Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»


Кейс  « Ауылда  миллион  теңгеге  пайдалы  бизнесті  қалай  ашуға



Pdf көрінісі
бет30/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   130
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы
Кейс 
«
Ауылда  миллион  теңгеге  пайдалы  бизнесті  қалай  ашуға 
болады» 
Мақсаты:  
-
 
оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дамыту
-
 
отандық өнімдерді жасауға ынталандыру. 
 
Қызылорда  облысы  Жалағаш  ауданы  Жаңаталап  ауылының  тұрғыны 
Мейрамкүл  Романқұлова  ауыл  шаруашылығын  қаржылай  қолдау  қорының 
қолдауымен көрпе мен киіз үй тігетін цех ашты. 
Идея 
Бұрын  ауыл  тұрғындары  мал  жүнін  қырқып  қоқысқа  тастағанда  немесе 
өртеп  жібергенде,  Мейрамкүл  әрқашан  оның  дұрыс  емес  екенін  ойлайтын, 
өйткені жүн – бұл көптеген пайдалы заттарды өндіруге арналған шикізат екенін 
түсінген  болатын.  Егер  ол  өз  ісін  ашса,  жүнді  кез  келген  ауылда  еш 
қиындықсыз және арзан бағамен сатып алуға болатынын түсінді. 
Ресурстар 
Жүн  өңдеу  цехының  жұмысын  ұйымдастыру  бойынша  жоспар  жасап, 
Мейрамкүл  «Ауыл  шаруашылығын  қаржылай  қолдау  қоры»  АҚ  арқылы 
миллион теңге несие алды. 
Алматы  облысында  Мейрамкүл  жүнді  өңдеуге  арналған  станок  сатып 
алды,  себебі  қол  еңбегімен  жүнді  өңдеу  жұмысы  қиын  әрі  баяу  жүретін 
процесс,  ал  станок  сағатына  20  килограммға  дейін  жүнді  өңдейді.  Ал  цех 
жұмысшыларын Мейрамкүл жұмыспен қамту бағдарламасы аясында алды және 
ол тиімді болатын. 
Өнім 
Қазір  Жаңаталап  ауылының  жаңа  цехында  сапалы  жылы  көрпелер,  киіз 
үйге арналған бұйымдар сұранысқа ие. Бұл өңірде шикі жүнмен Мейрамкүлден 
басқа ешкім айналыспайды. 
Масштабтау 
Есебі  мықты  кәсіпкердің  алдағы  жоспарлары  да  бар  -  ол 
механикаландырылған тоқыма цех ашуды жоспарлауда. Түрлі модификациялы 
өнімдерді тоқуға арналған тоқыма мәшинелері өте көп. Цех иесі атап өткендей, 
цехта  жүн  жетерлік,  оны  бояу,  одан  тоқылған  бұйымдарды  жасау,  оларды 
нарыққа шығару қиын болмайды. 


62 
 
«Бизнестің  жол  картасы-2020»  бағдарламасы  бойынша  Мейрамкүл 
Романқұлова  600  мың  теңге  көлемінде  екінші  грант  алды,  бұл  дегеніміз 
Мейрамкүлдің кәсіпорынында қосымша тағы жұмыс орындары ашылады деген 
сөз. 
Соңғы  он  жылда  жуылған  жүн  мен  шикі  тұздалған  терілерді  өндіру  іс 
жүзінде  тоқтап  қалған,  ал  бұл,  әрине,  Ресейде,  Түркия  мен  Қытайда  оларға 
деген  үлкен  сұраныс  аясында  бұл  тауашалар,  ұтымды  қолданылса,  кәсіпкер 
үшін зор мүмкіндік болуы мүмкін. 
Дереккөз:
https://baigenews.kz/analysis/reviews/kak_za_million_tenge_otkrit_vigodn
ii_biznes_na_sele/
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет