермелеу  және  жазалау 
мәселелерін  шешеді.  Кеңес  құрамы  жыл  сайын  өзгеріп  отырады,  мектеп 
кооперативінің  құрылымы  жалпы  өте  демократиялық  және  өзін-өзі  басқару 
қағидаттарына  негізделген,  яғни  бұл  балаларды  кәсіпкерлікке,  тиімділікке, 
тәуелсіздікке, жауапкершілікке тәрбиелеуге көмектеседі.  
С. Френенің идеялары әлі күнге дейін мектеп біліміне айтарлықтай әсер 
етуде. Қазір бұл «Сынып – кооператив» қағидаты бойынша өз қызметін жүзеге 
асыратын мектеп кооперациясының тұтас педагогикалық қозғалысы. 
1928 жылы Францияда мектеп кооперативтерінің ұлттық бюросы (OSCE) 
құрылды,  мектеп  кооперативіне  енгендер  бүгінгі  күнде  әлі  де  бірқатар 
жеңілдіктер  алады.  Өткен  ғасырдың  80-ші  жылдары  Францияда  және 
Еуропаның кейбір елдерінде  жалпы білім беру, кәсіптік – еңбекке оқыту және 
кәсіптік  бағдарлау  процесінде  кәсіпкерлік  қызметке  қарқынды  дайындық 
бағдарламасы болып табылатын «Мансапқа дайындық мақсатында білім беру» 
тұжырымдамасы әзірленді. Мұндай бағдарлама мектеп пен өндіріс арасындағы 
алшақтықты  жою,  мектеп  экономиканың  кәсіпкерлік  секторымен  сенімді 
байланысын орнату үшін жасалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет