Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет34/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   130
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы
«мен  жауапты  адаммын,  өйткені...,  бұл 
мынадан  көрінеді...,  оған  мысал  ретінде...  келтірсем  болады.».
  Компанияның 
негізін  қалаушы  кім  сенімді  айтып  отырғандығын  байқауға  тиіс.  Әдетте,  егер 
қандай да бір қасиет әлсіз ашылған болса, кандидатқа ештеңе айтудың қажеті 
жоқ, ол мысалдар да келтіре алмайды. 
Үміткерлердің  сөздерін  тыңдап,  компанияның  негізін  қалаушы  (егер 
уақыт  мүмкіндік  берсе)  келесі  мәселені  шешуді  ұсына  алады:  «1,5  күн  ішінде 
1,5  тауық  1,5  жұмыртқа  туды.  3  күн  ішінде  3  тауық  қанша  жұмыртқа  туады» 
(Жауабы: 6-ға тең). Шешімге 3-4 минут беріледі. Содан кейін әрқайсысы кезек 
бойынша өз жауабын айту керек. Жауаптар әртүрлі болады: 3, 6, 9, шешім жоқ. 
«Есеп таза математикалық болғандықтан, оның бір ғана дұрыс шешімі болады. 
Сіз 5 минут ішінде ортақ пікірге келу керек», - деп айтуыңыз керек. Егер ортақ 
шешімге келмесе (бәрі өз пікірінде қалса), онда жауабы 6-ға тең деп айтыңыз. 
«Енді  6  деген  жауабы  барлар,  басқа  жауаптары  бар  адамдарға  қалайша  6 
шығатынын түсіндіреді». Қатысушылардың түсініктемелері мен реакцияларын 
қадағалап  және  үміткерлердің  бос  жұмыс  орнына  кім  келетіні  туралы  дәлелді 
қорытынды  жасау  керек.  Әр  адамға  бос  жұмыс  орнына  неге  бас  тартылғанын 
немесе келісімнің берілгенін түсіндіру керек. 
Ойынның қатысушыларынан ойын кезінде өз эмоцияларын айтып, қандай 
қорытынды жасағандарын сұраңыз. Жұмыс беруші қандай қорытынды жасады? 
Ол  үміткерлерді  іріктеу  кезінде  не  нәрсеге  назар  аударатын  болады? 
Қатысушыларға ойын несімен пайдалы болды? 
Дерек көз: https://hrhelpline.ru/30-igr-dlya-sozdaniya-komandy-igra-vozmozh/ 
 
Ойын «Компанияның ұжымдық құрылымын модельдеу» 
Мақсаты:
 ағымдағы ұйымдық құрылым мен бөлімшелер арасындағы өзара іс-
әрекет  процестерін  бірлесіп  ұғыну.  Ұйымның  қалай  жұмыс  істейтінін  жалпы 
түсіну және жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу. 
Ойын ережесі:
  қатысушылардың  әр  тобының  міндеті  –  кез келген  қолда 
бар  заттарды:  телефондар,  кілттер,  визиткалар  –  ой-қиялыңыз  жеткеннің 
барлығын  пайдалана  отырып,  олардың  бөлімшелерінің  ұйымдастыру 
құрылымын  және  өзара  іс-қимыл  сызбасын  құру  болып  табылады.  Ұзақтығы: 


67 
 
10-15  мин.  Әр  команданың  5-10  минут  аралығында  жасаған  шығармашылық 
нәтижелерін ұсынуын сұраңыз. 
Барлық  презентациялар  аяқталғаннан  кейін  қатысушыларға  келесі 
сұрақтарды талқылауды ұсыныңыз: барлық қатысушыларда ұйым туралы ортақ 
түсінігі бар ма? Келіспеушіліктер қайда жатыр? Қандай проблемалы аймақтар 
бар? Жұмыс тиімділігін жетілдірудің қандай нұсқаларын қарастыруға болады? 
Дерек 
көз:
https://hrhelpline.ru/poleznye-materialy-na-temu-kadrovogo-upravleniya-i-
liderstva/page/14/ 
 
Ойын «Жеке коммуникацияның тиімділігі» 
Мақсаты:
 басқаларды тыңдау және өз көзқарасының әділдігіне сендіру, тиімді 
қарым-қатынастың жеке тәсілдерін қалыптастыру. 
Қатысушылар саны:
 5 адамнан құралған топтар. 
Ойын ережесі:
 сынып 5 адамнан құралған топтарға бөлінеді.  
Әр  топта  ешқандай  жазбалар  мен  белгілер  жасамай,  бір-біріне  есіне 
қалғаны  бойынша  берілетін  мәтін  оқылатыны  хабарланады.  Осыдан  кейін 
шеңберде  бес  адамның  біреуі  қалады,  ал  төртеуі  есік  сыртына  шығады.  Оған 
келесі мәтін оқылады: 
«Бір  күні  Жиренше  ханның  үйінде  отырғанда  бір  адам  ханға  сыйға  бір 
піскен қаздың етін алып келген екен. Сонда хан Жиреншеге: 
—  Сен  сөзге  де  шеберсің  және  әр  нәрсенің  бәріне  де  шебер  шығарсың, 
мына  қаздың  етін  мен,  ханым,  екі  ханзада,  екі  қаныкей,  өзіңмен  жеті  адамға 
бірдей қылып бөлші, - депті. 
Сонда Жиренше ойланбай, пышағын қынынан суырып алып, әуелі қаздың 
басын кесіп алып: 
— Міне, сіз әрі хансыз, әрі халықтың басысыз, бұл басты сіз тұрғанда кім 
жейді? — деп, басты ханға беріпті. Екі аяғын кесіп алып, екі ханзадаға: «Сіздер 
атаңыздың ізін басып, хан боларсыздар»,- деп, екі ханзадаға береді. Екі қанатын 
кесіп  алып:  «Сіздер  жатжұртқа  барсаңыздар,  осы  екі  қанатпен  ұшып 
барарсыздар»,  -  деп,  екі  қанатын  екі  қаныкейге  береді.  Қаздың  құйрық  жағын 
кесіп,  бәйбішеге:  «Сіз  әрі  ханымсыз,  әрі  бәйбішесіз,  бұл  –  қаздың  жаясы.  Бұл 
жаяны сіз тұрғанда, кім жейді?» - деп, ханымға береді. 
—  Мен  бас  жейтін  хан  емеспін,  жая  жейтін  ханым  емеспін,  аяқ  жейтін 
ханзада  емеспін,  қанат  алатын  қаныкей  емеспін,  маған  қаздың  ортасы  да 
жарайды, - деп, қаздың бар етін алып, үйіне жүріп кетіпті». 
Содан  кейін  екінші  қатысушы  шақырылады,  біріншісі  оған  есте 
қалғандардың  барлығын  хабарлайды.  Үшінші  қатысушы  шақырылады  және 
т.с.с.  Ойын  шарты  бойынша  мәтін  барлық  бес  қатысушы  қайталанғанша 
жалғасады. 
Содан  кейін  әр  түрлі  топтардан  басқаларды  тыңдап  болған  соңғы 
қатысушыларға, өз мәтінін басқалармен бөлісуді сұраңыз және топтың барлық 
қатысушыларына  мәтіннің  түпнұсқасын  ұсыныңыз  немесе  оқыңыз,  оқушылар 
соңғы  мәтінді  түпнұсқамен  салыстырсын.  Қатысушыларға  өз  әсерлерімен, 
ойынның  қай  тұсы  пайдалы  екендігі  туралы  қорытындыларымен,  ақпаратты 
беру  және  табысты  коммуникация  туралы  қандай  тұжырымдар  жасауға 


68 
 
болатындығы туралы пікірлерімен бөлісуді ұсыныңыз. Топтарда қатысушылар 
осындай жағдайлардағы табысты қарым-қатынас ережелерін құрастырсын және 
топтар арасында өз ойларымен бөліссін. Бұл дағдының қай жерде қолданылуы 
пайдалы  болатынын  сұраңыз  және  жұмыста  тапсырманың  мәнін  түсініп,  өз 
ойын тұжырымдап жеткізу маңызды екеніне мән беріңіз. 
Ақпаратты  қабылдауда  қателер  пайда  болады,  себебі  қатысушыларға 
ұсақ-түйектерге  тым  көп  көңіл  бөлуіне,  ақпаратты  жүйелеуге  қабілеттілігіне, 
берілген  ақпаратқа  өз  түсіндірмелерін  енгізуі  кедергі  келтіреді.  Нәтижесінде, 
біз  ойлаған  нәрсе,  біз  айтып  отырған  нәрселерге  сәйкес  келмейді.  Ал  тыңдап 
отырған әңгімелесуші еститін нәрсе оның түсінетінімен және біз ойлаған және 
айтқанымен  сәйкес  келмейді.  Оқушылар  жетіспейтін  ақпаратты  өздері 
толықтырады, түсінбеген жерлерін алып тастайды. 
Дерек көз:
https://moluch.ru/archive/102/22416/ Упражнение «Слепое слушание» 
https://bilim-all.kz/article/3979


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет