Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет38/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   130
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы
Команда құрамы  
Оқушылар саны тең 3-4 команда. Бір командада ең дұрысы 3-5 адам болу 
керек.  Команда  құрамын  тәжірибесі  әртүрлі  оқушылардан  құруға  тырысыңыз. 
Команда құру үшін оқушыларды командаға бөлудің кез келген әдісін қолдануға 
болады.  
Ойын барысы  
Оқушыларды командаға бөлу – 3 минут. Екі оқушы барлық карточканың 
арасынан  кездейсоқ  бір  карточканы  алады.  Карточкада  жазылған  сөзді  оқып, 
оны  тақтаға  жазыңыз.  Сөздер  бір-бірімен  мағынасы  жағынан  немесе  қасиеті 
жағынан мүлдем байланысты болмауы керек. Әр команданың тапсырмасы – 3-5 
минутта  карточкада  көрсетілген,  бір-бірімен  байланыспайтын  заттардың 
сипатын немесе қасиетін пайдаланып жаңа бизнес-идея ойлап табу. Әр идеяны 
бір  минутқа  жеткізбей  айтып  шығуларын  сұраңыз.  Барлық  презентация 
аяқталғаннан кейін оқушылардан егер жеткілікті ресурс (ақша, білім, тәжірибе, 
дағдылар, таныстар) болса осы командамен бірігіп осы идеяны ертең-ақ жүзеге 
асыра аласыңдар ма деп сұраңыз. 
Бастапқы идеялары туралы қайта ойлану үшін әр командаға қосымша 3-5 
минут беріңіз. Командалық жұмысты тағы бір рет өткізіп, алғашқы идеяларын 
ертеңнен бастап кететіндей қайта қараңдар деп тапсырма беріңіз.  
Әр  идеяны  бір  минутқа  жеткізбей  түсіндіріп  беруі  керек.  Қызықты  бизнес-
идеяны  табу  –  өте  қиын.  Оқушылар  нұсқаулықтың  алғашқы  төрт  қадамын 
орындау  кезінде  ғана  оған  қол  жеткізе  алды.  Енді  командалар  идеяларын 
шынайы  өмірде  жүзеге  асырған  кезде  қандай  қиындықтарға  тап  болатынын 
елестетіп, оны энергия және ресурс шығыны тұрғысынан сараптауға талпынды.  
«Нұсқаулықтың алтыншы қадамын орындау кезінде идея қалай өзгерді?», «Не 
үшін деп ойлайсыңдар?» деген сұрақтар қойыңыз.  
Талқылау  аяқталғаннан  кейін  ойынның  осы  кезеңіндегі  бизнес-идеяны 
өмірімнің  алдағы  20  жылында  айналысатын  ісім  деп  елестетіп  көруді 
ұсыеныңыз. «Бұған дайынсыңдар ма?», «Идеяда тағы нені қайта қарау керек?», 
«Оны тағы қалай жақсартуға немесе өзгертуге болады?» деп сұраңыз.  
Оқушылардың  осындай  сұрақтардан  кейін  идеяларын  толықтай  қайта  қарауға 
қызығушылықтары  оянады.  Осы  идеялар  туралы  қайта  ойланып  көру  үшін  әр 


73 
 
командаға  қосымша  3-5  минут  беріңіз.  Бұл  бизнес  алдағы  20  жылда 
айналысатын істерің болады деген шартпен осы идеяны қайта қарап шығыңдар 
деп,  командалық  жұмысты  тағы  бір  жүргізіңіз.  Әр  идеяны  бір  минутқа 
жеткізбей айтып шығуларын сұраңыз. Соңғы кезеңді орындау кезінде идеяның 
қалай  өзгергені  туралы  сұрақ  қойыңыз.  Әр  команданың  соңғы  идеясын 
талқылап, ең үздік идеяға дауыс беріп, жеңімпаз команданы анықтаңыз.  
Қорытындылау:  
Оқушылар  ойын  нәтижесінде  әрқайсы  3  минутта  бір-бірімен 
байланыспайтын  екі  сөзге  сүйеніп  бизнеске  арналған  жаңа  идея  таба 
алғандарын  ұғыну  керек.  Осы  арқылы  жаңа  бизнес-идеяны  жасау  кез  келген 
креативті  ойлана  алатын  адамның  қолынан  келетін  іс  екенін  түсінеді. 
Оқушылар  идея  ойластыру  кезінде  командалық  жұмыстың  артықшылықтарын 
да  бағалай  алуы  керек.  Оқушыларға  екі  сөз  арқылы  бизнес-идея  ойлап  табу 
керек  деген  тапсырма  берген  кезде  ол  айтарлықтай  инновациялы  әрі  күрделі 
болып көрінеді. 
Шарт  күрделеніп,  команда  идеяны  жүзеге  қалай  асыру  керегі  жайлы 
ойланған кезде бастапқы идея өзгеріп, жеңілдей түсті. Бизнес-идеяны өздеріне, 
өз  мүмкіндіктеріне  шақтау  керек  болғанда  оқушылар  оған  көбірек  өзгеріс 
енгізуге  тырысу  керек.  Басында  идея  туындаған  сәттен  бастап  оны  біржола 
жүзеге  асырғанға  дейін  кәсіпкер  дәл  осындай  жолдан  өтеді.  Енді  сіздерде 
көптеген  әртүрлі  факторларды  есепке  ала  отырып  бизнес-идеяны  түрлендіру 
тәжірибесі,  сондай-ақ  бизнес-сарапшылар  тәжірибесі  бар.  Ойынның  бірінші 
кезеңінде «таблетка»  +«пернетақта» сөздерімен берілген тапсырманың мүмкін 
болатын жауаптарын түсінуге мысалдар беріледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет