Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»


  Ойлау  дизайны  және  кәсіпкерліктегі  SWOT-талдау  әдісінің



Pdf көрінісі
бет41/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   130
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы
2.7  Ойлау  дизайны  және  кәсіпкерліктегі  SWOT-талдау  әдісінің 
сипаттамасы 
 
Дизайн  ойлау-  кейнгі  уақытта  қоғамда  жаппай  қолдана  бастаған  жаңа 
бағыт.  Алайда,  практикада  бұл  әдістің  қолдануына  50  жылдан  астам  уақыт 
болды.  Бұл  әдістің  ерекшелігі  -  әртүрлі  салалардағы  мамандарға 
пайдаланушылардың  қажеттіліктерін  түсінуге  және  олар  үшін  креативті 
шешімдерді  ойлап  табуға  көмектесетін  әмбебап  құрал  болып  табылады. 
 
Дизайн  ойлау  технологиясының  прототипі  1950-1960  жылдары  дамыған 
шығармашылық әдіс. Дизайн туралы ойлау тәсілі ретінде Герберт Саймон 1969 
жылы алғаш рет «The Sciences of the Artificial» кітабында жазған. Дизайн ойлау 
әдісі  1980  жылдары  тұжырымдалды.  Кейінірек  IDEO  негізін  қалаушы  Дэвид 
Келли дизайн ойлау әдісін бизнес қажеттіліктеріне бейімдей бастады. [18] 
Дизайн ойлау – бұл жаңа өнімдер мен шешімдерді құрудың ерекше тәсілі. 
Оның 
аясында 
болашақ 
пайдаланушылардың 
сұраныстары 
мен 


77 
 
қажеттіліктеріне көп көңіл бөлінеді. Жаңаны ойлап табу және дизайн ойлаудың 
негізгі принциптері: 
-
 
адамдардың тәжірибесін толық зерттеу; 
-
 
мәселеге біржақты қарау шеңберінен шығуға ұмтылу; 
-
 
әр түрлі мінез-құлық сценарийлерін және жаңа өніммен өзара  
әрекеттесуді есепке алу. 
Дизайн ойлауды қолдану салалары 
Бүгінгі таңда дизайнмен айналысатын мамандар бұл  дизайн ойлау әдісін 
–  әмбебап  құрал  деп  баға  береді.  Оны  барлық  жерде  –  мобильді  қосымшалар 
жасаудан бастап қоғамдық кеңістікті жоспарлауға дейін қолдануға болады. 
Дизайн-ойлау әдісі бойынша жұмыс кезеңдері: 
Эмпатия. 
(«Эмпатия» сөзі ол психологияда жанашырлық сезім, яғни өзге 
адамдардың  көңіл-күйін  өз  жаныңдай  сезіне  білу  деген  мағынаны  білдіреді.) 
Алдымен  сіз  адамдарды  не  мазалайтынын  түсінуіңіз  керек.  Олардың  әлеміне 
ену,  олардың  қажеттіліктерін,  қиындықтары  мен  мінез-құлқын  анықтау 
маңызды. Бұл пайдаланушыларды бақылауға, олармен сөйлесуге және тәжірибе 
жасауға көмектеседі, оның аясында сіз олардың орнына өзіңізді қойып немесе 
тәжірибе алмасуға тырысасыз. 
Фокустау. 
Ең  маңызды  мәселелерді  шешу  үшін  жиналған  ақпаратты 
өңдеп, талдау керек. 
Идея  тудыру.
  Мүмкіндігінше  көп  идеялар  ұсыну  және  таңғажайып 
ұсыныстарды  қарастырудан  қорықпау  маңызды.  Жеткілікті  бірнеше  нұсқа 
түрлерін  жинағаннан  кейін,  олардың  әрқайсысын  мұқият  бағалап,  ең  қолайлы 
түрін таңдауға көшу керек. 
Прототиптеу
Прототип  идеяңыздың  қаншалықты  жақсы  екенін 
түсінуіңізді тексеру үшін қажет. Оның физикалық көрінісін жасау арқылы (бұл 
макет,  сценарий,  презентация  болуы  мүмкін)  сіз  күшті  және  әлсіз  жақтарды 
көре аласыз. 
Тестілеу.
Дизайн 
ойлауының 
соңғы 
кезеңінде 
пайдаланушылар 
прототиптерді  тестілеп,  кері  байланысқа  түсе  алады.  Адамдардың  пікірлері 
сіздің  таңдаған  нұсқаңыздың  қаншалықты  олардың  мәселелерін  шешуге 
көмектесе алатындығын көрсетеді. Сонымен қатар олар шешімдерді жақсартуға 
мүмкіндік береді. 
Қажет  болған  жағдайда  бұл  қадамдарды  бірнеше  рет  қайталауға  немесе 
тапсырмаларды шешуге ең қолайлысын ғана қолдануға болады 
Дизайн ойлау жұмысындағы кемшіліктер 
Дизайн  ойлау  әмбебап,  проблема  тудырмайтын  құрал  болып  көрінуі 
мүмкін.  Алайда  бұл  олай  емес,  кейде  әдісті  жұмысқа  енгізу  сәтсіз  аяқталып 
жатады.  Wonderfull  зертханасының  негізін  қалаушы  және  серіктесі  Мария 
Сташенко  Medium.com  мақаласында  кейде  әдісті  жұмысқа  енгізу  сәтсіз 
аяқталады деп жазады. Бұның бірнеше себептері бар: 
1.
 
Команда пайдаланушылардың мәселелеріне біржақты қарап, шешім  


78 
 
шығаруды  ойдайды.  Бұған  жол  бермеу  үшін  түрлі  саладағы  мамандарды 
(дизайнерлер,  аналитиктер  мен  )  дизайн  ойлау  әдісімен  жұмыс  істеуге  тарту 
керек. 
2.
 
. Өзінің мәселелерін фактілермен растамай-ақ әдісті үстірт қолдану. 
Команда пайдаланушылардың мәселелерін фактілермен растамай-ақ бағалайды. 
Осыған байланысты финалда мақсатты аудиторияға қажет емес өнім алынады. 
Мұны мүмкіндігінше нақты зерттеу әдістерін қолдану арқылы шешуге болады. 
3.
 
Генерация кезеңіндегі идеяларды сынау. Бұл шығармашылық процесті  
баяулатады және көптеген жақсы идеялар жоғалады. Мәселені шешу үшін, 
брейнстормды бастамас бұрын, сынға тыйым салынады деп келісіп, оны қатаң 
қадағалау керек [19]. 
Сонымен қатар «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен оқу 
процесінде тапсырмалар мен жаттығуларды орындауда қосымша әдістемелерін 
ұсынуға болады. 
 
Графикалық әдістер 
Графикалық  ұйымдастырушыларды  қолдану  техникасы  ақпарат  пен 
идеяларды  қабылдаудың  визуалды  арнасының  аудио  рецептормен  (сіздің 
сөйлеуіңіз)  бірге  қолдануды  қарастырады.  Бақылауларға  сәйкес,  көрнекіліктер 
адамдардың  жалпы  санының  үштен  бірін  құрайды.  Идеяларды  бекіту, 
ақпаратты  ұйымдастыру,  қатынастарды  құру  үшін  графикалық  әдістерді 
қолдану түсіну процесін едәуір жеңілдетеді. 
Графикалар.
  Әлеуметтік-экономикалық  мәселелерді  зерттеу  кезінде, 
түрлі  формалар  мен  жағдайларды  қарама-қарсы  қою  және  салыстыру  үшін, 
қандай  да  бір  мәселенің  бірқатар  аспектісін  зерттеу  үшін  бірнеше 
салыстырмалы кестелер көмектеседі. 
Менталды  карта
  (mind  maps)  -  бұл  түйін  сөздерді  пайдалану  арқылы 
визуализациялау  әдісі.  Сондай-ақ  әртүрлі  түстерді,  ассоциациялы  суреттерді 
пайдалануға  болады.  Бұл  формат  идея  тудыруға  және  оны  табуға,  олардың 
арасында  байланыс  орнатуға  арналған.  Логикалық  ойлау  бейнелі  форматқа 
ауысады,  оқушылардың  тақырып  туралы  не  білетіні  мен  ойлайтыны  туралы 
тұтас  көрініс  қалыптастырады.  Кез-келген  менталды  картада  «түйін  сөздердің 
тармақтарын»  пайдаланады,  алайда  әртүрлі  түстер  мен  суреттер  қосу  арқылы 
оны есте сақтау құралына айналдыруға болады [20]. 
Кәсіпкерліктегі SWOT-талдау 
SWOT-талдау  –  қысқарған  Strenghts  (күшті  жақтары),  Weaknesses  (әлсіз 
жақтары), Opportunities (мүмкіндіктер) және Threats (қатер) ағылшын сөздерінің 
бас әріптерінен құралған.  
SWOT- талдаудың көмегімен бір уақытта белгілі заттың немесе шешімнің 
әртүрлі  сипаттары  зерттеледі:  қызмет  бағытын  және  сәйкес  келетін 
стратегияларын  анықтауға  көмектесе  отырып,  мүмкіндік  және  қауіп-қатермен 
бірге  күшті  және  әлсіз  жақтар  шешім  қабылдау  процесіне  әсер  етуі  мүмкін. 
Күшті және әлсіз жақтары талданатын мәселенің ішкі аспектілеріне жатады, ал 
мүмкіндіктер  және  қауіп-қатер  сыртқы  факторларға  жатады.  SWOT-талдау  – 
амал,  тәсіл/техника,  оның  көмегімен  күшті  және  әлсіз  жақтары  анықталады 


79 
 
және бизнес-жоспар, нақты әрекет немесе бизнес-идеяның мүмкіндіктері және 
қауіпі қарастырылады.  
Сондай-ақ ол тұрақтылықты сақтау элементі ретінде де қолданыла алады. 
SWOT- талдаудың негізгі мақсаты әр маңызды факторды табу және оны келесі 
төрт  категорияның  біріне  жатқызу:  кәсіпорындағы  жағдай  туралы  объективті 
көрініске  ие  болу  үшін  күшті  жақтарды,  әлсіз  жақтарды,  мүмкіндіктер  және 
қауіптерге жатқызу. 
 SWOT-  талдау  тиімді  шешімдер  немесе  бизнес-стратегияларды  дамыту 
кезінде пайдалы құрал болып табылады.  
SWOT  талдау  өздігінен  жасалмайды,  ол  әрқашан  қандай  да  бір  заттың 
басқа  бір  затқа  қатысы  кезінде  қолданылады.  (мысалы,  өнімнің  жаңа  нарыққа 
қатысы  бойынша  жинақ  талдау,  тұлғаның  басқарушы  лауазымына  қатысты 
жинақ талдау және т.с.с.)  
Мысалы: SWOT –талдау 
З
ерттеу аясында алдын ала компанияның жинақ-талдауы өткізілді. 
SWOT 
–  талдау
дың  көмегімен,  қазіргі  уақытта  компания  қандай  күйде,  қандай 
мүмкіндіктерге  ие  және  компанияның  даму  барысында  қандай  қауіп-қатер 
төніп тұрғанын анықтау.  
Кесте 3  
Күшті жақтары  
Әлсіз жақтары  
-
 
тұрақты клиенттік база;  
-
 
қаржы жағдайы орнықты; 
-
 
компанияның беделі жақсы;  
-
 
несиелік тарихы жақсы. 
-
 
филиалдық желі жеткіліксіз  
дамыған; 
-
 
ақпараттық жүйені қолдануда артта  
қалушылық. 
Мүмкіндіктер 
Қауіп-қатер 
-
 
клиенттердің жаңа тобына қызмет 
көрсету;  
-
 
компания беделінің орнығуы; 
 
-
 
бәсекелестердің  нарықтағы  үлесін 
жаулап 
алуының 
жаңа 
мүмкіндіктері. 
-
 
нарықтың дамуының баяулауы; 
-
 
жаңа бәсекелестердің нарыққа шығу  
қаупі; 
-
 
компаниялар арасында  
бәсекелестіктің күшеюі. 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет