Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет36/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   130
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы
 
 
Ойын «Жарнамалық акция» 


69 
 
Мақсаты:
  қарым-қатынастың  белсенді  стилін  меңгеру  және  топта 
бәсекелестік  қарым-қатынасты  және  сонымен  қатар  әріптестікті  дамыту; 
дербестікті,  шығармашылық  тәсілді  дамыту;  жарнамалау,  көз  жеткізу 
қабілеттеріне жаттығу.
 
Ресурстар:
 қағаз парақтары, фломастерлер. 
Ойын  ережесі:
  ойыншылардың  алдында  жаңа  өнімнің  -  «ЭХОПеН» 
қаламдарының  жарнамалық  науқанын  өткізу  міндеті  қойылған.  «ЭХОПеН» 
қаламы,  онымен  жазылған  барлық  нәрселерді  есте  сақтайды.  Одан  әрі  бұл 
ақпарат  дербес  компьютерге  жазылуы  мүмкін.  Өнім  енді  нарыққа  шығады, 
сондықтан әлеуетті сатып алушылар ол өнімді біле бермейді. 
Оқушыларды  5  топқа-фирмаға  бөліңіз.  Әр  фирма  өзінің  атауын,  ұранын 
және т.б. ойлап табуы тиіс. Оқушылар топтың ішінде рөлдерді бөлуі тиіс: біреуі 
баспадан шығатын жарнама дизайнын (парақшалар, плакаттар) дайындау керек; 
екіншісі – радио немесе теледидар үшін жарнама; үшіншісі Instagram-да жарық 
көретін осы тауар туралы пост дайындау керек. Әр рөлді бірнеше қатысушы да 
орындай  алады,  содан  кейін  олар  дизайн,  жарнама  және  пост  мәтінін  бірге 
дайындайды. 
Дайындық аяқталғаннан кейін топ өзінің тауарын таныстыруды ұсынуға 
тиіс. Сынып үздік таныстырылымға дауыс береді. 
Әр  топтың  таныстырылымын  тыңдамаса  бұрын  барлық  оқушылардан 
жобаны  табысты  таныстыру  критерийлерін  еске  түсіруді,  сондай-ақ  стартап-
жобаның  кезеңдерін  және  осы  тақырып  бойынша  өткеннің  барлығын  еске 
түсіруді  сұраңыз.  Табысты  презентация  критерийлерінің  кестесін  және  балл 
есептеу жүйесін құрыңыз. Командалардың таныстырылымы аяқталғаннан кейін 
қорытындыларды  талқылаңыз.  Неге  олардың  ойынша,  басқа  емес  дәл  осы 
команда жеңді деп санайды. Олар қандай қорытынды жасай алады? 
Дерек көз: http://storage.elib.mgup.ru/8/Zeldovich_11.pdf. С. 185-186 
 
Ойын «Креативті ойлауды қалыптастыру» 
Мақсаты:
  өткен  тәжірибелерден  бас  тартуға  мүмкіндік  беретін 
рефрейминг әдістемесін тәжірибеде игеру және зерттеу пәнін жаңаша, әр түрлі 
белгілер  бойынша  көруге,  ойыншыларға  ішкі  кедергілерді,  басқа  адамдардың 
алдында  қорқыныш  пен  сенімсіздікті  жеңуге  көмектесу,  ойын  барысында  әр 
түрлі  адамдардың  бір  мәселеге  қатысты  өздеріне  тән  тәсілдерінің 
айырмашылықтарын  көрсету,  проблеманы  шешудің  қазіргі  әдістері  мен 
тәсілдерін қарастыру. 
Ойыншылардың саны: сынып екіге бөлінеді. 
Ресурстар:
  ватман  парақтары,  бояулар,  қарындаштар,  фломастерлер,  түрлі-
түсті мата кесінділері, париктер және басқа да қарапайым театр атрибуттары. 
Ойын  ережесі:
  оқушыларға  «рефрейминг»  деген  не  екенін  түсіндіріңіз. 
«Рефрейминг»  -  бұл  басқа  мән  беру  үшін  жағдайға  көзқарасты  өзгерту. 
Рефреймингтің  мәні  -  түрлі  перспективалардан  немесе  түрлі  контекстерден 
заттарды көру. Рефрейминг - шығармашылық ойлаудың ажырамас бөлігі. Басқа 
адамдардың  шынайылығын  түсіну  үшін  әлемге  олардың  көзімен  қарауға 
үйрену  керек  —  онсыз  тиімді  қарым-қатынас  жасау  мүмкін  емес.  Белгілі  бір 


70 
 
сенсорлық  сезімталдықпен  үйлескен  сұхбаттасушыға  ашық  көзқарас  оның 
мінез-құлқының  негізінде  жатқан  біздің  дұрыс,  немесе  дұрыс  емес  деген 
пікірлерімізбен сәйкес келе бермейтін түсініктерді анықтауға мүмкіндік береді. 
Кез келген мінез-құлық, жағдай немесе оқиға рефреймингке ұшырауы мүмкін. 
Оқиғаның мәнмәтінін өзгерту арқылы оған жаңа мағына беруге болады. 
Топтарды  жұптарға  немесе  3  адамнан  бөліңіз.  Әрбір  шағын  топта 
серіктестер  10  минут  ішінде  бір-бірімен  өзі  туралы  ақпаратпен  алмасып 
сөйлескен  кезде  адамның  өзіне  жағымсыз,  кедергі  келтіретін  әдет  не  мінез-
құлқын  айтуы  тиіс.  Содан  кейін  10  минут  ішінде  жұптың  әрбір  қатысушысы 
сол  қасиеттерді  жақсы  жағынан  көрсететін  өз  көзқарасын  дайындау  қажет 
болады. Мысалы:  
-
 
баяу қимылдау терең ойлану және материалды асықпай жан-жақты  
зерделеуге  негізделген;  батылдықтың  жетіспеуі  -  өзін-өзі  қорғаудың  белгісі, 
авантюризмнің болмауы;  
-
 
жан-жақтылық ол өмірге деген қызығушылықтың көрінісі, білім мен  
біліктіліктің әмбебаптығына ұмтылу;  
-
 
идеал, туындыны ойлап табу немесе нәрселерді жасап шығарушы болуды  
білдіреді. 
Топтар  тағы  15  адамнан  бірігуі  керек  және  жиналған  қасиеттер  мен 
олардың  жағымды  жақтарын  талқылауы  керек.  Содан  кейін  олар  қайта 
ойластырылып  өзгерген  қасиеттерді  екінші  топқа  ән,  театр  қойылымы, 
монолог,  сурет,  комикс  және  т.б.  түрінде  максималды  жақындатып  көрсетуі 
тиіс.  Рефреймингтік  төңкеріс  күшті  болған  сайын  және  серіктеске  қатысты 
тапсырма эмпатиялық болған сайын, ойынның нәтижесі де соғұрлым табысты 
болады. 
Оқушылармен  мәселенің  қаншалықты  жаңа  қырынан  көрінгенін 
талқылаңыз.  Олар  бұрын-соңды  осындай  өзін-өзі  бағалау  мүмкіндіктері  бары 
туралы ойланды ма? Олар көрген нәрселеріне қалай қарайды? Тапсырма оларға 
несімен  ұнады?  Оның  қиын  тұсы  қай  жерде  болды?  Олар  серіктеспен  жұмыс 
істеу барысында және жолдасынан алынған материалдан өзіне не алды? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет