Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет39/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   130
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы
1-мысал. 
  Таңдалған  сөзден  команда  бизнес-өнім,  яғни  әр  перне  басқан 
кезде  саусақтарды  тері  құрылымын  нығайтатын  дәрумен  мөлшері  бөлініп 
шығатын  микросаңылаулармен  жабдықталған  перне-таблеткалардан  жасалған 
пернетақта ойлап табуы мүмкін.  
2-мысал.
  Екінші  команда  таблеткаларды  қабылдау  ретін  есіне  сақтай 
алмайтын  адамдарға  арналған  пернетатқа  пернесінің  пішініндегі  таблеткалар 
ойлап  табуы  мүмкін.  Дәрігер  сырқатқа  «сауығып  кетіңіз»  пішініндегі 
таблеткалар  жазып  береді.  Сырқат  бірінші  күні  «С»  әрпін,  екінші  күні  «А» 
әріпін, т.с.с. ішіп тұрады.  
Сабақ соңында келесі сұрақтар қойыңыз:  
1.  Өз  идеяңыздың  бірінші  нұсқасын  соңғы  нұсқамен  салыстыруға 
тырысыңыз,  ең  маңызды  айырмашылықтар  неде?  Сіздің  бизнес  идеяңызды 
раундтан раундқа қалай өзгертуге болады?  
2.  Сабақтың  қорытындысын  шығарыңыз:  тапсырмадан  қандай 
тұжырымдар жасадыңыз?  
3.  Алынған  қорытындыларды  одан  әрі  пайдалана  аласыз  ба?  Қалай? 
Командалардың барлық кезеңде әр топ үшін әртүрлі немесе әр кезең үшін жаңа 
сөздер  емес,  барлық  кезеңде  ортақ  болатын  екі  сөзді  пайдаланғаны  өте 
маңызды. 
Қорытынды 


74 
 
Ойын  оқушыларға  бәсекелестік  қарым-қатынас  стратегиясын  құрудың 
қаншалықты  маңызды  екенін,  команданың  көшбасшысы  қандай  рөл 
атқаратынын және өз командасын жетістікке жету үшін қандай қасиеттерге ие 
болу керектігін көрсетуі керек. Сондай-ақ, олар проблемаларды шешу процесі 
қаншалықты оңай болмайтынына және командалық жұмыс пен бәсекелестердің 
іс-қимыл логикасын түсіну маңызды рөл атқаратынына көз жеткізе алды.  
Сонымен  қатар,  командадағы  басқа  ойыншыларға,  бәсекелестер  мен 
серіктестерге 
қатысты 
келіссөздер, 
қарым-қатынас 
және 
эмпатия 
дағдыларының маңыздылығы негізгі қорытынды бола алады. 
 
Ойындар және жағдаяттарды модельдеу 
 
Дидактикалық ойын –
 тартымды, өйткені онда оқыту, тәрбие және ойын 
элементтері  бар.  Оқыту  кезінде  геймификацияны  пайдалану  педагогикада 
ертеде  қабылданған  және  қазір  ол  кеңейе  түсуде.  Ойындар  адам  әрекетін 
шынайы  өмірде  сәтті  қолданылатын  белгілі  жағдай  рөлімен  модельдеуге 
мүмкіндік береді. Симуляциялық ойындар ойын жаттығуларына назар аударуға 
мүмкіндік  беретін  шындық  моделінің  кейбір  аспектілерін  жасайды.  Мысалы, 
екінші  тоқсанда  компанияны  тіркеу  процесін  зерттей  отырып,  ойыншылар 
әртүрлі  аспектілерден  абстракцияланады,  ал  ойын  барысында  құжаттаманы 
дайындаудың  және  белсенді  тіркеу  әрекеттерін  жүргізудің  мұқияттығы, 
қателерді  анықтауға  дайын  болу,  қайта  тіркеуді  түзету,  тіркеуші  орган  мен 
кәсіпкердің қарым-қатынасын талдау туралы түсінік күшейтілуі тиіс. 
Рөлдік  ойын 
нақты  бір  жағдайда  қандай  да  бір  тұлғаның  бейнесін  және 
мінезін  өлшеп  көруге  және  өзі  қалайтын  немесе  жобалайтын  мінез-құлық 
үлгісін  қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Рөлдік  ойын  кейбір  өмірлік  тәжірибенің 
кескіні  болатынына  қарамастан,  көп  жағдайда  импровизациялау  элементі 
байқалады. Рөлдік ойынның басты мақсаты қатысушыларға бұрын кездеспеген 
жаңа өмірлік жағдайда немесе уақиғада өздерін кескендеу.  
Рөлдік  ойындар  жағдайды  түсіну,  эмпатия  сезімін  тәрбиелеуге,  яғни 
процеске  жұмылдырылған  басқа  адамдардың  сезімдерін  түсінуді  жақсартуға 
ықпал етеді. Рөлдік ойын симуляциялық сияқты қысқа қойылымдардан тұрады. 
Олардың  ерекшелігі  қатаң  жазылған  сценарийдің  жоқтығы  және  жоғары 
деңгейдегі  импровизацияның  болуында.  Рөлдік  ойындардың  пайдалылығы  ол 
барлығы  тез,  әрі  болжамсыз  шынайы  өмірдегідей  болады.  Олар  жауап  беруде 
жеңіл  болмайтын  сұрақтар  қояды.  Мысалы,  қызметкердің  жүріс-тұрысының 
дұрыстығын  бағалайтын  аспектілермен  байланысты.  Қатысушылардың 
рөлдермен  алмасуы  жағдайды  кешенді  объективті  түсіну  үшін  жақсы  әсер 
етеді.  Қатысушыларды  ақпаратты  үнемі  және  сыни  түрде  қайта  ойлау 
қажеттілігін түсінуге бағыттау керек. 
Жағдаятты 
симуляциялауды 
(модельдеу) 
барлық 
қатысушылар 
қатысатын  кеңейтілген  рөлдік  ойын  ретінде  елестетуге  болады.  Бұл  өзіңді 
қауіпсіз  оқу  жағдайында  қиын  жағдайда  сынап  көру  мүмкіндігі.  Симуляция 
әдетте элемент ретінде эмоционалды еліктіруден тұрады. Оқу процесінде ақыл, 


75 
 
жүрек,  қол  тұтастықта,  бірлікте  қызмет  арқарады.  Барлық  жоғарыда  аталған 
әдістемелерде  және  осы  әдістемеде  қорытынды  шығарылады.  Ол  -  дебрифинг 
деп аталады.  
Бұл  жаттығу  барысындағы  қатысушылар  алған  сезімдерін  түсіну, 
әрекеттерді  және  оның  себептерін  талқылау,  қабылданған  шешімдердің 
дұрыстығын  бағалайды.  Мұғалімнің  міндеті  оқушылар  өз  өмірінен  өткізген 
тәжірибелерді  және  заманауи  өмірдегі  шынайы  жағдайлармен  параллель 
жүргізе алатын кеңістік пен уақытты ұйымдастыру.  
Рөлдік  ойындар  және  жағдаяттарды  модельдеудің  (симуляциялау) 
мақсаты  -  кәсіпкерлік  қызмет  жолындағы  қиындықтарды  жеңу.  Модельдеу 
шеңберінде  кәсіпкерлік  қызметпен  байланысты  жаттығулар  және  ойындарды 
орындай  отырып,  оқушылар  ішкі  сезімдер  және  эмоциялармен  жұмыс  істеуді 
үйренеді,  өздерінің  күшті  және  әлсіз  жақтарын  табу  мен  өздеріне  бақылау 
шаралар жасаудан қорықпайды. [16] 
Мысалы,  бір  нарықта  ұқсас  тауарлар  сататын  басқа  кәсіпорындармен 
бәсекелестік  жағдайын  модельдеу  арқылы  немесе  бизнес  менеджментінің 
барлық  аспектілеріне  қатысты  шешімге  жауапкершілік  қабылдау  немесе 
бизнесті  жүргізуді  модельдеуде,  оқушы  күйзеліс  жағдайына  түседі,  ол  ойлау 
тиімділігін немесе топ мүшелері арасындағы  коммуникацияны тоқтатады. Бұл 
шешімдер  маркетингтік  және  өндірістік  қызметке  және  т.б.  қатысты  өнім 
шығару және маркетинг бизнесті қаржыландыруға немесе шығындарға қатысты 
болуы мүмкін  және  процесс барысында оқушы кенеттен ойлаудың тиімділігін 
немесе  топ  мүшелері  арасындағы  комуникацияны  тежейтін  кейбір  стрессті 
сезінеді.  Мұғалімнің  міндеті  ойын/модельдеу/симуляция  өткізу  үшін  қолайлы 
жағдайлар  туғызу, 
дебрифинг
  шеңберінде  жаттығуларды  орындау  кезінде 
болған  барлық  болған  жайтты  талқылау,  мәселені  түсінуге  және  бірге  шешім 
қабылдауға жетелеу.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет