Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет16/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   130
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы
2.
 
«КӘСІПКЕРЛІК  ЖӘНЕ  БИЗНЕС  НЕГІЗДЕРІ»  ПӘНІН  ОҚЫТУДЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 
 
2.1 
«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәнін  оқытуда  оқыту 
технологияларын қолдану 
 
Әдістемелік  ұсынымдамада  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәнін 
оқытуда  кәсіпкерлік  оқытудың  жаңа  тәсілдемелері,  оқыту  технологиялары, 
геймификация әдісі, STEM-білім беру, кейс-әдісі, TAMS әдісі, PBL – жобалық 
зерттеу  әдістемерін  оқу  процесіне  қолданудың  ерекшеліктері  нақты 
мысалдармен көрсетілген. 
«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәнін  оқытуда  оқыту  әдістерін 
қолданудан  бұрын,  оқу  процесінде  оқыту  технологияларын  қолдану 
ерекшелігін білу маңызды. 
Оқыту  технологиясы  –  берілген  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыруға 
мүмкіндік беретін оқыту мен тәрбиелеудің теориялық процестерге негізделген 
құралдары мен әдістерінің жиынтығы. 
Оқыту технологиясының қолданыстағы түрлері: 
1.  Дәстүрлі  (репродуктивті)  технология.
  Білім  алушыға  репродуктивтік 
сипаттағы  атқарушылық  функциялар  рөлі  беріледі.  Мұғалімнің  әрекеті 
түсіндірумен, көрсетумен, оқушылардың жетістігін бағалаумен және түзетумен 
байланысты. 
2. Дамыта оқыту технологиясы.
 Даму процесі, атап айтқанда оқыту мен 
дамытудан  кейін  ақыл-ой  дамуы  жүреді.  Оқушылардың  ақыд-ой  дамуын 
оқытудың  тиімділігі  есебінен  жеделдетуге  болады.  Күрделіліктің  жоғары 
деңгейінде жылдам қарқынмен оқыту принципі теориялық білімге жетекші рөл 
атқарады. Оқу іс-әрекетінің түрлі жағдайларында оқушылардың рефлексиясын 
ынталандыру. 
3.  Ақыл-ой  әрекеттерін  кезең-кезеңмен  қалыптастыру  технологиясы. 
Білім, білік және дағдыларды іс-әрекеттен тыс игеруге және сақтауға болмайды. 
Әрекеттерді қатесіз орындау үшін адам бұл жағдайда не болатынын, не болып 
жатқанын қандай аспектілерге назар аудару керек екенін білуі керек.  
Меңгерудің  алты  кезеңі:  мотивацияны  актуализациялау,  әрекет  негізінің 
бағдарлы  сызбасын  білу,  сыртқы  материалдандырылған  формада  әрекеттерді 
орындау,  сыртқы  сөйлеу  кезеңі,  ішкі  сөйлеу  кезеңі,  әрекеттің  ішкі  жоспарға 
ауысу кезеңдерін қамтиды. 
4. Ұжымдық өзара әрекеттесу технологиясы.
 Ұйымдастырылған диалог, 
үйлесімді  диалог,  ұжымдық  оқыту  әдісі,  ауыспалы  құрамдағы  оқушылардың 
жұмысы.  Сабақ  барысында  әркім  ақпараттың  бір  бөлігін  пысықтайды,  оны 
серіктесімен алмасады, ол өз кезегінде бірлескен оқу әрекеті үшін жаңа серіктес 
іздейді. 
5. Толық меңгеру технологиясы.
 Технология оқушылар үшін білім, білік, 
дағдыларды меңгерудің бірыңғай белгіленген деңгейін анықтайды, бірақ әрбір 
оқушы  үшін  уақытты,  әдістерді,  нысандарды,  еңбек  жағдайларын  ауыспалы 


33 
 
етеді.  Танымдық  іс-әрекеттің  мақсаттары:  білу,  түсіну,  қолдану,  жалпылау, 
бағалау.  Барлық  материалдар  оқу  бірліктеріне  бөлінеді.  Әр  оқу  бірліктерінде 
үшін  оқушыға  қабылдау,  түсіну  және  есте  сақтау  үшін  қолайлы  әдістерді 
таңдауға  мүмкіндік  беретін  дидактикалық  материал  жасалады.  Бүкіл  тақырып 
бойынша  оның  толық  меңгеру  этолоны  анықталады.  Этолон  бойынша 
тақырыпты меңгергені үшін бағалау қорытынды тексеруден кейін қойылады. 
6. Деңгейлік оқыту технологиясы.
 Деңгейлік оқыту технологиясы  
жылжымалы  және  құрамы  бойынша  салыстырмалы  біртекті  топтарға  бөлу 
есебінен  деңгейлік  саралауды  көздейді,  олардың  әрқайсысы  базалық  және 
вариативті  деңгейлерде  түрлі  білім  беру  салаларында  бағдарламалық 
материалды меңгереді (базалық деңгей мемлекеттік стандартпен айқындалады, 
вариативті – базалық деңгейден төмен емес шығармашылық сипатта болады).  
Саралап  оқытудың  үш  нұсқасы  пайдаланылады:  саралап  оқыту  әрбір 
оқушының  оқу  материалын  меңгеру  деңгейін  ерікті  түрде  таңдауын, 
оқушылардың  өзіндік  жұмысын  әртүрлі  деңгейлерде  ұйымдастыруды,  жеке 
жоспар бойынша озық оқуды көздейді. 
7. Бейімдік оқыту технологиясы.
 Бейімдік оқыту технологиясы деңгейлік 
оқыту  технологиясының  бір  түрі  болып  табылады,  ол  оқушылардың  жеке 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  сабақтарды  ұйымдастырудың  икемді  жүйесін 
қамтиды.  Бұл  технологиядағы  негізгі  бағыт  оқушыға,  оның  қызметіне,  жеке 
басының  қасиеттеріне  беріледі.  Олардың  оқу  дағдыларын  қалыптастыруға 
ерекше көңіл бөлінеді. Бейімдік оқыту технологиясын қолданудағы басымдық 
өздік  жұмысқа  беріледі.  Бұл  технология  оқу  кезеңдерінің  ұзақтығы  мен 
реттілігін мақсатты түрде өзгертуге мүмкіндік береді. 
8. 
Бағдарламалық  оқыту  технологиясы.
 
Бағдарламалық  оқыту 
технологиясының  сипаттамалық  белгілері  –  бұл  арнайы  құралдарды  қолдана 
отырып,  алдын-ала  жасалған  оқу  бағдарламасына  сәйкес  өзін-өзі  оқыту 
технологиясы. Ол әрбір оқушыны өзінің жеке ерекшеліктеріне (оқыту қарқыны, 
алған  білім  деңгейі  және  т.б.)  сәйкес  оқытуды  жүзеге  асыру  мүмкіндігін 
қамтамасыз  етеді.  Бағдарламалық  оқыту  технологиясын  жүзеге  асырудың 
негізгі  құралы  –  оқу  бағдарламалары.  Ол  белгілі  бір  білім  бірлігін  игеру 
бойынша әрекеттер тізбегін белгілейді. Оқу бағдарламалары бағдарламаланған 
оқулық  немесе  баспа  құралдарының  басқа  түрлері  немесе  компьютерлік 
техниканың көмегімен берілетін бағдарламалар түрінде жасалуы мүмкін. 
9. 
Компьютерлік 
оқыту 
технологиясы.
 
Компьютерлік 
оқыту 
технологиялары  барлық  дидактикалық  мәселелерді  шешуге  мүмкіндік  береді. 
Компьютерлер  белгілі  бір  ақпаратты  береді,  оқушылардың  игергенін  және 
қаншалықты  дәрежеде  екенін  тексереді,  тиісті  теориялық  білім  мен 
практикалық  дағдыларды  қалыптастырады,  электронды  кітапханаларға,  негізгі 
отандық  және  халықаралық  мәліметтер  базасына  қол  жеткізуге  мүмкіндік 
береді. Кейбір компьютерлік бағдарламалар оқу қарқынын оқушылардың жеке 
ерекшеліктеріне  бейімдейді,  әр  жауапты  талдай  алады  және  осы  негізде  оқу 
материалының келесі бөліктерін орната алады және т. б. 


34 
 
10. 
Проблемалық 
оқыту 
технологиясы.
 
Проблемалық 
оқыту 
технологиясы  мұғалімнің  жетекшілігімен  оқушылардың  оқу  мәселелерін 
шешуге  арналған  өзіндік  ізденіс  әрекетін  ұйымдастыруды  қамтиды,  оның 
барысында  оқушылар  жаңа  білім  мен  дағдыларды  қалыптастырады, 
қабілеттерін, танымдық белсенділігін, шығармашылық ойлауын және басқа да 
жеке қасиеттерін дамытады. Проблемалық оқыту кезінде мұғалім білімді дайын 
түрде  хабарламайды,  бірақ  оқушыға  проблемалық  мәселе  қояды,  оны 
қызықтырады,  оны  шешудің  жолын  табуға  деген  ынтасын  оятады. 
Оқушылардың  өзіндік  танымдық  деңгейіне  сәйкес  проблемалық  оқыту  үш 
негізгі  формада  жүзеге  асырылады:  проблемалық  мазмұндау,  ішінара  іздеу 
және тәуелсіз зерттеу қызметі. 
11. Модульдік оқыту технологиясы.
 Модуль – бұл оқу мазмұны мен оны 
игеру  технологиясын  біріктіретін  мақсатты  функционалды  түйін.  Модульдің 
құрамы:  мақсатты  әрекет  жоспары,  ақпарат  банкі,  дидактикалық  мақсаттарға 
қол жеткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық.  
Модульдік оқыту кезінде өз бетінше оқуға көп уақыт беріледі және өзін-
өзі бақылау мен өзін-өзі бағалауға ерекше көңіл бөлінеді. 
12. Жобалық оқыту технологиясы.
 Жобалық оқыту технологиясы өнімді 
оқыту идеясын практикалық жүзеге асыру нұсқаларының бірі болып табылады. 
Өнімді  оқыту  білім  беру  процесінде  өнімді  қызметтің  жеке  тәжірибесі 
екендігімен сипатталады. Өнімді оқытудың мақсаты білім көлемін игеру және 
білім  беру  бағдарламаларын  өту  емес,  оқушылардың  жеке  тәжірибесін  және 
олардың әлем туралы идеяларын нақты пайдалану, дамыту және байыту болып 
табылады.  Әрбір  бала  өзінің  жеке  басын  көрсетіп  қана  қоймай,  оны  байыта 
алатын нақты іс-әрекетке мүмкіндік алады. 
13.  Қашықтан  оқыту  технологиясы.
  Қашықтан  оқыту  технологиясы  – 
бұл  электрондық  пошта,  теледидар  және  интернет  сияқты  заманауи 
телекоммуникация  жүйелері  арқылы  оқу  отырысына  қатыспай  білім  беру 
қызметтерін алу. Оқу материалдарын алғаннан кейін білім алушы білімді үйде, 
жұмыс орнында немесе арнайы компьютерлік сыныпта меңгере алады.  
Қашықтан  оқыту  кезіндегі  кеңес  білім  алушылардың  жұмысын  басқару 
және оларға пәнді өз бетінше оқып-үйренуге көмек көрсету нысандарының бірі 
болып табылады. Қашықтан оқыту технологиялары оқытудың түрлі әдістер мен 
қосымшалар  арқылы  арқылы  жүзеге  асырылады  Zoom.us,  Whatsarp,  Google 
classroom, Bilimland (online-mektep.org) және т.) [10] 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет